Түйіндік сөздер: Фермент, энзим, кофермент, апофермент, ақуыз, спецификалық әсер, активті орталық.
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Ферменттер, химиялық табиғаты, құрылымы, классификациясы, номенклатурасы. Ферменттерді бөліп алу және тазалау. Ферменттердің әсер ету механизмі (Михаэлис-Ментен теңдеуі), кинетикасы, активті орталығы. Ферменттердің әсеріне температураның, ортаның рН-ының әсері. Ферменттердің спецификалық (таңдамалы) әсері. Аса маңызды коферменттер.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Ферменттердің химиялық табиғаты және құрылымы.
Маңызды коферменттер.
Ферменттердің активтілігіне әсер ететін факторлар.
Ұсынылатын әдебиет:
Сейітов З.С. Биохимия, Алматы, 1991.
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.М. Биологиялық химия. Қарағанды, 2007.
N 4 лекция.
Тақырыбы: Гормондар.
Мақсаты: Гормондардың химиялық табиғаты, классификациясы және атқаратын қызметімен танысу.
Түйіндік сөздер: Гормон, гипо- және гиперфункция, стероидтық, ақуыздық гормондар.
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Гормондар, химиялық табиғаты, құрылымы, классификациясы (табиғаты және бөлініп шығатын без бойынша). Гормондардың биологиялық маңызы. Қалқанша бездің, ұйқы безінің, бүйрек үсті безінің, жыныс безінің гормондары. Олардың химиялық табиғаты, құрылымы, атқаратын қызметі. Гипо- және гиперфункция. Стероидтық және пептидтік гормондардың организмге әсер ету механизмі.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Гормондардың классификациясы.
Гормондардың аттары мен химиялық формуласын жазу.
Гормондардың әсер ету механизмі.
Ұсынылатын әдебиет:
Сейітов З.С. Биохимия, Алматы, 1991.
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.М. Биологиялық химия. Қарағанды, 2007.
Сеитов З.С. Биохимия, Алматы, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |