Түзеу: Абзацтар қойылу керек


Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны



бет3/10
Дата24.12.2022
өлшемі173.38 Kb.
#467855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ботагөз диплом толық

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Діни тәжірибедегі деструктивті сана мен іс-әрекетті зерттеу. Адам санасының өзгерту және өзгеріс барысындағы жағдайларды қарастырып, ғалымдардың тұжырымдарына қарай талдау жасау. Жаңа культтік ағымдарға қарсы тұру шараларын қарастыру мен жалған ағымдардың қимылын анализдеу.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы: Зерттеу жұмысы барысындағы теориялар мен қорытындылар культтердегі діни тәжірибелердегің ерекшелігі мен санаға әрекет етуші психологиялық әсерлерді зерттеу мәселесіне мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының нәтижесін жоғары оқу орындарындағы дінтану, психология және жат ағымдар, дін психологиясы пәндері бойынша пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және алты бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


  1. ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ, ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ




    1. Деструктивті діни ұйымдар: жалпы сипаттамасы



Жаңа заман, өзге құндылықтар билеген дәуірде сырттан келер қауіп-қатер аз емес. Қоғам арасында бірнеше күрделі мәселелердің төңірегінде әлеуметтік арбаушылар да бар. Солардың бірі деструктивті діни ағымдар болып табылады.Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді.Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың/топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Деструктивті діни ағымдар барлық тарихи кезеңдерде қоғамды ыдыратушы құрал ретінде өз белсенділігін жоғалтпаған. Саяси мүдделер мен қаржыны мақсат еткен діни ағымдар бүгінде технологияның жетістіктері арқылы прозелитистік әрекеттерін жаһандық деңгейде жүзеге асыруға қол жеткізді.Мемлекеттің болашағы жастар екендігі ақиқат, алайда олардың діни сауатсыздығы және құштарлық сезімдері фанаттық сипатқа ұласып жатқандары аз емес. Бұл мәселе бүгінгі күні өте өзекті. Көптеген жастар бұл істің анық-қанығын білместен жалған діни топтарға ілесіп кетуде.Күрделі тақырыптар, диспуттар мен саяси аренадағы жағдайлардың араласуы мәселені шиеленістіріп жіберді. Ендігі кезекте «дәстүрлі дін» термині пайда болды. Бұл – әуелгі діннің болмысын ұстанып келе жатқан белгілі бір мекендегі діл мен дәстүріне біте қайнасқан сенім түрі. Мысалы, ҚР аумағында дәстүрлі деп ислам дінінің ханафи мәзхабы мен христиандықтың православиелік бағыты саналады. Яғни, бұл діни сенімдер бұрыннан қалыптасып, қоғам арасында орнығып қалған. Ал, өзге сенім мен жаңа бағыттар жат саналады. Алайда, 1990 жылдар көрсеткендей көптеген ағымдар мен ұйымдар саны күрт өскенін байқаймыз. Олар жаңа сенім, өзге кітап, емдеу мен бақсылық секілді жаңашылықты алып келді. Бақытқа жету жолында барын сарп еткен жандар осы секілді деструктивті діни ағымдардың тұзағына түсіп қалып жатты. Ой-сананы тазарту деп медитация жасап, науқасты емдейміз деп бақсылық қылып, бағыңды ашамыз деп сиқырмен айналысып адам баласын түрлі тығырықтарға тіреді. Батыс ғалымдарының зерттеуіне сәйкес күніне 300 мәрте медитация адам санасына зақым келтіретіндігіне көз жеткізді. Жоғары күш, ізгілікке жету мақсатында медитация жасайтындардың ешқандайда пайда алмағандығын, тек транс күйіне түсіп, санасын улайтындығы анықталды. Ал, бақсылық қылғандардың ауруды одан сайын ушықтырып, өлім тіпті мүгедек қылған фактор аз емес. Бақытқа жету мақсатында сиқырмен айналысқандардың өмірі одан бетер нашарлай түседі. Мәселе, сол әдіс немесе ұйымға деген байланыс пен тәуелділікте. Адам санасы бірте-бірте деңгейге сәйкес өзгере береді. Үмітке деген күдіксіз сенім адамды тәуелділікке алып келеді.Барлығымыз да үміт пен үрейдің ортасында жүрміз. Бақытты өмір кешу үшін барымызды сарп етіп, үміттенеміз әрі, ең сорақысынан сақтану үшін әрекет қыламыз. «Үміттің шырағы сөнбесін» дегенді ұрандатып, дінді сиқыр, таңғажайып көреміз. Осының кесірінен үміт зор да, әрекет жоқ[3].
Сыртқы көзге жақсы көрінеді демекші, өзге ақиқатты арқалаушылардың оқшауланып, топ болып жүретіндігін байқаған боларсыз. Бір мақсат, ортақ құндылықтар ұжымдылыққа баулып, топ мүшелерін бөлінуден сақтайды. Яғни, сыртқы ықпалдарды тәрк ету, қоршаған ортаны зұлымдық деп білу мен ұйымнан алыстауды қасірет деп тану секілді сенім орнайды. Өзгелерді жолатпайтын бұлар өздерін таңдаулы, ізгілер деп санайды. Тек ізгілер тәңірден келген ақиқатты қабыл алып, амал қылуда. Қалғаны қара түнекте жүр, бұл дүние тұзақ,-деген тұжырымды ұстанады.Жалған діндердің қызметі қоғам арасында үлкен қауіп төндіреді. Көптеген елдерде бірнеше ағымға тыйым салынғаны таңқаларлық емес. Өткен батыста жинаған тәжірибелер, жас мемлекеттердің діни сауатсыздығын пайдаланып XX ғасырдың соңында орта Азия мемлекеттерінде тарағаны кездейсоқ дерек емес.

Дәстүрлі діни сенім

Деструктивті діни ағымдар

Әуелгі бастауға негізделген заңдар

Харизмалы лидердің қағидалары

Отансүйгіштік пен қоршаған ортаға деген махаббатқа баулу

Өзге сенім мен дүниені қауіп-қатер көзі деп тану

Қоғам арасындағы мәселелерге толеранттылық таныту

Салт-дәстүр, ырым мен сенімдік жоралғыларды жоққа шығару

Басшыға бағыну, ел тыныштығын жоғары қою

Дін негізінде басқарылмаған заңға, мемлекетке төзімсіздік таныту

Бір қоғам болуға насихат ету

Бөлінушілік пен оқшаулану

Діни сауаттылықты арттыру

Діни білім ізденбеу

Өзге сенімдегі топтарға жанашырлық таныту және тәңірден медет сұрап, тура жолды нұсқау

Өздерін таңдаулы, ізгі ұйым санау. Басқа діндерге деген жеккөрініш пен агрессисның басым болуы

Діни ғұрып, жоралғыларды орындауда зорлық танытпау

Діни қызметте мідетті түрде ұйымның барлық мүшесі қатысу

Жоғарыда көрсетілген жалған сенім мен дәстүрлі дін арасындағы көптеген айырмашылықтар мен ерекшеліктерді байқауға болады. Иә, жалған топтар өздерінің мақсаттарына қарай әрекет етеді. Олар өз мүшелерін күллі әлемге жүйелі түрде қарсы қояды (отбасы, достары, әріптестері, мемлекеттік қызметкерлер, дәстүрлі діндердің ресми дінбасылары) олардың қателіктерін мазақ қылып, адамдық қадір-қасиетін төмендетеді. Нәтижесінде олармен жақын қарым-қатынасты шектеуге, ажырасуға дейін жеткізіп, осы бірлестіктің пайдасына жұмыс орнын, тұрғылықты жерін (қаланы, елді) өзгерту ұсынылады.


Деструктивті ұйымдар адам баласынан отансүйгіштікті түрлі тәсілдер және жалған дәлелмен алып қояды. Атап айтсақ - әнұран айту, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару, отан қорғауға және кез-келген мемлекеттік мерекелерді атап өтуге тыйым сала отырып, заңға бағынбауға шақырады. Осылайша «отау ішінен үй тігіп», қоғамды бір-біріне қарсы айдап сала бермек. Жат ағым жеке өмірдің көрінісін толықтай бақылауға алып, әрбір бөлшектері егжей-тегжейлі талқыға салынады. Отбасылық өмір мен отбасын құру жайлы, одан қалса кіммен және қай уақытта некелесу керектігін де талқылай бастайды. Осыдан бастап, жеке өмір мен түсініктің тоқтағанын ұғамыз. Одан ары енді, сіз үшін харизматикалық лидер шешетін болады. Бұл деген сіздің пікіріңіз аяққа тапталып, қадіріңіздің кеткені. Егер араларынан біреу жаңылып, қателессе – дереу ортақ талқыға салып, ауыр сөгіс жүргізеді.
Кейбір топтан шығып кеткен, өзге сенімдегілермен дереу байланысты үзеді. Белсенді түрде жаңа топ мүшелерін көбейту мақсатында барын сарп етуге дайын. Әлеуметтік, психологиялық және экономикалық мәселелер бойынша миссионерлік әрекетке барады. Егер көше бойында сізге жадырап, күлімсіреген біреу келіп компания немесе тауарларды сатып алуды ұсынса, бастарту қиын емес.
Егер өткіншінің сізге басыңыздағы ауырпашылықтардың шешемін, бақыттың кілті немесе ақиқаттың нұрын уәде еткен болса бастартуға қиын соғары анық. Бәрі де адам өмірінің мәнін түсінуде жатыр. Адасудың заманауи үлгісі ретінде – жастарға деген көп көңілдің бөлінуін айта аламыз. Себебі, қай қоғам болмасын басым көпшілігін құрайтын орта жастағы азаматтар. Санасы таза, тез қабылдауға ие, ақ пен қараны әлі жөнді ажырата алмайтын, эмоцияға берілгіш әрі фанаттық сезімі басым келгендіктен оларды бір әскердің сарбаздарындай тәрбиелеп, дайындайды. Көбінесе жат ағымдар осы жастардың септігімен сандарын көбейтеді. Күнделікті естіп жүрген – секта, деструктивті ағымдар, экстремистік топтар секілді ұғымдар санамызға жатталып, күрбелең өмірде әдеткі нәрсе немесе құдды бір «сізге қатысы жоқ» дүние секілді көрінеді. Сонда да, тапатал тұстан жау алмасына кім кепіл?!
Жалпы бұл ұғымдар түрлі мағына берсе де, барлығына ортақ сипат бар. Ол – сананың өзгеруі, дағуат (миссионерлік) және ұжымдық бірігу. Анығында, деструктивті діни ұйымдардың көрінісі көп және түрлі болып келеді [2]. Мына күрбелең тіршілікте адам баласына керегі - денсаулық, бақытты болу, жетістікке жетушілердің арасынан табылу. Осы келтірілген үш құндылықты басшылыққа ала отырып, өз миссияларын іске асыруда. Қандай культ болмасын, денсаулықты жақсартуды насихаттайтындығы анық. Мысалы: оккультті-мистикалық ұйымдардың бірі «ата жолы» («ақ-жол») ұйымы физикалық ауруларды бақсылық тәсілмен адам баласын сауықтыратынына сендіреді. Сол секілді, өзге де ұйымдар өздерінің қасиетті кітаптары немесе өткен ізгілердің көмегімен бақытсыздық пен науқасты емдеп шығатындығына кепілдік береді.
Бұл, шынымен солай ма? Әрине, уақыт көрсеткендей ол ұйымдардың қай-қайсы болмасын емдегеннің орнына ауруды одан әрі ушықтырып жібергендігі мәлім. Қаншама отбасы үй, қымбат әшекейлер мен өзге де бағалы материалдық заттарын сарп етті. Тіпті, өзінің жан-тәнімен қосып сол жалған сенімнің құлы болып кеткендер аз емес. Қызығы ол ұйымның жақтастары ұлт пен нәсілділікті айтпағанд әр түрлі топ өкілдері.Ол жерде бай, кедей, бұрындары өзге дінді ұстанған азаматтар, хат танымайтындар, танымал тұлғалар, тіпті екі-үш жоғары білімі бар азаматтар да кездеседі. Бұл деген адам санасының әлсіздігін байқатады.
Әлеуметтанушы, психолог әрі дінтанушысарапшы мамандарының зерттеулері нәтижесінде жат ағымның бірнеше түрге бөлінетіндігі, олардың мақсаттарының бірдей емес екендігі анықталды.Төмендегі кестеге сәйкес:



Жат ағымдардың классификациясы

Деңгейлері

Түрлері

Қызмет етуі бойынша



  • Діни;

  • Емшілік;

  • Мистикалық;

  • Психологиялық;

  • Экономикалық.

Шығу уақытына сәйкес

  • Классикалық ұйымдар;

  • Жаңа ағымдар.

Басқару түріне қарай



  • Теократия;

  • Авторитарлы;

  • Иерархия;

  • Харизматикалық топтар.

Діни ағымдар арасында нақты бөгеп тұрған тосқауыл жоқ. Белгілі бір ұйым теократиялық әрі авторитарлы сипатты өзінде көрсетуі мүмкін. Өзінде харизматикалы және психологиялық діни бірлестікті ұштастырған ұйымдар да кездеседі. Сол себепті де, жат ағымның түрі жеке өзіне қарай анықталады. Радикалды ұйымдардың жақтастары әуелгі діннің болмысынан алшақтап, өзіндік ережелерге деген қатаң бағынуды ұстанады. Мәселен, деструктивті ағымдар мен тоталитарлы топтардың ұқсастығы бар. Топ басшысы күмәнге келтірілмейді, жақындардан алшақтау, қоршаған ортаны қауіп деп тану. Яғни, жат ағымдардың түрлеріне қарай нақты бір басқару жүйесі немесе қызметі болады деген тұжырым қате. Сол діни ағымдағы киелі кітап, тоталитарлы ұйымда да бар. Сол емшілік, харизматикалы немесе теократиялы топтарда да кездеседі. Арбаушылардың тобы «өздерінің ғана ақиқат жолымен жүргендігі және тек солардың жәннатқа кіретіндігіне нық сенім» келтіреді.


Негізінде, дінтанулық оқулықтар мен ғылыми мақалалар жинағында жат ағымдардың жіктелуінде географиялық және тарихи болып бөлшектеуді көре бермейсіз. Алайда, дәл осы факторлар белгілі бір псевдоұйымдардың шығу себебі мен әрекеттегі нақты мақсаттарын анықтауға көмегін берері анық. Мысалы, адасушы топтардың қай уақытта, қандай елді-мекенде немесе қайсы бір оқиғаға сәйкес туындағанын білсек, сонда ол тармақтың жалпы болмысын ұққан боламыз. Әрине, тек географиялық себептерді алып қарастыру аздық етеді. Өткенге көз жүгіртер болсақ, қаншама діннің бөлініп, түрленіп кеткенін аңғаруға болады. Ал, осыған тарихи аргументті қоссақ онда екі бастау үйлесіп бір жалпыға ортақ жүйені көре аламыз. Бірақ, ескере кететін жайт – әрбір дін немесе ұйым табиғи заңдылыққа сәйкес түрлі топтар, тармақтар, бағыттар мен ағымдарға бөлініп кетуі орынды. Бұл жердегі ықпал қасиетті кітапты түсіну мен лидердің көшбастауында жатыр[33].
Көп жағдайда жалғанды ақиқатқа балап жүргендердің жыныстық қатынасқа үйір екендігінен хабардар болып жатамыз. Бұл кездейсоқ емес, тоталитарлы ұйымның аса қатты ережелері, харизматикалы лидерге деген ерекше құрмет және құбылған сана – істеліп жатқан амалдың дұрыс екендігіне ақтау болады. Күнделікті өмірде адам баласы өзін-өзі қаншалықты алдайтындығын аңғара бермейді. Көзге көріне бермейтін фактілердің бірі – псевдодіни ұйымдардың қоғамға ықпалын қарастырған уақытта әлеуметтік-саяси, экономикалық тұстарын ғана қарап қояды. Алайда, ішкі болмысты білсек, жүйесінен хабардар болсақ бір қадам болса да алдыда болар едік. Діннің негізгі және ең басты мықты мүмкіндіктерінен – сенім. Дін болса бұл сенімді жүйелі, мақсатты, материалды және энергиялы түрде дүниенің өзге тараптарын қадірін келтіреді. Дәл осы руханилық – адам болмысы мен мәні.
Демек, қоғам мен мемлекет. Рухани қуатсыз әлемдік үстемдік бос қалады, нақты рухани үстемдік биліктің шынайы мақсаты. Рух деген, дін саласы. Міне, сондықтан маңызды әрі қазіргі кезде аса өзекті. Заманауи тұлға көпшілік ішінде аса діндар емес. Діндарлық болмысында – адамның құдаймен байланысы. Бірақ, заманауи адамға діндарлық, сенім, тәңірмен байланыстың не керегі бар? Осы уақытта діндарлардың тақуалығы төмен екендігі, не сенерін я, сенбесін білмейтіндер көп. Адам баласының болмысында өз-өзінің ішкі руханиятында қасарысу бар. Бірі нақты сенім десе, екінші бөлігі дәлелді ештеңке келтіре алмайды. Өз-өзінің бағытын, құндылықтарын, мақсатын түсінбеген қоғам белгісіз бағытқа жөнелді. Дін қоғамның бір бөлшегі және ол бөлініп кете алмайды. Дін - құдаймен байланыс жолы. Демек, бұл құбылыс жалпыға бірдей емес, бәлки жеке – құдайға сенім келдіргендер ғана. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж[3].
Өмір жолында кез-келген қиындықтар, мәселелер мен бірнеше тақырыптар кездесері анық. Діни салт-жоралғылар, ғұрыптар мен ақиқатты қабылдауды әрине индивит өзі жалғыз орындай алмайды, бәлкім оған мәңгі серік болар күш керек. Ол күшті – құдай немесе тәңір береді. Мұңын, қиындық пен қуанышын бөлістін де, сиынып, ғибадат қылатын да объект жаратушы. Әр сенімде жаратушы, құлшылық иесі түрлі образда, қилы сипатта, бірнеше есімдермен таралған. Руханилық өз бастауын дін саласынан алады. Демек, бұл өз алдына болмыс, ықпалы қуатты жүйе, аса мықты күш формасы. Сол себепті де, осы уақытта қайта жанданған, аса маңызды, ерекше көңілді талап етеді және өте өзекті. Сенім ол - әдеп, мораль, адамгершілік, махаббат және этика. Сенімсіз қоғам жоқ, қоғам бар жерде діннің болмауы мүмкін емес. Әлеуметтік ортада әр тұлғаның мұқтаждығын қамтамасыз ету немесе қанағаттандыру мүмкін емес. Мәселе түрлі тақырыптар мен салаларға ыдырап кете береді. Сонда да, барлығының басы тек дінде яки сенімде бірігетіндігі хақ. Себебі, физикалық, моральді немесе психикалық жәрдем керек кезде пана сұрар жеріміз құлшылық. Ал, құлшылық өз кезегінде құдайға жеткізеді.
Әлеуметтік-экономикалық және тұлғалық рухани мұқтаждықтарды қандыру мақсатында адам баласы бас сауғалар жер немесе көмек қолын берер орын іздейтіндігі рас. Күнделікті қаншама адамның өз қиындықтарын шешуде психикалық күйзеліс, қақтығыстарға соқтығысатыны анық. Ол уақыт келе аса қауіпті күйзеліс түрі, депрессия, апатия, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға әкеліп жатады. Жақындарының назарынан тыс қалған жан деструктивті ағымның құрбанына айналады[5]. Ол сіздің жақын жанашыр, мұң-мұқтаждығыңызды бөлісуге даяр, әрдайым сізге қолдау көрсетіп, үлгі тұтар пірге айналады.
Нақты жоспарланған, жүйелі түрде өтіп жатқан әрекет уақыт өте келе психологиялық байланысқа, артынша тәуелділікке апарып соғады. Оратырлық, харизматикалы лидердің сөзі сіз үшін заңға, ал бұрынғы құндылықтар бағасызданып, жақындардан алшақтап, жекелей бере қоршаған ортаны қауіп көзі деп тануға әкеледі. Лезде өмір салтының ауысуы, құндылықтардың құнсызданып, өзге ақиқаттың фанаттық ұстанушысы бола қаласыз. Бұл әрине кездей соқ емес. Жоғарыда келгендей жақындарының назарынан, көз қарасынан біршама уақытқа жырақта қалудан басталады.
Адам баласы нейропсихологиялық робот ретінде, әрдайым эмоция мен сезімдерді бастан кешіруді жүзеге асырады. Қажетті сезімдердің, көңілдің жеткілікті дәрежеде жетпеуі тұлғаны өз-өзінен шайқап сала береді. Ондай жан қамқоршысын сыртқы ортадан іздейді. Мысалы, әкесіз өскен қыздар немесе әке мен ағаларының жылуын білмейтін қыз баласы жасы келе берген сайын жанағы сәби кездегі психикалық зақым әсер ете бастайды. Жылулық, махаббат, қамқорлық жетпеген соң оны сырттан іздейді. Ол бәлкім досы немесе қатынастағы махаббат деп білген жұп. Тіпті, сезімдеп жыныстық қатынасқа да баруы мүмкін. Кенеттен жүкті болу, вич, спид секілді аурудың жұғуы одан қалса сексуалды құлдық яки, тәуелділікке немесе болашақтың бұлыңғырлығына апарады. Бұның аяғы «дүбәра ұрпақ» ұғымына алып келеді.
Енді жалған діни ұйымдардың осы секілді арнайы объектілерді таңдауы қасақана жасалынады. Оларды өз мақсаттарына қолдану үшін мұқият, тиянақты түрде сананы өзгерту процесін жүргізеді. Ескере кету керек, жалған ұйымдардың мүшесі бұрындары өздері де жаңадан арбалушы болған. Олардың да өз өтірігіне өздері алданып жүруі әбден мүмкін. Күрбелең тіршіліктен шаршаған жандар тыныштықты, сәттілікті жоғары күштен іздейді. Мына асығыс қоғамда барлығы дереу бола қалса деген ниетпен бейсаналы түрде қоғамда әлі де сиқырға, емшілікке сенетін адамдар бар. Өздерінің бақытын, дертін емдеу, сиқыр арқылы шешкісі келіп, дереу нәтижеге жете қалсам деген айлаға барады.
Алайда, осының астарында қаншама шешілмеген қиындықтар мен кикілжіңдер бар екендігін аңғара бермейді. Тек сиқырдың құдыретіне сеніп отбасы құрмастан, мүгедектікте қалған қаншама жандар бар. Сол жалған үміттің артынан еріп, үрейден ешқайда бас қарата алмай жүр. Емшілік атын жамылып транс, бизнес ортасы болып кеткен қаншама ұйымдар бар. Жалғанды жалпағынан басып, өздерін «әулие», «пайғамбар», «құдай» санайтындардың тек арбаушы, алаяқ екендігі анықталып жатады. Оларды сараптамалы дінтану тілімен айтар болсам – «жан аулаушылар». Балық аулауға шыққан балықшылар ұқсап, олар да өз құрбандарын ұзақ уақыт зерттеп, бақылап, қадағалап барып қана уысына түсіреді.
Жеке сараптамалық зерттеуімнің нәтижесінде қоғам арасында мистика, сиқыр мен емшілікке сенетіндердің қатары аз емес екендігі анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел адамдардың параллелді ортаға сенетіндігі басым. Ер азаматтардың саны өте аз. Мәселен, діни тәжірибеде жүрген азаматшалар немесе діндарлардың өзі «мистикалық оқиғалар», «экстрасенстер қақтығысы», «аян, дала аңыздары» т.б. секілді оккультті-мистикалық бағдарламаларды жиі тамашалайды. Қате түсініктерді надандық пен өзімшілдікті жасырудың ең қауіпті түрі ретінде әшкерелеу-кез-келген ақиқат үшін күресушінің қажетті және міндетті шарты. Бірақ, бір нәрсені түсіну керек – ол жалғанның көп, ақиқаттың жалғыз екендігі [4. 32 бет].
Біз діни адасудың мәнін ашып көрсек. Діни адасушылық немесе көрсоқырлық түрлері өте көп және бірнеше сипатта көрінеді. Діни факторлерді мүлтіксіз ақиқат деп тану, жоғарғы күштен әрекетсіз көмек күту, тәңірге деген адалдығын адами құрбандық арқылы дәлелдеу, үздіксіз әрі мағынасын түсінбестен жасалған құлшылық, өзінің таңдаулы немесе ізгі тұрғысында маңызды екендігіне аса бағалау, фанаттық-көз ашпастан еру, өзін-өзі азаптау (тақуалыққа жету мақсатында асыра амал қылу), қорқыныш пен үрейлердің ортасынан шыға алмау, ғылым мен адам жетістіктерін мойындамау және т.б.
Иә, қарап отырғанымыздай әр нәрсенің байыбына бармастан, жеңіл әрі беткі жағын қарай салып, фанаттық сезімге берілудің арқасында адам баласы жалған жолға ілесіп кете береді. Егер сіз белгілі бір құпияны сақтаушылардың барына және олардың арнайы шарттарға сәйкес сол жасырын құпияны жария ететіндігіне сенсеңіз, онда сіз тек адасып қана қоймай, жалған діни ағымға түсу қауіпі жоғары. Себебі, дәл солар сіз іздеген жасырын құпияның тек өздерінде екендігіне көндіреді. Жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес діннің өте нәзік, өзекті әрі нақты фундаментальді білімді қажет екендігін аңғарамыз.«Жаңаның бәрі – жақсылап ұмытылған ескілік» демекші, діни ағымдардың таралуы және іс-әрекеттері бұрыннан қалыптасқан. Өзге дін қалыптасып, дамып кейін ыдырағаны секілді сипаттарды қазірде көріп жүрміз. Жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес, әр діннің бөлініп шығушы тармақтары немесе қарсы келуші топтары болады.
Әр сенімнің үміті мен үрей күші болады. Жәннат, ізгілер мекені, таңдаулылар шаһары немесе осыған керісінше тозақ, тамұқ, азап орны т.с.с. Үрей мен үміт адам баласының шектеуші факторларының бірі. Мәселен, діндар адам құдайдың қаһарынан қорқып игі іс істеуге тырысады. Ол даңдаулылар қатарында болу үшін ғибадатқа аса мән беріп, ерекше құлшыныспен орындайды. Тозақтан құтылайын деп күнәлі амалдан аулақ болады. Барлық дінде жақсылыққа үгіттеп, зұлымдықпен күреседі. Алайда, бұл процес жат ағымда өзгеше жүреді. Жалған діни ұйымдар тозақтың түсінігін дәстүрлі дінмен салыстырғанда өзгеше жеткізеді. Таңдаулылық, ізгілер мекенін де асыра күшейту арқылы көркемдеп баяндайды. Өздерінен жырақтағылардың мәңгі азапта, құлағандар, төменгі таптағылар деп төзімсіздік танытады[15].
Өздеріне келгенде ізгілер, қасиетті мекеннің иелері, таңдаулылар, жоғарғылар деген атау мен дәреже береді. Бұл жай ғана айтылып, сол жерде қалатұғын сөз емес. Әу баста арбалып келгендердің толық санасы өзгергенше жүре беретін тәсіл. Адам баласына әрдайым жаңа ақпарат, сезімдер мен қоршаған орта әсер ететіні ақиқат. Үміт пен үрейдің деңгейін көтеру немесе қуаттау үшін соңғы күн, ақырзаман, армагеддон секілді ұғымдар шығып отырған. Осы арқылы адамның амалы дереу әрі кідіріссіз жүреді. Сенімін күшейтіп, өз-өзіне есеп беріп, шыңға жеткісі келеді.
Заманауи қоғамда түрлі тренингтер қаптап кетті. Иога, босаңсу, психологиялық секілді жиындар, отырыстар, семинарлар бір қарағанда жай көрінгенімен де, астарында сананы өзгерту жатыр. Бизнес тренингтердің өзінде қаншама жиындар бекер, еш пайдасыз, босқа шашылуға әкеледі. Тренинг, семинарлар, жиындар бірте-бірте босаңсуға кейін транс күйіне түсуге әкеледі. Жетістікке жету үшін «қолайлы ортадан шығу керек» дейді де, оқу орны, жұмыс істейтін мекемені, араласатын ортасын өзгеру үшін тастап кеткендер жоқ емес.
Олардың келтірген мысалдары, дәлелдері мықты, көздің нұрын аларлық болғанымен бір саусақтары бүгулі жүреді. Мысалы, Илон Масктың жетістігін үлгі етсек. Оқу орнын тастап, жеке кәсіп ашып, арманына жетті. Бірақ, көпшілік «айдың қараңғы тұсын» біле бермейді. Ол тұлғаның әкесі, шешесі, туыс-туғандары үлкен кәсіпкерлер мен алып бизнестің директорлары. Сол секілді өзге жұлдыздар, бизнесмендер, әлемге аты танылған тұлғалардың «тиын екі тарапты» болғаны секілді, екінші тұсы бар. Ол адамдардың істегені сол бір сәтте келген мүмкіндік, ол мүмкіндікті басқасы істей алмайды.
Ендігі мәселе, деструктивті, тоталитарлы ағымдар немесе харизматикалы топтардағы жағдайларға келсек. Алғашқы сұхбат барысы сіздің қызығушылығыңызды оятатын, сескендірмей, үркітпейтін деңгейде басталады. Демалып отырған жеріңізден күлімсіреген, ашық жүзді, мейірбан кісі келіп көмек сұрайды. Я, болмаса бейтарап тақырыпты қозғай жөнеледі. Сіздің ақпаратсыздығыңыз, сенімшілдік пен аңғалдығыңыз ол тарапты адамның хабарын жақсы қабылдауға итермелейді. Егер сұхбаттасушы қарама-қарсы жыныстағы тұлға болса, онда мәселе күрделене түседі.
Статистика бойынша, қарама-қарсы жыныстағылар сезімнің арқасында тақырыптар немесе қызығушылыққа терең кіреді. Бәлки, ол сіздің таныс жораңыз, құрбы-құрдас, алыс туыс болуы мүмкін. Жақындарыңыздың қамқорлығы мен назарынан тыс қалудың арқасында жаңа дос, жанашыр тапқан боласыз. Әрине, ол сізді өзімен бірге бір қызықты жерге апарғысы келетіндігін жеткізеді. Кейін, ерекше ақпараттар мен жасырын құпиямен бөлісетіндігін тілге тиек етеді. Осылайша адасушылар қатарына қосылғандар жалғанның жолында жүргендерін аңғармастан өмір кешуде [5].



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет