Умк биохимия


Классификациясы және маңызды өкілдері



бет9/31
Дата07.10.2023
өлшемі467.5 Kb.
#480105
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
annotation29528

6. Классификациясы және маңызды өкілдері. Химиялық құрамы бойынша ақуыздар екіге бөлінеді: 1) жай ақуыздар немесе протеиндер; 2) күрделі ақуыздар – протеидтер. Жай ақуыздар гидролизденгенде тек қана амин қышқылдарына ыдырайды, ал күрделі ақуыздар амин қышқылдары және простетикалық топқа ыдырайды.
Жай ақуыздардың маңызды өкілдері:
Альбуминдер, глобулиндер, гистондар, протаминдер, проламиндер, глутелиндер, протеиноидтар (склеропротеинтер), коллаген, кератин, эластин, фиброин.
Күрделі ақуыздардың маңызды өкілдері.
Хромопротеидтер (гемоглобин, миоглобин), нуклеопротеидтер (ДН-протеидтер, РН-протеидтер), фосфопротеидтер (казеин, пепсин), липопротеидтер, гликопротеидтер (муциндер, мукоидтар).
7. Полипептид тізбегін лабораторияда химиялық синтездеу
Полипептидтік байланысты жүзеге асыру үшін арнайы мәселені шешудің қажеттігі жоқ. Мәселе мынада: Бұл реакцияға қажетті радикалдар (амин қышқылдары) бізге қажетті фукционалдық топтарымен емес, басқа да активті функционалдық топтарымен әрекеттесуі мүмкін (бос NH2, COOH, -SH, OH, т.с.с.). Сондықтан бұл сезімтал топтарды алдын-ала жауып (қорғап) қою керек, яғни оларды басқа бір реакцияның көмегімен қорғау қажет. Пептидтік байланыс түзілген соң бұл қорғаушы топтар аласталуы керек. Сонымен, полипептид тізбегін синтездеуде әрбір амин қышқылының жалғануы бірнеше сатыдан өтеді және, әрине, әрбір сатыдағы өнімнің шығымы жоғары болуы керек, пептид тізбегі жеткілікті ұзын болуы үшін
Мысалы: конд. агент
Қорғаушы топ-амин қышқылы + амин қышқылы-қорғаушы топ →
Қ.т.-тарды аластау
→ қ.т.-дипептид қалдығы-қ.т. → дипептид + қ.т.-тар
Міне осындай схема бойынша ары қарай пептид тізбегі ұзара береді.
Енді осы процесті нақтырақ қарастырайық. Айталық Лей – Ала – Фен трипептидін алу керек болсын.
Пептид синтезі қатты фазалық әдіс деп аталатын Меррифилд және қызметкерлерімен бірге жасаған автоматты құралда жүзеге асырылады. Әрбір реактив реакциялық камераға автоматты түрде, белгілі бір дозалармен беріледі. Әрбір реакция белгілі қатаң орындалатын уақыт ішінде жүреді, негізгі өнімді қосалқы өнімдерден болу үшін қатты фазалық әдіс қолданылады.
Бірінші, С- шеткі амин қышқылын ерімейтін шайыр (смола, ионит) ковалентті отырғызудан бастайды. Келесі, амин қышқылының NH2-тобын қорғаушы топпен жапқаннан кейін агент – дициклогексилкарбодиимидтің қатысында реакцияны жүргізеді.
Бүкіл процесс біткенше тізбек шайырға жалғаулы болады, біткен соң ерімейтін бөлшекке жалғанған полипептидті фильтрлеп, жуып, сосын шайырдан ажыратады. Ол үшін жаңа түзілген пептидтік байланыстарды бұзбайтын реакциялар қолданылады.
Осы әдіс бойынша, Меррифилд қызметкерлерімен нонапептид - брадикининді (гормон) синтездеп алды, шығымы – 85%, 27 сағатта, 1 пептидтік байланысқа - 3 сағат. Кейінірек осы топ, вазопрессин, окситоцин гормондарын және инсулиннің екі тізбегін синтездеді: А-тізбек (21 қалдық) 8 күн, β-тізбек (30 қалдық) – 11 күн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет