Түзеу: Абзацтар қойылу керек


Деструктивті діни ұйымдардың миссионерлік қызметі



бет5/10
Дата24.12.2022
өлшемі173.38 Kb.
#467855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ботагөз диплом толық

Деструктивті діни ұйымдардың миссионерлік қызметі



Кез-келген немесе маңызы аз қызметпен айналысу үшін алдымен оның әдістемесін игеру қажет. Дін таратушы рөлі мен миссионерлік қызмет тақырыбы діндер тарихын зерттей бастағанда қозғалады. Әр сенімнің өз дағуатшысы бар, мысалы: айқыш белгісі бар сенімде – Иса мәсіх, ислам дінінде – Мұхаммед. Нағыз уағызшы, насихатшы болу үшін шынайы сенім аздық етеді, сондықтан ерекше сендіру мен үгіттеу қабілеті қажет[10, 27 бет]. Христиандық сенімінде нағыз уағызшы, дін таратушы деп – апостол Павелді таниды. Оның дінді жеткізуі, қасиетті рухтан бата алуы мен өзге дін өкілдеріне сенімін жаюы үлгі тұтарлық. Ислам сенімінде пайғамбардың достары, дін иелері, әуелгі ізгілер атанған асхабтары кейінгі ұрпаққа дін жолын жеткізіп, әлемге де таратқан. Олар әлемге сенімімен ғана емес, амалдары мен көркем мінездерімен де үлгі бола білген. Буддалық Сиддхартха Гаутаманың ақиқатты тануы мен дінінің әлемдік атануы кездейсоқ емесі анық. Барлығы да, уағыз-насихаттың арқасы. Дағуат-насихат, миссия, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару. Әрбір діни сенімнің мақсат мүддесінің ішінде осы тақырыптар қозғалатыны анық. Жат ағымдар да бұдан алшақ емес. Өздерінің сенімін жаю үшін кез-келген әдіс қолайлы деген ұранды алға тарта біледі. Миссионерлік сөзі «миссия» деген түбірден алынып, латынша missio - жолдау, бұйрық, арнайы мақсат деген секілді мағына береді. Миссионерлік жұмыстар әртүрлі және мақсаттары да бір келкі емес. Мәсіхшілдік ұйымдар көбіне ішкі мақсатқа негізделіп, қауіп мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Ал, мұсылманшылық сенімнің ағымда көпшілік тармақтар «халифат», «ислами мемлекет» құруға негізделеді. Ал, өзге культтер мен адасушы топтардың мақсаты қаржылық, емдік сенім жүйесіне негізделген. Мәселен, «ата жолы», «алля аят» секілді окультті-мистикалық ұйымдар ешқандайда халифат, төңкеріс емес бәлки қаржылық мақсатта емдік, тылсым дүниені пайдалану. Алайда, кез-келген діни сенімнің өзгеруі, түрлену заңдылығын ұмытпау керек. Олар да мүмкін келешекте бағытын басқа тарапқа бұру ықтималдығы жоқ емес. Нақты миссионерліктің шыққан уақыты белгісіз, алайда кез-келген діни сенім дағуат-насихатсыз өтпеген. Ақиқатты жеткізу мақсатында Ибраһимдік діндердің қаншама пайғамбарлары мен елшілері «иләһи» жолда жан құшқандығын киелі кітаптардан көре аламыз. Қаншама гурулар, ұстаз бен құдай жіберген басшыларының хақ жолды жеткізудегі жүріп өткен жолы мен көрсеткен төзімділігіне таңқалып, қарап бас иерлік. Сонда ол дағуатта не бар? Не үшін олар осынша жол жүріп, күресіп, сабыр мен қуғын-сүргіннің арасында жандарын құрбан еткен? Бірінші, миссионерліктің тек христиандыққа қатысы бар деген ұғымнан айырылайық. Ғаламтор көздерінде мсиисионерліктің мәсіхшілдікке ғана қатысы бардай, іздеуге салсаңыз христиандық сайттар мен блоктар шығады. Анығында, кез-келген діни сенімде дағуат жүреді және бұл процесс тәңір бұйрығын жүргізу деп сенеді. Бірнеше ұйымдарда арнайы адамдарды дайындаса, өзге топтағылардың барлығы дерлік атсалысады. Діндардың діни тәжірибесін алға қойып, оның діни санасы мен ғибадаты ерекше сезімді оятады. Ол құлшылық арқылы жаратушысының рақымын алу мақсатында яки топ жетекшісінің харизмалық күші арқылы белгілі бір эмоцияға беріліп, таңдаулылық сезімі оянады. Ізгілер атын жамылған топтар ішінде ол да өзін хақиқат жаршысы санайды. Яғни, дағуат пен насихатты тарату немесе ұйым мүшесінің санын көбейту тәңірдің разылығына жету деп санайды. Жоғарыда айтылғандай топ лидерлері де, бұрындары жат ағымның құрбандары болған. Бұл дегеніміз, олардың да ақиқат деп танығаны адасу. Бәлкім, олар шындықты білмейді, тек өз-өздерін сендірген. Үрей мен қорқыныш және үміт шырағының сөнбеуі өз ісін жүзеге асырады. Асылында, культ қызметкерлеріне өздерінің көз-қарастарын жастар арасында тарату ыңғайлы әрі тиімді. Әсіресе, аты ғана дінді білуші немесе киелі жазбалармен таныс емес жұртшылық ішінде өз сенімін тарқату нағыз мықты тәсіл. Олар көп жағдайда дәстүрлі саналған діндердің атын жамылып, кейін өздерінің мақсаттарын санаға құю береді. Тіпті, экстремистік пен террористік ұйымдарда алғашқы қадамда жақсылық пен «бәрі біздің бауырлар» ұранын алға тартады. Мухаммад ибн абдуль-Уаххабты еске түсіріп көрейікші: әу баста өзінің пікірін белгілі ғалым ибн Таймияның тұжырымымен негіздеп бастады. Өз мұратына жету мақсатында кез-келген іс-әрекетін доктрина негізінде дәлелдеп, өзін ақтап алу үшін барлық әдіс-тәсілге жүгінді. Тарих беттерінде белгілі болғандай, ол – мұсылмандардың қанын төгіп, исламнан тыс сенімдегі азаматтармен бірікті. «Хизб ут-тахрир», «әл-Каида», «ат-Такфир» секілді террористтік ұйымдардың барлығы өз жақтастарын жинау үшін әр адамға жекелей жұмыс қолданады. Көп жағдайда сотты болған, түзеу мекемесінде жазасын өтеудегі немесе тағдырына балта шапқан азаматтарды арнайы таңдайды. Олар суық қанды, түрі қаһарлы, мейірім жоқ адам атына сай емес жаратылыстар. Олар үшін мораль мен адамгершілік ештеңке емес, құр бос сөз.
Олардың «желілік маркетинг» тәрізді тәсілдері адамды өздеріне баурап алып, тәуелділікке бастайды. Миссионерлік қызмет дәстүрлі емес культтердің таралуының негізгі көзі екені анық. Мұның бәрі миссионерлік қызметті зерделеу қажеттілігіне әкеледі. Дағуатқа арналған жобаларды жаһандық ауқымда қарастыра отырып, бүкіл елдер немесе жердің аумақтары миссионерлік үшін ерекшеленетінін көруге болады. Басқа діндер де өздерінің миссионерлерін бүкіл әлемге жібергенімен, христиан уағыздаушыларының қозғалысы ең танымал және жаппай болды. Барлық христиандық конфессиялардың миссионерлері Матай Інжілінен үзінді келтіреді, онда қайта тірілген Ғайсаның өзінің ізбасарларына: «сонымен, барлық халықтарды үйретіңіз», - дейді [11. Мф. 28:19-20]. Бұл інжілдің үзіндісі көптеген миссионерлерге «ұлы насихат» деп танылады және мәсіхтің соңғы әмірі. Мұсылман миссионерлерінің функцияларын көбінесе мұсылман саудагерлері атқарды, ал сопылықтың дамуымен – сопылар. «Миссионерлік әрекет» - бұл ең алдымен құдайдың адамзат тарихында болуының дәлелі, ал миссионерлік қызметтің өзі, әуелі діннің таралу табиғатының көрінісі. Әдістер әрқашан белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалады. Христиан шіркеуі үшін тіршіліктің ортақ мақсаты - адамзат тегін құтқару және аспан патшалығының жету. Ал, ислам дінінің мақсаты Алла мен пайғамбар айтқан «дін – насихат» секілді асыл сөздерді ұран қылып, раббысының рақымы мен пайғамбарының шапағатына жету мақсатында, әрбір мұсылман бауыр деп амал етеді. Діндердің өмір тарихын бақылай отыра көзіміз дін жеткізу үшін қолданылған бірнеше әдістерге түседі. Соның әуелгісі, әрі негізгісі - уағыз-насихат жүргізу. Адам баласы бір ақпаратты оқығаннан қарағанда тыңдағанды жақсы көреді. Себебі, ол ыңғайлы және жағымды болып келеді. «Жаяу жүріп, аспан Патшалығы жақындағанын уағыздаңыздар» [11. Мф. 10:7]. Иса мәсіхтің бұл өсиеті миссионерліктің әрі ізгіліктің нышаны деседі. Игі хабарлары мен Ғайсаның өсиетін, соңғы күн мен құтқарылуды таратқан. Уағыз жүргізу қазіргі заманда да өзекті, әрі ыңғайлы тәсіл. Мұсылманшылық сенімін ұстанған азаматтардың алтын ғасырда асхабтар мен оларға ергендердің қалай дінді жайғандығынан бейхабар емес. Көркем мінез, жұмсақтық әрі патшалардың саяси сауаттығы елді таң қалдырды. Екінші тәсіл – жағайыптар, кереметтер мен мистикалық дүниелер. Естеріңізде болса «иеһоба куәгерлері», «таблиғи жамағат», «ата жолы» секілді түрлі топтар мен діни ағымдар өздерінің сенімін жеткізу барысында түрлі ақылға симайтын оқиғаларды келтіреді. Басын канондық, дәстүрлі сенімге сай бастап, соңында өздерінің идеологиясындағы мәнді тықпалдайды. Мәселен, Ибраһим пайғамбардың отқа күймеуі секілді тақырыпты бастап, аяғында өздерінің бастарынан немесе естіген таңғажайыпты айтып сендіргісі келетін «таблиғи жамағат» мүшелерінің ертегісін естіген боларсыздар. Одан қалса, «иехоба куәгерлерінің» жыртқыштың апанына түскен Даниил пайғамбардың аман қалуы іспеттес інжілден мысал келтіріп, өмірде біреулердің аурудан сауығып кету немесе бақытын табу жайлы тақырыппен қызықтыратыны бар. Ал, «ата жолы», «алля аят» секілді оккультті-мистикалық топтардың келтірген оқиғалары мен дәлелдері ақылға қисынсыз. Сонда да, бұған сенетін адамдар бар. Бәлки, денсаулық, бақытты болу мен дінді мистикалық дүниелер мен сондай әлем қылып көрсету адамды сендірмей қоймайды. Келесі методика – көркем мінез. Сидхардха Гаутаманың ақиқатқа жетудегі жолы, Ғайса мәсіхтің күллі адазат үшін құрбан болуы мен Мұхаммед Мұстафаның өзге діндегі адамдарға деген қарым-қатынасы дүниені дүр сілкіндіріп, бәрін де игі әрі адамгершілік мінездің алдында тізе бүктіріп, мойындатқан болатын. Уағыз-насихат әрдайым сәттілік әкелмейді. Кейде миссионерлер өздерінің сенімдерін қабылдатқысы келетіндер бұл әрекеттерді қабылдамайды, тіпті оларды өлтіріп жатады. Негізінен адам баласын дінге - сырқаттар, қиындықтар мен жақындарының өлімі немесе дәстүрге еру алып келеді. Дінді түсінбестен, білім алмаған адам ырымшыл болып кетеді. Ол сенімнің мән-жайын білмей тұрып, ата-әжесінің айтқандары немесе ауыл үлкендерінің қатаң нанымды берік ұстануы ойлау қабілетін шектеп, туннелді ойлау қабілетіне алып келеді. Асыра діншілдік – дүмшелік. Неге десеңіз, асыра діншілдіктің астында өзін ақтау үшін дінді пайдалану жатыр. Миссионерлік қызмет - жүйелік және көп деңгейлі қызмет, оның әдістері де кең жүйеге енеді. Миссионерлік техникаға дұшпандық аудиториямен сөйлесу сияқты жеке дағдылар да кіреді.Жай ғана сауатты сөйлеу және миссионерлік экспедициялар мен миссионерлік стандартты ұйымдастыру сияқты ауқымды іс-шаралар. Миссионерлік әдістерді игеру жан-жақты дайындықты қажет етеді – рухани, теологиялық, психологиялық, шешендік және т. б. Қазіргі дағуатшылар өз қызметінде бұрын-соңды болмаған стандартты емес шешімдерді іздеуі керек. Олар үшін дәстүрлерді біздің замандастарымызға түсінікті тілде жеткізе білу өте маңызды. Жақынына деген сүйіспеншілік туралы өсиет ұмытылып, кең таралған немқұрайлылық, оның ішінде діни мәселелері де бар қазіргі қоғамда уағыздаушы немқұрайдылықты қоздырып, оны қасиетті кітапқа жүгінуге және күнделікті өмірде тәңірлік құндылықтарды енгізуге итермелеуі керек.Бүгінгі таңда, әдеттегідей, ең бастысы – миссионердің өзі, оның рухани сыйлықтарын барлық адамдармен бөлісу қажеттілігі және оның құрбандық махаббаты. Дағуат жүргізушілер көбінесе өз қызметтерін ерекше қиын жағдайда орындайды. Сондықтан, құдайға кішіпейілділікпен берілгендікпен шыдамдылық, барлық қиындықтарды жеңуге дайын болу – «ерекше сырға ие» уағыздаушының маңызды қасиеттерінің бірі. Миссионерлер жаратушының қажеттіліктерін әлі білмейтін адамдарға ізгі хабарды жеткізеді. Бұл адамдар өмірлік тәжірибесі, жасы, білімі, мамандықтары бойынша бір-бірінен өте ерекшеленеді. Сондықтан миссионер қазіргі, тез өзгеретін әлемнің кез-келген мәдени және әлеуметтік ортасында куәлік ете алуы керек.
Қазіргі заманғы ғаламтор қоғамда ақпарат берудің басты көзіне айналуда. Енді шетелдік баспасөзді оқып немесе сан түрлі арналарды көрудің қажеті жоқ, тек ана тіліндегі бірнеше сайттар мен парақшаларды қарап шықсаңыз жеткілікті. Интернет кез-келген адамға немесе адамдар тобына ақпараттық кеңістікте өз көзқарасын еркін таратуға мүмкіндік береді. Заман талабына сай әлеуметтік желілер мен ғаламтордың даму үрдісі «кибер-терроризм» ұғымын алып келді. Бұл киберкеңістіктегі мемлекеттік қауіпсіздікке, жеке бас немесе қоғамға қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жиынтығы. Кибертерроризмнің негізгі мақсаты - әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді шешуге әсер ету. Түрлі әлеуметтік желілер, сайттар мен парақлары бар діни ұйымдар бар екендігі анық. Алайда, оның барлығы сенімді емес. Өз мүдделеріне қолданып жүрген діни топтар қолда бар мүмкіндікті жібермейді. Соның ішінде интернет желісі де шетте қалар емес. Қоғамға әсер ету сипаты бойынша кибертерроризм әмбебап сипатқа ие, өйткені ол қоғамның барлық салаларын қамтиды, бұл оны ақпараттық қылмыстың басқа түрлерінен де ерекшелендіреді. Кибертерроризмнен келетін қауіп өте үлкен, ал кейбір жағдайларда ол қайтымсыз болуы мүмкін. Қазіргі қоғам бұл заманның осы ақпараттық зұлымдықтарына қарсы тұрудың және онымен күресудің тиімді жүйесін әзірлеуі керек, сондықтан оны мұқият талдау қажет. Барлық елдер мен ірі ұйымдар кибертерроризмге қарсы күресте терроризмнің бір түрі ретінде және жалпы киберқылмыспен үлкен мән береді және бұл мәселе халықаралық деңгейде шешіледі. Өйткені киберкеңістіктің шекаралары жоқ. Әлемдегі шиеленістің өсуімен кибертерроризм қаупі әрдайым болады, сонымен қатар бірнеше елдерде ол мемлекеттік саясаттың құрамдас бөліктерінің бірі болуы мүмкін. Киберқылмыс мәселесі аса өткір болып табылатын елдерде, киберқылмыс пен кибертерроризмге қарсы іс-қимылға бағытталған техникалық ғана емес, сондай-ақ заңнамалық шаралар да қабылданады. Олар өздерінің сеніміне тарту үшін түрлі атау мен есімдерге жүгінеді. Адам көзінің жауын аларлық түстер мен құлаққа жағымды естілетін есімдер қойылады. Сіз байқамаған тіл курсының астарында жалған діни топтың идеологиясы жасырулы болуы мүмкін. Сіз әлеуметтік желіден қарап отырған діни ақпаратыңыздың өзі сенімділігіне күмән бар. Діни білім көздері мен түрлі ақпараттар түпсанаңызға фанаттық сезімді үгіттеп жатпауы мүмкін емес. Ғаламтор желісіндегі бүлікшілер қызметінің мақсаты өз жұмыстарын жарнамалау, жойғыш идеологияны насихаттау, қорқыту және жалған ақпарат тарату, террористік ұйым ішіндегі өзара іс-қимылды қолдау және қарсыласты насихаттауға қарсы іс-әрекет болып табылады. Ақпараттық жүйелерге шабуылдар инфрақұрылым объектілеріне қарсы террористік соққы жасау құралы ретінде интернет ресурстарын тікелей пайдаланады. Кибертерактілердің құралы зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады. Кибертерроризмнің тағы бір түрі мемлекеттік сайттарға хакерлік шабуылдар жасау және олардың жұмысына тосқауыл қою. Мұндай шабуылдар әлемде кеңінен таралған. Ғаламтордың көмегімен азаматтарды террористік қауымдастықтарға тарту және арбау жүріп жатыр. Себебі интернет, өзін жария етпестен террористтік акт ұйымдастыруға немесе террористік ұйымға арбауға деген жоғары аноноимділікке ие. Сол анонимділік арқылы жат ағымдарды қаржыландыру мен алдағы істелетін әрекеттерге жоспар қойылады. Жалған діни ұйымдар бір орында отырмайды, олар үнемі қозғалыста және тұрақты орналасуы жоқ (тұрақсыз). Олардың нақты ұйымдастырушылық құрылымы және іс-қимыл бағдарламасы бар екендігі анық [12, 31 бет].
Өсімдіктің тамыр алып, жайылуы үшін оған топырақ қажет. Насихатпен де солай. Ол тамырын ақылы орта таптық, мүмкіндігінше төмен білімді адамдардың құнарлы топырақ іспеттес құлақ, көздері арқылы жібереді. Сондай-ақ, насихаттаушылардың өзі де өздерінің насихатына ұшырайды. Уақыт өте келе олар шындықты бұйрықтан, ақиқатты аңыздан ажыратуды тоқтатады. Адамдар табиғатынан айналасында не болып жатқанын білгісі және түсінгісі келеді, бірақ олар егжей-тегжейге терең үңілгісі, өздерін түсінгісі келмейді. Осыны оңтайлы қолданып әлеуметтік инженерия заңдылығы орын алады. Адамға шабуыл - бұл құпия ақпаратты алуға мүмкіндік беретін психологиялық және әлеуметтанулық әдістер мен технологиялардың жиынтығы. Бұл әдістерді іс жүзінде қолданатын кибералаяқтар әлеуметтік инженерлер деп аталады. Жүйеге немесе құнды деректерге қол жеткізуге тырысып, олар ең осал сілтеме — адамды пайдаланады. Қарапайым мысал — телефон қоңырауы, онда шабуылдаушы басқа біреу ретінде көрінеді, объектіден құпия ақпаратты білуге тырысып, адамның сезімімен ойнап, алдауға немесе бопсалауға барады. Өкінішке орай, көптеген адамдар арбауға алданып, әлеуметтік хакерлерге қажет нәрсенің бәрін сенімді түрде айтып береді. Алаяқтардың қоржынында көптеген әдіс-тәсілдер артылып, жетіледі. Қазір әлеуметтік инженерия киберқылмыспен тығыз байланыс орнатты, бірақ іс жүзінде бұл ұғым ұзақ уақыт бойы пайда болу процесінен өтіп, бастапқыда айқын теріс реңкке ие болмаған. Адамдар «шабуыл» тәсілін ежелден бері қолданып келеді. Мысалы, ежелгі Рим мен грекияда ораторларды өзінің қателігіне сендіре алатын арнайы дайындалған спикерлерді қатты құрметтейтін. Бұл адамдар дипломатиялық келіссөздерге қатысып, өз мемлекетінің игілігі үшін жұмыс істейтін. Компьютерлер пайда болған кезде инженерлердің көпшілігі тұлғалығын өзгертіп, әлеуметтік хакерлерге айналды. Ал, «әлеуметтік инженерия» және «әлеуметтік хакерлер» ұғымдары синонимге айналды. «Киберқауіпсіздік» сөзінде көпшілік желілердің техникалық осалдықтарын пайдаланатын хакерлерден қалай қорғану туралы ойлайды. Бірақ ұйымдар мен желілерге енудің тағы бір тәсілі бар – ол адамның әлсіздігін қолдану. Бұл әлеуметтік инженерия: біреуді ақпаратты ашуға немесе деректер желілеріне кіруге алдау тәсілі. Мысалы, біреу банк қызметкері болып жасырынып, пайдаланушылардан құпия сөздерін хабарлауын сұрауы мүмкін. Адамдар бұл деректерді қаншалықты жиі өз еркімен беретіні таңқаларлық, әсіресе олар уәкілетті адамнан келетін сұраныс болса. Қарапайым тілмен айтқанда, әлеуметтік инженерия жағдайында алаяқтар адамдардан олардың ақпаратын алу немесе оған қол жеткізу үшін айла-шарғы жасайды. Осылайша адам сезімімен ойнайтын сан-алуан арбаушылар бар. Олардың арасынан деструктивті ағым ұстанушыларының болмауы мүмкін емес. Оларда осы іспеттес техникаға барады, алайда өздері істеп жатқан амалының қате екендігін аңғара бермейді. Себебі, олардың дүниетанымында бұл процесс игілікке, тәңірдің таңдаулыларына апарар жол. Адамдарға кәсіби түсіндірмелер қажет, олар бәрін шайнап, сөрелерге қойып береді. Ал, біз қарапайым жұртшылық сондай тәсілге және оларға мұқтажбыз. Әрине, кім төлейді, сол тұрақты насихатшыға нені және қай сөреге қою керектігін көрсетіп, бұйырады. Оппозициялық ортада дәл осындай насихат бар — олардың да өз түсіндірушілері бар. Ағылшын ғалымы, аудармашы және пәлсапашысы Фрэнсис Макдоналд Корнфорд айтқадай: «үгіт-насихат – бұл қарсыластардан гөрі өз жақтастарын алдау арқылы өтірік айту өнері» [13]. Жақтас таппас бұрын өзіңнің айналаңдағыларды сендіре білу қажет. Кеңестік үгіт-насихат әлемдегі ең күшті деп айтылғанда, көптеген адамдар таң қалады: біздің геосаяси қарсыластарымызға ерекше әсер етпеді. Міне, мәселе осында: мемлекеттік насихат ең алдымен ішкі тарапқа, өз азаматтарына бағытталған. Жоғарыда айтылғандай ұжымдық жиналыстар мен бірізділік топты немесе ұйымдарды біркелкі робот шығаруға әкеледі. Экстремистік-террористік идеологияның өкілдері адамдардың жеткіліксіз білімін оңтайлы пайдалану арқылы, ықпал етудің арнайы әдістерін қолданады: рухани ілімдердің бастапқы көздерін және тарихи фактілерді бұрмалайды; жеке мағыналарын күрес арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру туралы уәдемен алмастырады; ант бергендерге ерекше жағдай жасайды, ал қайтыс болғандарға — басқа әлемде ерекше құрмет бар деп үміттендіреді. Кім бәленбай күнәсі бола тұра жеңіл жәннатқа кіргісі келмейді? Нәпсісіне жаққанды таңдап, өздерінің іс-әрекеттерін жүзеге асыруда ақтап алудан аулақ емес. Сондай-ақ, шабуылдаушылар ықпалды ұйымға тиесілі жас ерекшеліктеріне, әділеттілік пен жасөспірімдердің жұмыссыздығына байланысты алдай алады. Ғаламтор сөз қауіпті орын. Алайда, одан мүлде бастартуға да болмайды, тіпті мүмкін емес. Осының алдын алу мақсатында мемлекеттің атынан арнайы комиссиялық топ, сарапшы мамандар дайындалып, тағайындалады. Киберкеңістікте жүріп жатқан соғысқа білікті де, білімді маман иелері атсалысады. Түрлі діни сайттар мен парақшаларды бұғаттау, айыппұлдар мен заң алдында жауапқа тартатын арнайы мамандар да жоқ емес. Қазіргі уақытта біз бәріміз ақпараттық ортада өмір сүреміз және біздің жастар, бірінші кезекте. Келер ұрпақ цифрлық мәдениеттің балалары болып табылады. Олар іздеу үшін және алмасу мақсатында электрондық ресурстарды қолданады. Енді кез-келген адам қалаған үлкен ақпаратты игере алады. Алайда, бұл жадының нашарлауына әкеліп соқты. Негізінде, жадының нашарлауы емес, бәлки абайсыздық немесе қырағылықтың жоқтығы. Адамдар білімнің жетілуіне қол жеткізген сияқты – барлығы қол жетімді, бәрін білуге болады. Бар болғаны ғаламторға кіріп керекті тақырыпты жазып, жүктесеңіз болғаны. Алайда, кез-келген ақпарат маңызды емес және барлығы пайдалы бола бермейді. Байқасаңыз керексіз ақпараттар мен пайдасыз бейнематериалдарды сағаттап қарап отыратын адамдар көп. Бәрі дайын және жылдам жүргендіктен адамда шыдамсыздық, қоғамда төзімсіздік пен агрессия белең алып келеді. Құдды барлығы қол жетімді, алыс сапарға шықпастан кездесу ұйымдастыруға болады. Бірақ, жас ұрпақтың қаншалықты достық сезімі дамыған? Бұрынғыша достармен, құрбы-құрдастармен көзбе-көз араласатындар қалды ма? Бұл жағдайды байқайтын жалған діни ағым өкілдері өз идеологияларына тартып әлек. Көз алдыңызға елестетіңіз: ерекше сезімге, жаңашылдыққа зәру жандардың бейтаныс әлемге тап болғандағы әсері қандай болмақ?! Алдыңғы тармақта көрсетілгендей махаббат пен мадақ-мақтауды төгіп беретін арбаушылар жақындарының назарынан қалған жас-өспірімдерді оңай кіргізіп алады. Белгісіз біреу қоңырау шалып сіздің «тәңір жайлы» немесе «соңғы күн» турасында ойыңызды білгісі келсе, сіздің жауабыңыз әрине ол адамның кім, не үшін сұрастырып жатқандығын тіпті номеріңізді қайдан алғанын білгіңіз келе бастайды. Ал, егер олар өздерінің есімін жасырмастан айтып, сіз туралы ақпаратты қайдан алғандығын жеткізсе оған қоса ілтипаттылық танытып, жасыңызға қарамастан «сіз» деп сыйластық таныта бастаса – адам еріксіз тыңдауға тырысады. Ол бейсаналы түрде ілтипатқа мейірім мен адамгершілік сезіммен жауап беруге тырысады. Жастардың ақыл-ойы мен жаны үшін күрес – ақпараттық соғыс саласы. Әлеуметтік медиада күрес тұрақты негізде, жоғары кәсіби деңгейде жүргізілуі тиіс.
Адамзаттың өз болмысының мағынасын білдіруде көптеген жолдары мен формалары жоқ. Олар тіпті аз. Болмыстың мағынасы болса одан да аз. Осыларды тізіп көрсетсек. Тірі болғандықтан өмір сүру, өмірден ләззат алу үшін, ақшаға сатып алуға болатын өмірден ләззат алу үшін өзін байыту үшін өмір сүру, басқалардың үстінен үстемдік қылу үшін, басқа дүниедегі сауап пен жазаға үміттеніп өмірді өткізу, Құдайға ұнамды болу үшін ғұмыр кешу. Белгіленген мағыналардың басқа нұсқалары да бар. Өкінішті-ақ, өйткені дін саласынан тыс шынайы руханият жоқ, ал рухтан тыс адамның өмірі мағынасыз. Адам баласы өзінің өмірлік мәнін іздеп, құрастыруға талпынып жүргенде өзге ақиқатты ұстанушылар оны өздерінің тарапына қарай баурап алуы әбден мүмкін. Еске алып көрсек, әу баста бодан, тәуелсіздік алған мемлекеттердің сол жылдарда түрлі діни топтардың қаптап кеткендігі ақиқат. Белгісіз біреулердің әлдеқандай мақсат-мұраттарын таратуы, әлеуметтік-қаржылай көмек пен психологиялық қолдаудың, соның ішінде психикаға әсер етуші нәтижелердің болуын бастан өткерді. Себеп, КСРО заманында дінсіздендіру саясаты жүрген болатын. Ал, дінсіз қоғам рухани аштықты бастан кешірді. Сол үшін, дін мен құдай деген есімдер мен тақырып қозғалған сәтте дереу құлақ асып, сенім артып, тіпті құрмет көрсететін. Алайда, ол кездерде нақты дін мамандары жоқ еді. Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен дін ұғымы өз болмысын өзгертіп сала берді. Ол енді аса мистикалық, культті, емшілік және эсхатологиялық тарапқа қатты бет бұрды. Жалған діни сенімнің жақтастары күннен күнге көбейіп жатты. Рухани аш адамдар өздерінің өмірлік мәнін, әлеуметтік-қаржылай мұқтаждықтары мен психологиялық тәуелділіктерін дін арқылы қанағаттандыратын болды. Қазіргі таңда білікті мамандардың жұмысы мен сарапшы топтардың құрылуы өз нәтижесін берді. Заң негізінде қауіп төнетін діни топтарға шектеу қойылып, кейбір террористтік-экстремисттік ағымдарға тыйым салынды. Олар сонда да жасырын, өзге есіммен мақсаттарына жету үшін әрекеттерін жалғастыруда. Өмірлік бағыт-бағдардың дереу өзгеруі мен діни атрибутиканы қатаң сақтау, өз есімдерін өзгертіп діни лақаб ат қою, дәстүр мен қоғам құндылықтарынан біржола бастарту, өзге сенімнің құлшынысты жақтаушысына айналып, дос-жараңдармен қатынасты мүлдем үзу. Бұл жағдайлар бәлкім бейтаныс емес те шығар. Қай діни ағымдар мен топтарды алсақта осы іспеттес әрекетпен жүреді. Сол уақытта алғашқы уағыздаушылар жан-жақтан келген шетелдіктер ғана болатын. Дағуатшылардың басты мақсаты діннің негіздерімен халықтың қалың тобын таныстыру болды. Олар жергілікті тұрғындардың, әсіресе бірнеше тіл білетін адамдармен бірге уағыз-насихат жасауды жүзеге асырды. Әлі де, әрбір екінші отбасында үлкендердің «ұсақ-түйекке дейін тегін таратып, Исус деп ұрандатып жүретін» деген секілді немесе «ұзын киінген, сақалдылар тоқтатып алып Алланың ұлылығын түсіндіруші еді» дегенге ұқсас сөздер мен оқиғалар естен кеткен емес. Әрбір есікті қағып «сіз жаратушы турасында ойыңыз қандай?», «құдай сізді жақсы көреді» немесе «кәлима-шаһаданы айтыңызшы» деп жүрген түрлі діни топтар көп болатын. Олардың осылай миссионерлік жасау әрекеті топпен, қадағаланып әрі эмоционалды түрде өтетін. Алдыларына күннен күнге санқилы адамдар кездесіп, оларда осы тәжірибе арқасында сарапшы дәрежесіне жетіп қалары анық. Қайсы адаммен қалай және қандай тақырыпта сұхбат жүргізу керектігін алдын ала, көз алдындағы объектіге қарап-ақ шешіп қояды. Еске алсақ, әу баста «таблиғи жамағат» ДЭҰ іс-әрекетін тіпті қалалық, ауылдық имам мен молдалар қолдап, бірге жүзеге асыратын. Себебі, оларда дінді жеткізу үшін әрекет қылды. Кейін сарапшылар мен білікті мамандардың келуімен сараптаманың нәтижесінде кейбір діни топтар мен жамағаттың радикалды, экстремистік сипаты анықталып, өзге елдердегі тарихында жаман атпен қалғандығы белгілі болды. Жоғарыда келтіргендей – әрбір діни сенім күрделі процестерден өтіп, түрлену мен өзгеруге тап болады. «Иехоба куәгерлері» өз атауларын өзгерткендігін көпшілік біле бермейді. Өз мақсаттарына жету үшін түрлену мен жасырыну тарихта көп кездеседі. Олардың миссионерлік іс-қимылдарының астарында дінді ғана тарату емес, бәлки өз нәпсілеріне жаққанды жүзеге асыру да бар. Соңғы кездерде дінді өзгеше бұрмалайтындардың діни заң бойынша тыйым салынған дүниелерге бей-жай қарауы байқалады. Мәселен, есірткі тектес өнімдерді тұтыну мен жөзекшелікті адал ету, тіпті бір жыныстылықта кездесіп жатады. Бүгінгі әлем кітаптарға ашкөз түрде ұмтылады, ал Еуразия мен Африканың дамымаған елдерінің тұрғындары кез-келген нәрсені, соның ішінде насихатты да тікелей мағынасында жұтып қоюға дайын. Уағызшылармен сөйлескен кезде мен олардың арнайы әдебиеті барлығына жеткілікті деген алаңдаушылығын көрдім. Олардың айтуынша дәстүрлі сенімдегі оқулықтар олардың кітаптарымен теңесе алмайтындығы тіпті жеткілікті дәрежеде шықпайтындығын ал, өзге культтердің оларға ілесе алмайтындығын баяндайды. Расында, көптеген тиражды кітаптар мен журналдардың шығарылып, әлемнің түкпір-түкпіріне таралуы дағуат-насихаттың жоғары дәрежеде жүріп жатқандығынан хабардар қылады. Уағыз-насихат жүргізуші бұл практиканы өткізу барысында көптеп діни сенімге кіріп, одан әрі құлшылыққа мән беріп қана қоймай ішкі жан дүниесімен сезіне бастайды, тіпті ләззат алатын болады. Яки, ол тәңірдің берген сыйлығын алып, рақметін білдіретін болады [14].





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет