1. біржақты қабылданған салықтық-құқықтық актілер;
а) нормативтік-құқыоық актілер;
ә) жекелеген-құқықтық актілер.
|
1. односторонние налогово-правовые акты;
а) нормативные правовые акты;
б) индивидуальные правовые акты.
|
2. келісім негізіндегі салықтық-құқықтық актілер;
|
2. налогово-правовые акты на договорной основе;
|
3. нақты салықтық құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекеттің немесе уәкілетті мемлекеттік органның салық заңында көзделген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы.
|
3. реализация государством или уполномоченным государственным органом, участвующих в конкретном налоговом правоотношении, своих прав и обязанностей, предусмотренных налоговым законодательством.
|
Тақырыбы: Салықтық құқық: пәні және жүйесі.
|
Тема: Налоговое право: предмет и система.
|
Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде.
|
Налоговое право как правовое образование.
|
Салықтық құқықтың пәні – мемлекеттік салықтық қызметтің барысында туындайтын қоғамдық қатынастар, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және алу, сондай-ақ олардың уақтылы және толығымен бюджет кірісіне түсуіне бақылау жүргізу барысында туындайтын салықтық қатынастар.
|
Предмет налогового права – общественные отношения, возникающие в процессе налоговой деятельности государства, т.е. налоговые отношения, возникающие в процессе установления и взимания налогов и других обязательных платежей, а также осуществление контроля за своевременным и полным поступлением этих обязательных платежей в бюджет.
|
Салықтық қатынастардың өзіне тән белгілері:
|
Характерные признаки налоговых отношений:
|
1. бұл қатынастар мемлекеттің өсіп-өркендеуімен байланысты болады және оның салықтық қызметінің нәтижесінде туындайды;
|
1. эти отношения обусловлены существованием государства и возникают в результате его налоговой деятельности;
|
2. бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;
|
2. эти отношения всегда носят распределительный характер;
|
3. бұл қатынастар ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіреді, яғни тиісті бюджет кірісіне ақша нысанында түсетін салықтардың біржақты қозғалысын көрсетеді;
|
3. эти отношения опосредствуют одностороннее движение стоимости в денежной форме, т.е. выражают одностороннее движение налогов поступающих в доход соответствующего бюджета в денежной форме;
|
4. бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады;
|
4. эти отношения являются разновидностью экономических отношений;
|
5. бұл қатынастар әрқашанда құқықтық нысанда, яғни салықтық-құқықтық қатынастар түрінде болады.
|
5. эти отношения всегда существуют в правовой форме, в виде налоговых правоотношений.
|
Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің экономикалық-құқықтық мәні олардың құрамындағы салықтық-құқықтық және салықтық-құқықтық қатынастар арқылы көрініс табады.
|
Экономико-правовая сущность налогов и других обязательных платежей проявляется в том, что они включают налогово-экономические отношения и налоговые правоотношения.
|
Салықтық құқық – мемлекеттің салықтық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
|
Налоговое право – совокупность правовых норм, регулирующих общественные отношения, возникающие в процессе налоговой деятельности государства.
|
Салықтық құқық мемлекеттің болмысын, өсіп-өркендеуін және міндеттері мен қызметтерін атқаруын қаржылармен қамтамасыз етудің заңи негізі болып табылады.
|
Налоговое право является юридической основой финансового обеспечения существования и функционирования государства.
|
Салықтық құқықтың жүйесі – салықтық-құқықтық нормалардың өзара қарым-қатынаста бола отырып бірігуі және белгілі бір тәртіппен орналасуы.
|
Система налогового права – объединение и взаимодействие налогово-правовых норм и расположение их в определенной последовательности.
|
Салықтық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
|
Система налогового права состоит из общей и особенной частей.
|
Салықтық құқықтың жалпы бөліміне мына институттар кіреді:
|
Общая часть налогового права включает следующие институты:
|
1. мемлекеттің салықтық құрылысы;
|
1. налоговое устройство государства;
|
2. салықтық қызмет саласындағы басқару;
|
2. управление в области налоговой деятельности;
|
3. салықтық жоспарлау;
|
3. налоговое планирование;
|
4. салықтық бақылауды құқықтық реттеу;
|
4. правовое регулирование налогового контроля;
|
5. салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
|
5. ответственность за нарушение налогового законодательства.
|
Салықтық құқықтың ерекше бөліміне мына институттар кіреді:
|
Особенная часть налогового права включает следующие институты:
|
1. республикалық бюджеттердің түсімдерін құқықтық реттеу;
|
1. правовое регулирование поступлений Республиканского бюджета;
|
2. жергілікті бюджеттердің түсімдерін құқықтық реттеу.
|
2. правовое регулирование поступлений местных бюджетов.
|
Салықтық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістері:
|
Методы правового регулирования, используемые в налоговом праве:
|
1. мемлекеттік-өктем, императивтік әдіс;
|
1. государственно-властный, императивный метод;
|
2. диспозитивтік-шартты әдіс.
|
2. диспозитивный-договорный метод.
|
Құқықтық реттеудің императивтік әдісінің өзіне тән белгілері:
|
Характерные признаки императивного метода правового регулирования:
|
1. мемлекеттің талап-бұйрығы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық акті нысанында көрініс тапқан;
|
1. предписание государства выражено в форме одностороннего правового акта, носящего нормативный характер;
|
2. осы талап-бұйрық екі жақтың жүріп-тұру тәртібін өте мұқият анықтайды;
|
2. это предписание тщательно регламентирует поведение сторон;
|
3. екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекет тарапынан осы қатынастарды реттейтін нормативтік актіден көрініс табады, сондай-ақ ол нақты салықтық міндеттеме туындатады;
|
3. взаимные права и обязанности сторон порождены государством и вытекают из того нормативного акта, который регулирует данное отношение и порождает конкретное налоговое обязательство;
|
4. салықтық міндеттемені орындау мемлекет тарапынан біржақты түрде немесе сот арқылы жүзеге асырылатын мәжбүр ету механизмімен қамтамасыз етіледі;
|
4. исполнение налогового обязательства обеспечивается механизмом принуждения, реализуемого государством либо через суд, либо в одностороннем порядке;
|
5. салық төлеушінің салық міндеттемесін орындамауы оны қаржылық-құқықтық жауапкершілікке, сондай-ақ оның лауазымды адамын әкімшілік жауапкершілікке, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соғады;
|
5. неисполнение налогового обязательства плательщиком влечет его финансово-правовую ответственность, а также административную ответственность, а в некоторых случаях уголовную ответственность его должностных лиц;
|
6. салықтық құқықтық қатынаста мемлекеттің өкілі болып табылатын субъект мемлекеттің талап-бұйрығын мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өктем уәкілеттілікпен қамтамасыз етілген.
|
6. субъект, представляющий в налоговом правоотношении государство, наделен властным полномочиями, которые дают ему возможность принудительной реализации предписаний государства.
|
Тақырыбы: Салықтық-құқықтық қатынастар.
|
Тема: Налоговые правоотношения.
|
Салықтық құқықтық қатынастар – салықтық құқық нормаларымен реттелген салықтық қатынастар.
|
Налоговые правоотношения – урегулированные нормами налогового права налоговые отношения.
|
Салықтық құқықтық қатынастардың өздеріне тән белгілері:
|
Характерные признаки налоговых правоотношений:
|
1. бұл қатынастар мемлекеттің салықтық қатынастарды құқықтық нормалармен реттеуінің нәтижесінде туындайды;
|
1. эти отношения возникают в результате регулирования государством налоговых отношений правовыми номами;
|
2. бұл қатынастар ұлттық табысты қайта бөлу барысында туындайды;
|
2. эти отношения возникают в процессе перераспределения национального дохода;
|
3. бұл қатынастар мемлекеттің біржақты өктем ерік білдіруінің нәтижесінде туындайды;
|
3. эти отношения возникают в результате одностороннего волеизъявления государства;
|
4. бұл қатынастардың міндетті субъектісі мемлекеттің өзі немесе мемлекеттің уәкілетті органы болып табылады;
|
4. обязательным субъектом этих отношении является государство или уполномоченный государственный орган;
|
5. бұл қатынастар мемлекеттік-өктем сипатта болады, яғни мемлекет қатысушылардың бір жағына рұқсат етілген билік тәртібін белгілесе, екінші жаққа тек міндеттерін орындау тәртібін белгілегендіктен “өктем билік және бағыныштылық” сипатында көрініс табады;
|
5. эти отношения носят государственно-властный характер, т.е. для одной стороны государство устанавливает меру дозволенного поведения, для другой стороны меру должного поведения и поэтому они складываются по формуле “власти и подчинения”;
|
6. бұл қатынастардың материалдық объектісі ақша қаражаттары, яғни тиісті бюджетке ақша нысанында түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып табылады;
|
6. материальным объектом этих отношений выступают денежные средства, т.е. налоги и другие обязательные платежи, уплачиваемые в соответствующий бюджет в денежной форме;
|
7. бұл қатынастардың негізгі мәні заңмен белгіленген салық сомасын тиісті бюджетке уақтылы енгізу жөніндегі салық төлеушінің біржақты міндеттемесі болып саналады.
|
7. основным содержанием этих отношений является одностороннее обязательство налогоплательщика своевременно и полностью внести в бюджет установленную законом сумму налога.
|
Өздерінің объектілеріне байланысты салықтық құқықтық қатынастар материалдық және ұйымдастырушы болып бөлінеді.
|
В зависимости от объектов налоговые правоотношения подразделяются на материальные и организационные.
|
Сонымен қатар салықтық құқықтық қатынастар реттеуші және қорғаушы немесе нақты және жалпы болып бөлінеді.
|
А также налоговые правоотношения делятся на регулятивные и охранительные или на конкретные и общие.
|
Салықтық құқықтық қатынастардың субъектілері:
|
Субъекты налоговых правоотношений:
|
1. Мемлекет;
а) мемлекеттің біртұтас өзі;
ә) уәкілетті мемлекеттік органдар.
|
1. Государство;
а) государство в целом;
б) уполномоченные государственные органы.
|
2. Салық төлеушілер:
а) заңды тұлғалар;
ә) жеке тұлғалар;
|
2. Налогоплательщики:
а) юридические лица;
б) физические лица;
|
Салықтық құқықтық қатынастардың мәні оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы арқылы көрініс табады.
|
Содержание налоговых правоотношений характеризуется через права и обязанности их субъектов.
|
Салықтық құқықтық қатынастың субъектісі – салық төлеушінің құқықтары:
|
Права налогоплательщики субъекта налогового правоотношения:
|
1. Салықтар жөнінде жеңілдіктерге құқығы барын растайтын құжаттарды табыс етуге;
|
1. представлять документы, подтверждающие право на льготы по документам;
|
2. салық органдарына салықтарды есептеу және төлеу жөнінде және жүргізілген тексеру актілері бойынша түсіндірмелерді табыс етуге;
|
2. представлять налоговым органам пояснения по исчислению и уплате налогов и по актам проведенных проверок;
|
3. жүргізілген тексеру актілерімен танысуға;
|
3. знакомиться с актами проведенных проверок;
|
4. заңда белгіленген тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
|
4. в установленном порядке обжаловать решения налоговых органов;
|
5. салық салуға қатыссыз ақпарат пен құжаттарды тапсырмауға құқылы.
|
5. не представлять информацию и документы, не относящиеся к налогообложению.
|
Салықтық құқықтық қатынастың субъектісі – салық төлеушінің міндеттері:
|
Обязанности налогоплательщика – субъекта налогового правоотношения:
|
1. салық қызметі органдарының талаптары бойынша және олардың талап-бұйрықтарының негізінде бюджетке төленетін салықтар мен басқа төлемдерді есептеуге байланысты есептеу құжарттары мен мүлікті табыстау;
|
1. по требованию сотрудников налоговой служб на основании предъявленного предписания представлять для проверки учетную документацию и имущество, связанные с исчислением и уплатой налогов и других платежей в бюджет;
|
5. заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуіне байланысты немесе табысты, пайданы жасыру не болмаса кемітіп көрсету, салық салынатын объектілерді көрсетпеу мақсатымен жасаған қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарын салықтар мен басқа да төлемдерді бюджетке төлеуден жалтарудың өзге де түрлерін, сондай-ақ бюджетке салықтар мен басқа төлемдердің түспеуіне байланысты мемлекетке шығын келтірген өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды салық қызметі органдары, салық полициясы бөлімшелері арқылы анықтау және тыйып тастау;
|
5. выявлять и пресекать подразделениями налоговых полиций органов налоговой службы преступления и иные правонарушения, связанные с неуплатой налогов, либо совершаемые с целью сокрытия или занижения доходов, укрытия объектов налогообложения юридическими лицами, иного уклонения от уплаты налогов и других платежей в бюджет, а также иные преступления и правонарушения, повлекшие причинение убытков государству, связанных с непоступлением или недопоступлением налогов и других платежей в бюджет.
|
Салық қызметі органдарының құқықтары:
|
Права органов налоговой службы:
|
1. ҚР заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражатын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырысуларын, декларациялары мен бюджетке салықтар мен басқа төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты құжаттарды тексеру;
|
1. производить у юридических лиц и у физических лиц проверки всех денежных документов, бухгалтерских книг, отчетов, смет, наличия денег, ценных бумаг и других ценностей, расчетов, деклараций и иных документов, связанных с исчислением и уплатой налогов и других платежей в бюджет, в порядке и на условиях в соответствии с законодательством РК;
|
2. ұйымдастыру лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен, сондай-ақ азаматтардан осы үстінде аталған тексерулер барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алу;
|
2. получать от должностных лиц и других работников организаций, а также граждан справки, устные и письменные объяснение по вопросам, возникающим в ходе указанных проверок;
|
3. ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған (орын алған) салық заңдарын бұзушылықты жою туралы орындалуға міндетті нұсқаулар беру және олардың орындалуын бақылап отыру;
|
3. давать руководителям и другим должностным лицам организаций, а также гражданам обязательные для исполнения указания об устранении выявленных нарушений налогового законодательства и контролировать их выполнение;
|
4. салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық санкциясын қолдану және заңда көзделген айыппұл салу;
|
4. применять к организациям, должностным лицам и гражданам, нарушившим налоговые санкции и штрафы, предусмотренные действующим законодательством;
|
5. салық заңдарында белгіленген ережелерге сәйкес ұйымдар мен азаматтардың бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту немесе оларды дүркін-дүркін бөліп төлеуге мұрсат беру;
|
5. в соответствии с установленными в налоговых законах правилами организациям и гражданам продлевать сроки уплаты налогов и других платежей в бюджет или давать рассрочки по их уплате;
|
6. жасандылығы, қолдан жасалғандығы анықталған кезде салық заңдарының бұзылғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушіден алу және оған алынған заттардың тізімдемесі бар акт тапсыру;
|
6. при обнаружении подлогов, подделок документы, свидетельствующие о факте нарушения налогового законодательства, изымаются с вручением плательщику акта с описью изъятого;
|
7. салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптарды орындамағаны, үй-жайларды тексеру мен анықтап қарауға жібермеген, салық қызметі органына бухгалтерлік есептер мен баланстарды, есеп айырысуларды, декларацияларды және табыс түсіруге, салық салынатын объектілерді ұстауға, салықтар мен басқа да төлемдерді бюджетке есептеу мен төлеуге байланысты өзге де құжаттарды табыс етпеген жағдайда, анықталған тәртіп бұзушылық жойылғанға дейін ұйымдар мен азаматтардың, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйымдардың есеп айырысу және басқа шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып тұру.
|
7. приостановить расходные операции организаций и граждан по их банковским счетам в банках и иных организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций, в случаях невыполнения требований об устранении выявленных нарушений налогового законодательства, недопуска к проверке и обследованиям, непредставления налоговой службе расчетов, деклараций и других документов, связанных с извлечением доходов содержанием объектов налогообложения, исчислением и уплатой налогов и других платежей в бюджет и финансовыми обязательствами перед государством, а также непредставления финансовой отчетности по требованию налоговых служб, до устранения выявленных нарушений.
|
Салықтық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері салықтық заңдарда көзделген нақты жағдайлар, яғни заңи айғақтар болып табылады.
|
Основанием возникновения, изменения и прекращения налоговых правоотношений являются предусмотренные налоговым законодательством обстоятельства, т.е. юридические факты.
|
Салықтық құқықтық қатынас субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдері:
|
Способы защиты своих прав и законных интересов субъектами налоговых правоотношений:
|
А. Салық төлеушілер:
|
А. Налогоплательщики:
|
1. салық қызметі органдары мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне олар бағынышты жоғары тұрған органдардың шағым беру арқылы;
|
1. обжалование действий органов налоговой службы и их должностных лиц в порядке подчиненности;
|
2. салық органдарының, олардың лауазымды қызметкерлерінің әрекеттеріне сотқа барып шағым беру.
|
2. обжалование действий налоговых органов, их должностных лиц в судебном порядке.
|
Ә. Мемлекет, мемлекеттік уәкілетті органдар:
|
Б. Государство, уполномоченные государственные органы:
|
1. салық берешектерін біржақты-өктем түрде өндіріп алу;
|
1. взыскание налоговой задолженности в односторонне-властном порядке;
|
2. салық берешектерін сот арқылы өндіріп алу;
|
2. взыскание налоговой задолженности в судебном порядке;
|
3. салықтық заңдарды бұзушыларға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік шараларын қолдану.
|
3. привлечение нарушителей налогового законодательства к административной или уголовной ответственности.
|
Салықтық құқықтық дереккөздері – құрамдарында салықтық құқықтық нормалары бар уәкілетті мемлекеттік органдардың заңи актілері.
|
Источники налогового законодательства – юридические акты уполномоченных государственных органов, содержащие нормы налогового права.
|
Салықтық құқықтық болмысының нысаны ретінде нормативтік құқықтық сипаттағы салықтық заңдар (законодательство) көрініс табады.
|
Формой существования налогового права являются налоговое законодательство нормативно-правового характера.
|
Салықтық заңдар – салық салу аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы.
|
Налоговое законодательство – совокупность нормативных правовых актов, регулирующих общественные отношения в сфере налогообложения.
|
Нормативтік-құқықтық актілер заңи күштеріне және оларды қабылдаған органдарға байланысты заңдар және заңға сәйкес нормативтіік актілер болып бөлінеді.
|
По юридической силе и по органам их издающим нормативные-правовые акты, подразделяются на законы и подзаконные нормативные акты.
|
Заңдар – жоғарғы мемлекеттік өкімет органы (кейбір кездерде тұрғындардың референдумы) қабылдаған жоғарғы заңи күші бар нормативтік құқықтық актілер.
|
Законы – нормативно-правовые акты, обладающие высшей юридической силой, изданные высшим государственной власти (иногда на референдуме населением).
|
Заңға сәйкес нормативтік актілер – ҚР салық заңдарының негізінде және соларды орындау жолында уәкілетті мемлекеттік органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық актілері.
|
Подзаконные нормативные акты – нормативные акты уполномоченных государственных органов, принятые на основании и во исполнение законов РК.
|
Салық кодексі – салық салу аясында туындайтын қоғамдық қатынастарды өте толық және жүйелі түрде реттеуді қамтамасыз ететін, біріңғай, жинақталған және іштей үйлестірілген нормативтік акт.
|
Налоговый кодекс – единый, сводный, внутренне согласованный нормативный акт, обеспечивающий наиболее полное, системное регулирование общественных отношений, возникающих в сфере налогообложения.
|
Салықтық құқықтың жалпы бөлімі институттарының сипаттамасы:
|
Характеристика институтов общей части налогового права:
|
1. Мемлекеттің салықтық құрылысы – мемлекетіміздің салық жүйесінің құрылу қағидаттарын және ұйымдастырылу құрылысын, оның құрамына кіретін салықтар мен өзге де міндетті толық төлемдер жүйесін, сондай-ақ олардың топтастырылуы мен өзара қарым-қатынастарын белгілейтін салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты.
|
1. Налоговое устройство государства – институт общей части налогового права, устанавливающий принципы построения и организационные строение налоговой системы государства, систему налогов и других обязательных платежей входящих в нее, а также классификацию налогов и взаимодействие составных частей налоговой системы.
|
Адам Смиттің ұтымды салық салу жөніндегі классикалық қағидалары:
|
Классические правила рационального налогообложения Адама Смита:
|
1. азамат өзінің тапқан табыстарына сәйкес мемлекет шығындарын өтеуге атсалысуға тиісті;
|
1. гражданин в соответствии с полученным им доходом должен участвовать в покрытии расходов государства;
|
2. салық мөлшері, оны төлеу мерзімі мен тәртібі, салықты төлеуші күні бұрын және дәл белгінеуі қажет;
|
2. размер налога, сроки, способы уплаты и плательщик должны быть заранее и точно определены;
|
3. әрбір салық төлеушіге ыңғайлы уақытта және қолайлы әдіспен алынуы тиіс;
|
3. каждый налог должен взиматься в то время и тем способом, когда это наиболее удобно для налогоплательщика;
|
4. әрбір салық өзі мемлекетке әкелетін табыстан гөрі салық төлеушінің қалтасынан мүмкіндігінше аз ақша алуға бейімделіп құрылуы қажет.
|
4. каждый налог должен быть разработан так, чтобы он извлекал из кармана плательщика возможно меньше того, что он приносит государству.
|
Салық жүйесінің құрылу қағидаттары:
|
Принципы построения налоговой системы:
|
1. заңдылық және негізділік;
|
1. законность и обоснованность;
|
2. қарапайымдылық және экономикалық бейтараптылық;
|
2. простота и экономическая нейтральность;
|
3. теңділік және әділеттілік;
|
3. равенство и справедливость;
|
4. жалпыға бірдейлік және нақтылық;
|
4. всеобщность и конкретность;
|
5. ыңғайлылық және жеткіліктілік;
|
5. удобность и достаточность;
|
6. жоспарлылық және нормативтілік;
|
6. плановость и нормативность;
|
7. жеңілділік және бірдүркінділік;
|
7. льготность и однократность;
|
8. мемлекет пен салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау теңділігі;
|
8. равенство защиты прав и интересов налогоплательщиков и государства;
|
9. резиденттілік.
|
9. резиденство.
|
ҚР салық жүйесі мына келесідей элементтерден тұрады:
|
Налоговая система РК состоит из следующих элементов:
|
1. бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жиынтығы;
|
1. совокупность налогов и других обязательных платежей, взимаемых в бюджет;
|
2. салық салу әдістері мен тәсілдердің жиынтығы;
|
2. совокупность методов и способов налогообложения;
|
3. салықтық қатынастардың және нормативтік-құқылық актілердің жиынтығы;
|
3. совокупность налоговых отношений и нормативно-правовых актов;
|
4. салық салу саласындағы басқару органдарының және салық қызметі органдарының жиынтығы;
|
4. совокупность органов управления в области налогообложения и налоговых служб;
|
5. салықтық бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығыы.
|
5. совокупность форм и методов налогового контроля.
|
Салық салу элементтері:
|
Элементы налогообложения:
|
1. салық төлеуші (салық субъектісі);
|
1. налогоплательщик (субъект налога);
|
2. салық салу объектісі (салық төлеу көзі);
|
2. объект налогообложения (источник налога);
|
3. салық салу бірлігі;
|
3. единица налогообложения;
|
4. салық ставкасы;
|
4. налоговая ставка;
|
5. салық жеңілдіктері;
|
5. налоговые льготы;
|
6. салықты есептеу тәсілі және тәртібі;
|
6. способ и порядок исчисления налога;
|
7. салықты төлеу мерзімі және тәртібі;
|
7. сроки и порядок уплаты налога;
|
8. салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері;
|
8. права и обязанности налогоплательщиков и налоговых органов;
|
9. кірісіне салық түсетін бюджет;
|
9. бюджет, в доходы который зачисляется налог;
|
10. салықтың төленуіне бақылау жүргізу;
|
10. контроль за уплатой налогов;
|
11. салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
|
11. ответственность за нарушение налогового законодательства.
|
Салықтардың топтастырылуы:
|
Классификация налогов:
|
1. салық салу объектілері бойынша:
а) тікелей салықтар;
ә) жанама салықтар.
|
1. по объектам обложения:
а) прямые налоги;
б) косвенные налоги.
|
2. Алатын және пайдаланатын органдар бойынша:
а) мемлекеттік;
ә) жергілікті;
б) мемлекет аралық.
|
2. По органу, взимающему и распоряжающемуся:
а) государственные;
б) местные;
в) межгосударственные.
|
3. Пайдалану ерекшелігі бойынша:
а) жалпылай салықтар;
ә) арнайы салықтар.
|
3. По признаку использования:
а) общие налоги;
б) специальные налоги.
|
4. Экономикалық белгілері бойынша:
а) табысқа салынатын салықтар;
ә) тұтынуға салынатын салықтар.
|
4. По экономическому признаку:
а) налоги на доходы;
б) налоги на потребление.
|
5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесі бойынша:
а) мүліктік салықтар;
ә) жекеше салықтар.
|
5. По степени оценки объекта обложения:
а) реальные налоги;
б) личные налоги.
|
6. Салық ставккаларын құру әдісі бойынша:
а) тұрақты ставкалар;
ә) проценттік ставкалар:
- пропорционалды;
- прогрессивті (үдемелі);
- регрессивті (шегермелі).
|
6. По методу построения ставки налогов:
а) твердые ставки;
б) процентные ставки:
- пропорциональные;
- прогрессивные;
- регрессивные.
|
2. Салықтық қызмет саласындағы басқару – уәкілетті мемлекеттік органдар мен арнайы салық қызметі органдарының осы саладағы жүйесін және қызмет бағыттарын айқындайтын, сондай-ақ олардың басқаруға сай келетін міндеттері мен құқықтарын белгілейтін салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты.
|
2. Управление в области налоговой деятельности – институт общей части налогового права, определяющий систему уполномоченных государственных органов и специальных органов налоговой службы и сферу их деятельности в данной области, а также устанавливающий их полномочия в сфере налоговой деятельности.
|
Салықтық қызмет саласындағы басқару – салық механизмінің әдістерін, тәсілдерін, тұтқаларын, стимулдары мен санкцияларын қолдану арқылы күткен нәтижеге жету жолында мемлекеттік өкімет орындары мен атқару органдарының және салық органдарының салық салу аясында жүзеге асыратын жоспарланған және мақсатты түрде қызметтері.
|
Управление в области налоговой деятельности – планомерная, целенаправленная деятельность органов государственной и исполнительной власти, а также налоговых органов в сфере налогообложения, осуществляемая с помощью применения методов, приемов, рычагов, стимулов и санкций налогового механизма для достижения определенного результата.
|
Салықтық қызмет саласындағы басқару негізінде мына келесідей принциптер жатады:
|
В основе управления в области налоговой деятельности лежат следующие принципы:
|
- салық мәселесіне саяси тұрғыдан қарау;
|
- политический подход к налоговым вопросам;
|
- заңдылық және мақсатқа сәйкестілік;
|
- законность и целесообразность;
|
- ғылымилық тұрғыдан және жоспарлылық;
|
- научность и плановость;
|
- ұтымдылық және тиімділік.
|
- оптимальность и эффективность.
|
Салық салу саласындағы басқару элементтері:
|
Элементы управления в области налогообложения:
|
- бухгалтерлік, статистикалық, тікелей есептеме ақпарат;
|
- информация (бухгалтерская, статическая, оперативная отчетность);
|
- салықтарды басқаруды ұйымдастыру;
|
- организация управления налогами;
|
- салықтық жоспарлау;
|
- налоговое планирование;
|
- салықтық реттеу;
|
- налоговое регулирование;
|
- салықтық бақылау.
|
- налоговый контроль.
|
Салық салу саласындағы басқаруды жүзеге асырушы барлық мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері:
|
Основные задачи всех государственных органов, осуществляющих управление в области налогообложения:
|
- мемлекеттік қаржылық, бюджеттік және салықтық саясатын жүргізу;
|
- проведение в жизнь финансовой, бюджетной, налоговой политики государства;
|
- салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақтылы түсіп отыруын құқықтық құралдармен қамтамасыз ету;
|
- обеспечение правовыми средствами полного и своевременного поступления налогов и других платежей в бюджет;
|
- халыққа әлеуметтік нысаналанған салық салцды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
|
- обеспечение осуществления социально ориентированного налогообложения населения;
|
- салық салу кезінде негізге алынатын қағидаттарды және салық салу нормаларын белгілеу.
|
- установление основополагающих принципов и норм налогообложения.
|
3. Салықтық жоспарлау – мемлекеттің салықтық юрисдикциясының ауқымын, салықтарды белгілеудің және алудың ұтымды түрлерін, салық заңдарын қабылдаудың негізгі қағидаларын айқындау және белгілеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын, сондай-ақ салық төлеушілердің өз салық міндеттемелерін азайтып, жеңілдетуге байланысты заңды тәсілдерді пайдаланулары кезіндегі әрекеттерін реттейтін салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты.
|
3. Налоговое планирование – институт общей части налогового права, регулирующий деятельность уполномоченных государственных органов по определению пределы налоговой юрисдикции государства, оптимальных видов установления и взимания налогов, основных правил принятия налоговых законов, а также деятельность налогоплательщиков, использующих законные способы сокращения своих налоговых обязательств.
|
Салықтық жоспарлау күрделі процесс болғандықтан оның негізіне мемлекеттің қаржылық, бюджеттік және салықтық саясатының басты бағыттарын есепке ала отырып, салық салу аясында қаржылық және салықтық заңдармен белгіленген барлық қағидалар мен талап бұйрықтарды дұрыс және тиімді пайдалану жатады.
|
Налоговое планирование является сложным творческим процессом, в основе которого лежит правильное и эффективное использование всех установленных финансовым и налоговым законодательством правил и предписаний в сфере налогообложения с учетом приоритетных направлений финансовой, бюджетной и налоговой политики государства.
|
Салықтық жоспарлауды екі тұрғыдан қарастыруға болады:
|
Налоговое планирование можно рассмотреть в двух аспектах:
|
1. Біріншіден, мемлекеттің өкілетті органдарының салық төлеушілерді белгілеу, салық салу объектілерін белгілеу, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу және алу процедурасын жүзеге асыру, салық салу әдісін, төлеу тәртібін және тәсілін таңдау, есеп беру кезеңі мен төлеу мерзімін, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу жөніндегі қызметтері.
|
1. Как деятельность уполномоченных государственных органов по определению круга налогоплательщиков, объектов налогообложения, процедуры исчисления и изъятия налогов и других обязательных платежей, выбору метода налогообложения, способов и порядка уплаты, отчетного периода и, наконец, установлению ответственности за те или иные нарушения налогового законодательства.
|
2. Екіншіден, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың арнайы тәсілдерді қолдана отырып салық міндеттемелерін азайтуға, сондай-ақ заңмен белгіленген салық жеңілдіктерін ұтымды пайдалану арқылы өздері төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төмендетуге бағытталған құқыққа сай әрекеттері.
|
2. Как правомерные действия юридических и физических лиц, занимающихся предпринимательской деятельностью, направленные на минимизирование уплачиваемых ими налогов и других обязательных платежей путем применения специальных приемов уменьшения налоговых обязательств, а также умелое использование предоставленных законом налоговых льгот.
|
Салықтық жоспарлаудағы басты мақсат салық салу шені мен салықтардың санын ұтымды белгілеу, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеушілердің салық салу аясындағы мүдделерін ұштастыру.
|
Главное в налоговом планировании – это наиболее оптимальное определение пределов налогообложения и количества налогов, а также сочетание интересов государства и налогоплательщиков в сфере налогообложения.
|
4. Салықтық бақылауды құқықтық реттеу – салықтық бақылауды жүзеге асыруға хақы бар мемлекеттік уәкілетті органдардың жүйесі мен құзыреттерін, салықтық бақылаудың нысандары мен әдістерін және түрлерін, сондай-ақ салықтық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтін салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты.
|
4. Правовое регулирование налогового контроля – институт общей части налогового права, устанавливающий систему и компетенцию уполномоченных государственных органов, формы, методы и виды налогового контроля, а также порядок организации и проведение налоговых проверок.
|
Төлемдердің бюджетке толығымен және уақтылы түсуіне салықтық тексеру жүргізу келесідей тәртіппен жүзеге асырылады:
|
Налоговая проверка полноты поступления платежей в бюджет осуществляется в следующем порядке:
|
- салықтың белгілі бір түрі бойынша тексеру жарты жылдықта бір реттен жиі жүргізілмейді;
|
- проверки по одному и тому же виду налога производятся не чаще одного раза в полугодие;
|
- кешенді тексерулер жылына бір реттен жиі жүргізілмейді;
|
- комплексные проверки производятся не чаще одного раза в год;
|
- кезектен тыс (жоспардан тыс) тексерулер салық комитетінің жазбаша рұқсаты бойынша, нақты салық төлеушіге қатысты жүргізіледі.
|
- внеочередные (внеплановые) проверки проиводятся в отношении конкретного налогоплательщика с письменного разрешения налогового комитета.
|
Салықтық бақылаудың өзіне тән белгілері:
|
Характерные признаки налогового контроля:
|
1. салықтық бақылау – мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады;
|
1. налоговый контроль является разновидностью государственного контроля;
|
2. салықтық бақылау – қаржылық бақылаудың бір түрі ретінде;
|
2. налоговый контроль – как разновидность финансового контроля;
|
3. салықтық бақылау – мемлекеттік бақылаудың арнайы түріне жатады.
|
3. налоговый контроль относится к специализированному виду государственного контроляю
|
Салықтық бақылаудың мақсаттары:
|
Цели налогового контроля:
|
1. салық заңдарының бұзылуы жөніндегі деректерді айқындау;
|
1. выявление фактов нарушения налогового законодательства;
|
2. салықтық құқықтық қатынасқа қатысушының өз міндеттерін жеткіліксіз орындағаны жөніндегі деректерді айқындау;
|
2. выявление некачественного исполнения участником налогового правоотношения своих обязанностей;
|
3. кінәлілерді табу және оларды белгіленген заңи жауапкершілікке тарту;
|
3. выявление виновных и привлечение их к установленной юридической ответственности;
|
4. салық заңдарының бұзылуын (орындалмауын немесе сапасыз орындалуын) жою;
|
4. устранение нарушений налогового законодательства;
|
5. берешекті өндіріп алу түріндегі шараны қолдану арқылы мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау;
|
5. защита материальных интересов государства в виде принятия мер по взысканию недоимки;
|
6. салық заңдарының бұзылуына жол бермеу (болдырмау).
|
6. предупреждение нарушений налогового законодательства.
|
Салықтық бақылауды жүзеге асыру нысандары:
|
Формы осуществления налогового контроля:
|
1. тікелей бақылау;
|
1. непосредственный контроль;
|
2. сырттай (жанама) бақылау.
|
2. опосредованный контроль.
|
5. Салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік – мемлекеттің салық салу аясындағы салық төлеушілердің, банк мекемелері мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, сондай-ақ салық қызметі органдарының салық заңдарының атқарылу талаптарына байланысты міндеттерін ойдағыдай орындамағандары үшін заңи жауапкершілік түрлерін қолдану тәртібі мен қағидаларын белгілейтін салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты.
|
5. Ответственность за нарушение налогового законодательства – институт общей части налогового права, устанавливающий порядок и правила применения соответствующих мер юридической ответственности за надлежащее исполнение своих обязанностей, связанных с исполнением предписании налогового законодательства в сфере налогообложения налогоплательщиками, банковскими учреждениями и другими организациями, осуществляющих отдельные виды банковских операций, а также органами налоговой службы.
|
Салық заңдарын бұзу – салық төлеушілердің бюджет алдындағы өз міндеттемелерін орындамаулары немесе ойдағыдай орындамаулары, банк мекемелерінің және банкілік операциялардың жекелеген түрлерін, жүзеге асыратын басқа ұйымдардың салық заңдарын атқаруға байланысты міндеттерін бұзулары немесе орындамаулары, сондай-ақ мемлекеттік салық қызметі органдарының, олардың лауазымды адамдарының салық төлеушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзулары арқылы салық заңдарын бұзғандары үшін заңи жауапкершілік белгіленген құқыққа қайшы, кінәлі немесе әрекетсіздік.
|
Нарушение налогового законодательства – противоправное, виновное или бездействие, которое выражается в неисаолнении или ненадлежащем исполнении налогоплательщиками своих обязательств перед бюджетом; в нарушении или неисполнении банковскими учреждениями и другими организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, обязанностей связанных с исполнением налогового законодательства, в нарушении, органами налоговой службы прав и законных интересов налогоплательщика и за которое установлена юридическая ответственность.
|
Негізінде заңи жауапкершілік мына келесідей түрлерге бөлінеді:
|
Юридическая ответственность подразделяется на следующие виды:
|
1. Тәртіптік жауапкершілік;
|
1. Дисциплинарная ответственность;
|
2. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік;
|
2. Гражданско-правовая ответственность;
|
3. Қаржылық-құқықтық жауапкершілік;
|
3. Финансово-правовая ответственность;
|
4. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік;
|
4. Административно-правовая ответственность;
|
5. Қылмыстық-құқтық жауапкершілік;
|
5. Уголовно-правовая ответственность;
|
Салықтық құқық бұзушылық – салықтық қатынасқа қатысушылардың салық заңдарының нормаларымен белгіленген міндеттерді ойдағыдай орындамауларына байланысты заңи жауапкершілік көзделген құқыққа қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
|
Налоговое правонарушение – противоправное, виновное действие или бездействие, выразившееся в ненадлежащем исполнении участником налогового отношения обязанностей, установленных нормами налогового законодательства и за которое установлена юридическая ответственность.
|
Салықтық құқық бұзушылықтың белгілері:
|
Признаки налоговых правонарушении:
|
1. Құқыққа қайшылығы;
|
1. Противоправность;
|
2. Кінәлілігі;
|
2. Виновность;
|
3. Зардаптың (зиянның) болуы;
|
3. Наличие вреда;
|
4. Құқыққа қайшы әрекет пен соның нәтижесі болып табылатын зардаптың арасындағы себептік байланыс;
|
4. Причинная связь между противоправным деянием и наступившим в результате его вредными последствиями;
|
5. Жазаға тартылуы.
|
5. Наказуемость деяния.
|
Салықтық құқық бұзушыықтың құрамы:
|
Состав налогового правонарушения:
|
1. салықтық құқық бұзушылық субъектісі;
|
1. субъект налогового правонарушения;
|
2. салықтық құқық бұзушылық объектісі;
|
2. объект налогового правонарушения;
|
3. салықтық құқық бұзушылықтың субъектілік жағы;
|
3. субъективная сторона налогового правонарушения;
|
4. салықтық құқық бұзушылықтың объектілік жағы.
|
4. объективная сторона налогового правонарушения.
|
Салықтық құқық бұзушылықты түрлеріне қарай топтастыру:
|
Классификация налоговых правонарушении по их видам:
|
1. Мемлекеттік материалдық мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар:
|
1. Правонарушения против материальных интересов государства:
|
- салықтарды төлемеу, толығымен төлемеу немесе уақтылы төлемеу;
|
- неуплата, неполная или несвоевременная уплата налогов;
|
- салықты төлем көзінде ұстап қалмау, не болмаса төлем көзінде ұсталған салықтарды бюджетке аудармау;
|
- неудержание налога у источника выплаты либо неперечисление удержанного налога источником выплаты;
|
- салық төлеуден заңсыз босату;
|
- незаконное освобождение от уплаты налогов;
|
- банк мекемелерінің салық төлеушілердің тапсырмасы бойынша бюджетке аударылуға тиісті салық сомаларын аудармаулары немесе уақтылы аудармаулары.
|
- неперечисление или несвоевременное перечисление банками сумм налогов в бюджет на основании распоряжения налогоплательщика или соответствующего исполнительного документа.
|
2. Салық төлеушілердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар:
|
2. Правонарушения против прав и законных интересов налогоплательщиков:
|
- салықтарды заңсыз белгілеу;
|
- незаконное установление налогов;
|
- салықтарды заңсыз алу, не болмаса оны түсім көзінде заңсыз ұстап қалу;
|
- незаконное взимание налогов либо его удержание у источника выплаты;
|
- артығымен төленген салықты қайтарудан заңсыз бас тарту;
|
- незаконный отказ в возврате излишне выплаченного налога;
|
- салық төлеушінің шаруашылық қызметтеріне заңсыз кедергі жасау;
|
- незаконное воспрепятствование хозяйственной деятельности налогоплательщика;
|
- салық құпиясын жариялап қою.
|
- разглашение налоговой тайны.
|
3. Салық жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруына кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар:
|
3. Правонарушения, препятствующие нормальному функционированию налоговой системы:
|
- салық төлеушінің салық есебіне уақытында тұрмауы немесе өзін салық есебіне қоймауы;
|
- непостановка или несвоевременная постановка налогоплательщиком себя на налоговый учет;
|
- салық есебін белгіленген қағидаларды бұза отырып жүргізу (салық төлеуден жалтару мақсатында емес);
|
- ведение налогового учета с нарушением установленных правил (без цели уклонения от уплаты налога);
|
- салық декларациясын табыс етпеу немесе мерзімінде табыс етпеу (бұл жерде де салық төлеуден жалтару мақсатында емес);
|
- непредставление или несвоевременное представление налоговой декларации (без цели уклонения от уплаты налога);
|
- салық қызметі органы берген, оның салық есебінде тұрғанын (алынғанын) растайтын құжатсыз төлеушіге банкілік шот ашу.
|
- открытие налогоплательщику банковского счета без предъявления им документа, выданного органом налоговой службы и подтверждающего факт постановки его на налоговый учет.
|
4. Салық қызметі органдарының өз функцияларын жүзеге асыруға кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар:
|
4. Правонарушения, препятствующие осуществлению функций налоговой службы:
|
- салық қызметі органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбау (талаптарын орындамау);
|
- невыполнение законных требований органов налоговой службы и их должностных лиц;
|
- салық қызметі органының лауазымды адамын жәбірлеу;
|
- оскорбление должностного лица органа налоговой службы;
|
- банк мекемесінің салық төлеушіге банкілік шот ашқаны жөнінде салық қызметі органдарының хабар бермеуі;
|
- несообщение банком в органы налоговой службы об открытии налогоплательщику банковского счета;
|
- банк мекемесінің салық қызметі органдарының салық төлеушілердің белгіленген мерзімде енгізбеген (төлемеген) салық, айыппұл, өсім сомаларын бірінші кезекте алу жөніндегі талаптарын орындамауы.
|
- неисполнение банком в первоочередном порядке распоряжений органов налоговой службы на взимание с налогоплательщика суммы налогов, штрафов, пени, не внесенных в установленные сроки.
|
Қаржылық-құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылықтар:
|
Налоговое правонарушения финансово-правового характера:
|
1. табыс салығын төлем көзінде ұстап қалмау;
|
1. неудержание подоходного налога у источников выплаты;
|
2. салықты уақтылы төлемеу;
|
2. несвоевременная уплата налога;
|
3. артық төленген салық сомасын уақтылы қайтармау;
|
3. несвоевременный возврат суммы переплаты налога;
|
4. декларацияны уақтылы табыстамау;
|
4. несвоевременное представление декларации;
|
5. декларацияда салық мөлшерін кемітіп көрсету;
|
5. занижение размера налога в декларации;
|
6. ағымдағы төлем сомаларының мөлшерін кеміту;
|
6. занижение размера сумм текущих платежей;
|
7. тауарларды (жұмыс, қызметтерді) өткізу жөніндегі операцияларды салық есебінде көрсетпей жүргізу;
|
7. проведение операций по реализации товаров (работ, услуг) без отражения в учете;
|
8. нақтылы есептелген табыс салығының сомасының аванстық төлемдер сомасынан асып кетуі.
|
8. превышение сумм фактически начисленного подоходного налога над суммой авансовых платежей.
|
Әкімшілік-құқықтық сипаттағы салықтық құқық бұзушылықтар:
|
Налоговое правонарушение административно-правового характера:
|
1. салық есебіне қою мерзімін бұзу;
|
1. нарушение срока постановки на налоговый учет;
|
2. салық салу объектісінің есепке алынбауы немесе оның белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілуі;
|
2. отсутствие учета объекта налогообложения или ведение его с нарушением установленного порядка;
|
3. салық салу объектісін жасырып қалу;
|
3. сокрытие объекта налогообложения;
|
4. салық декларациясын табыстамау немесе уақтылы табыстамау, не болмаса оған жалған мәліметтер енгізуҒ
|
4. непредставление или несвоевременное представление налоговой декларации либо включение в налоговую декларацию искаженных данных;
|
5. бюджеттерге төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептемеу;
|
5. неправильное исчисление налогов и других обязательных платежей в бюджет;
|
6. заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын төлем көзінде дұрыс ұстамау.
|
6. неправильное удержание подоходного налога с юридических и физических лиц у источника выплаты.
|
Тақырыбы: Салықтың құқықтың ерекше бөлімі институттарының сипаттамасы.
|
|