Пәнді оқыту міндеті тірі организмдерді құрайтын негізгі биологиялық белсенді қосылыстардың құрамын, құрылысын, химиялық табиғатын, зат алмасудағы рөлін меңгеру. Алған білімдері негізінде биологиялық белсенді қосылыстардың өкілдерін синтездеу мүмкіндіктері жайлы ұғым қалыптатыру.
Пәнді оқу барысында студенттер білулері керек: тірі организмдерді құрайтын негізгі биологиялық белсенді қосылыстардың құрамын, құрылысын, химиялық табиғатын, табиғатта таралуын, зат алмасудағы рөлін; ақуыздар, көмірсулар, липидтердің анаболизм және катаболизм процестерінің негізгі заңдылықтарын.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер жасай білулері керек: алған білімдері негізінде тірі материяның біртұтастығы жайлы ұғымды түсіндіру; заттардың құрылысы мен құрамының олардың биологиялық белсенділігіне әсерін түсіндіру; негізгі биологиялық белсенді қосылыстардың ыдырау және биосинтезделу схемаларын құрастыра білу.
Пәнді меңгеру үшін алдын-ала оқытылуы қажет пәндер мен аралас пәндердің тізімі:
Органикалық химия – ақуыздар, көмірсулар, липидтер, амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, гетероциклды азотты негіздердің құрамы мен құрылысы, химиялық қасиеттері.
Пәннің мазмұны
Лекциялық курс мазмұны
№
|
Тақырыптар
|
Сағат
|
1
|
Кіріспе. Ақуыздар химиясы
|
1
|
2
|
Витаминдер, майда еритін витеминдер
|
1
|
3
|
Ферменттер
|
1
|
4
|
Гормондар
|
1
|
5
|
Көмірсулар, қорытылуы , сіңірілуі, биосинтезі
|
1
|
6
|
Көмірсулардың биологиялық тотығуы
|
1
|
7
|
Липидтердің химиясы
|
1
|
8-9
|
Липидтердің алмасуы
|
2
|
10-11
|
Нуклеин қышқылдары
|
2
|
12-13
|
Ақуыздардың алмасуы
|
2
|
14
|
Тірі организмдегі минералды заттар
|
1
|
15
|
Қанның химиясы және биохимиясы
|
1
|
СОӨЖ
NN
рр
|
Аты және мазмұны
|
Көлемі,
сағат
|
Тапсырманы бақылау түрі
|
Орындау мерзімі, апта
|
1
|
Амин қцышқылдары мен ақуыздардың химиясы
|
3
|
Дөңгелек үстел
|
2-3
|
2
|
Суда еритін витаминдер
|
2
|
Жеке әңгімелесу
|
4-5
|
3
|
Аса маңызды кофеғрменттер
|
2
|
Семинар
|
6-7
|
4
|
Гипофиз гормондары. Гормондардың әсер ету механизмі
|
2
|
Реферат
|
8-9
|
5
|
Көмірсулардың химиясы
|
1
|
Конспект тексеру
|
10
|
6
|
Көмірсулардың аэробтық жолмен ыдырауы, лимон қышқылының циклы (Кребс циклы). Процестің химиялық реакциялары, ферменттері, энергетикалық тиімділігі. А ацетил коферментінің түзілуі. Процестің жиынтық теңдеуі. Көмірсулардың пентозафосфаттық жолмен ыдырауы.
|
2
|
Семинар
|
11-12
|
7
|
Липидтердің химиясы. Қарапайым және күрделі липидтер. Липоидтар – балауыздар, стеролдар. Олардың химиялық табиғаты, функциясы, биологиялық маңызы.
|
1
|
Жеке әңгімелесу
|
13
|
8
|
Липидтердің алмасуы. Триглицеридтердің биосинтезі – жоғарғы май қышқылдарының түзілуі және белсендірілуі, глицериннің түзілуі және белсендірілуі, биосинтез. Реакциялардың реттелуі, ферменттер. Фосфолипидтер мен холестеролдың биосинтезі.
|
2
|
Конспект тексеру
|
14-15
|
Небәрі: 15 сағат
|
Лабораториялық сабақ мазмұны
№
|
Мазмұны
|
Сағат мөлшері
|
Орындау мерзімі,
|
1.
|
Қауіпсіздік техникасы. «Биохимия» практикумында жұмыс істеу ережелері
|
2
|
1
|
2.
|
Ақуыздарға тән сапалық және түсті реакциялар
|
2
|
2
|
3.
|
Ақуыздарды диализ арқылы тазалау
|
2
|
3
|
4.
|
Витаминдерге тән сапалық реакциялар
|
2
|
4
|
5.
|
Ортаның рН-ының амилаза фарментіне әсері
|
2
|
5
|
6.
|
Гормондарға тән сапалық реакциялар
|
2
|
6
|
7
|
Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау
|
2
|
7
|
8
|
Коллоквиум
|
2
|
8
|
9
|
Майдағы йод санын Маргошес әдісімен анықтау
|
2
|
9
|
10
|
Нуклеопротеидтер гидролизін зерттеу
|
2
|
10
|
11
|
Дише және Шварц әдісімен РНҚ мөлшерін анықтау
|
2
|
11
|
12
|
Қан сарысуындағы кальцийдің сандық мөлшерін анықтау
|
2
|
12
|
13
|
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфорды анықтау
|
2
|
13
|
14
|
Қан сарысуындағы темірді анықтау
|
2
|
14
|
15
|
Коллоквиум
|
2
|
15
|
|
Небәрі:
|
30 сағат
|
15 апта
|
. Әдебиет
Негізгі:
1. Сейітов З.С. Биохимия, Алматы, 1991.
2. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.М. Биологиялық химия. Қарағанды, 2007.
3. Сеитов З.С. Биохимия, Алматы, 2002.
4. Химия биологически активных соединений. Под ред. Преображенского А.Н., М., Химия, т- 1-2, 1976.
5. Бохински С.И. Современные воззрения на биохимию, М., 1987.
Қосымша:
1. Овчинников Ю.А. Биоорганическая химия, М., 1986.
2. Шайқұтдінов Е.М., Төреханов Т.М., Шәріпқанов А.Ш. Органикалық химия. Алматы, «Білім», 1997.
3. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. –М., ВШ, 1981.
4. Травень В.Ф. Органическая химия. М.: Академкнига, 1,2 том, 2004.
5. Ленинджер А. Основы биохимии, М., Мир, 1986, т.1-3.
6. Халменова З.С., Бейсебеков М.Қ. Биохимия негіздері және биологиялық белсенді жүйелер синтезі курсының лабороториялық практикумына арналған әдістемелік құрал. Алматы, Қазақ университеті, 2008, 41 б.
7. Физикалық және коллоидтық химия негіздері мен биологиялық химия лабораториялық жұмыстарына арналған методикалық нұсқаулар. Құрастырғандар: Жұмашев Ж.Ж., Сейтқалиев К.С., Хлыбова Г.К., Туғанбекова М.Ә., Зайцева В.А., Әлімжанова Ш.С. Алматы, 1990.
11. СОӨЖ тапсыру түр іжәне мерзімі:
Конспект, ауызша әңгімелесу, бақылау жұмысы, конспект тексеру, реферат, дөңгелек үстел.
Тапсырма 1 аптадан бастап беріледі, 2-14 аптада тапсырылады.
МБ түрі және мерзімі:
Семестр бойында студенттер 2 мәрелік бақылау (7 және 15 аптада) тапсырады. Мәрелік бақылау тест, жазбаша бақылау жұмысы, ауызша сұрау түрлерінде өткізіледі.
Емтиханды жазбаша, ауызша және тест түрінде өткізуге болады.
Баға қою саясаты:
1 МБ (оқу үлгерімдерін ескере отырып) 1-30 %
2 МБ (оқу үлгерімдерін ескере отырып) 30-60 %
Емтихан - 40%.
МБ және ағымдық бақылау нәтижелері жинақтау принципі бойынша ведомостьке қойылады және емтиханға жіберуге негіз болып табылады. Егер студент семестер бойында МБ және ағымдық бақылау қорытындысы бойынша максимал бағаның (60 %) жартысынан кем балл жинаса, емтиханға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |