Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы “Өрлеу” баұО” АҚ филилы БҚо кди жжгпоә кафедрасының аға оқытушысы



бет10/11
Дата11.11.2022
өлшемі2.65 Mb.
#464564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-сабақЖұмсақ дағдылар

Фактіні қалай ажыратамыз?

а) Нақты факт. Мұндай фактілер бүкіл әлем болып қабылданған, дәлелденгеніне көп болған деректер. Жердің тартылыс күші бар екенін тапқан Ньютонға референс жасамайсың. "Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды" деген сөйлемге де сілтеме көрсетудің қажеті жоқ. Немесе 4+3=7 деген де осы топқа жатады.

ә) Сілтемені қажет ететін фактілер. Кейбір деректер факт бола тұра, оны нақтылай түсетін деректер қажет етеді. Мысалы, "Қазақстанның халқы 17 миллион" деген фактіне алайық. Бұл - факт, алайда мұны нақтылау үшін соңғы жүргізілген халық санағына сілтеме көрсетілуі тиіс.

б) Әдеби фактілер. Бұл топқа әдеби кітаптағы деректерді жатқызуға болады. Мысалмен түсіндірейін. "Қожа Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салып жіберді". Ойдан шығарылған дерек. Мұның әдеби факті болатын себебі Бердібек Соқпақбаевтың кітабында жазылған. Ал нақты факт ретінде қолдануға келмейтінінің себебі - ойдан шығарылған.

Тақырыптары:

  • Ғаламтор қарым-қатынасты ауыстыра ала ма?
  • Смарт техникаларды барлық салада қолдану мамандардың ойлауын шектейді.
  • Телефонның пайдасы мен зияны

«4К» жүйесі- Soft Skills (икемді дағдылар, кәсіби құзыреттер)
Сыни ойлау – ақпараттар ағынын бағдарлай алу мүмкіндігі, себеп-салдарлық байланыстарды көре алуы, қажетсіз ақпараттарды електен өткізіп қорытындылауы.
Сәтсіздікке жолыққан жағдайда шешім шығарып, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсінуі.
Шығармашылық – өзгермелі жағдайларда өзін сенімді ұстап, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдай алуға, жағдаятты әр тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Шығармашылығы дамыған адам жасап шығарушы болып табылады. Ол басқа адамдардың бастамаларын дамытып, жетілдіре алады.
Қарым-қатынас – келіссөздер жүргізу және байланыс орнату, әңгімелесушіні
тыңдау және өз көзқарасын жеткізу қабілеті өмірлік дағдыға айналады.
 Ынтымақтастық (Үйлестіруші) – кәсіби салаға қарасты құзыреттілікпен тығыз байланысты. Жалпы мақсатты және оған жету жолындағы рөлдерді айқындай отырып, оның нәтижесін бағалай алу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет