Умк биохимия



бет6/31
Дата07.10.2023
өлшемі467.5 Kb.
#480105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
annotation29528

Лекция 1
Тақырыбы: Кіріспе. Ақуыздардың химиясы
Мақсаты: Сдуденттерді биохимия пәнінің зерттейтін салаларымен және ақуыздардың қасиеттерімен, синтездеу жолымен таныстыру.
Түйіндік сөздер: Биохимия, ақуыз, амин қышқылдары, құрылым деңгейлері, пептид, пептидтік байланыс, С-шеткі, N-шеткі амин қышқылдары, ақуыз синтезі.
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Биологиялық химияға кіріспе. Биохимияның жаратылыстану пәндерінің ішінде алатын орны. Биохимия ғылымының даму тарихы. Белгілі биохимик ғалымдар.
Ақуыздардың классификациясы. Қарапайым және күрделі, глобулалық және фибриллалық ақуыздар, олардың биологиялық функциясы. Ақуыздарды бөлу, тазалау, молекулалық массасын анықтау, гидролиздеу әдістері. Физика-химиялық қасиеттері. Ақуыздардың құрылым деңгейлері. Пептидтер, пептидтік байланыс. Полипептид тізбегінің сапалық және сандық құрамын анықтау, амин қышқылдық кезектесуін анықтау. Амин және карбоксил топтарын қорғау әдістері, қорғаушы топтарды алу. Дициклогексилкарбоимидтік, азидтік, нитрофенол эфирлері, аралас ангидридтер және қатты фазалық пептидтерді синтездеу әдістері.


Ақуыздардың химиясы

  1. Жалпы түсінік.

Ақуыздар – амин қышқылдары қалдықтарынан құралған табиғи жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Олар кез-келген тірі организмнің құрылымдық және функционалдық негізін құрайды. Ф.Энгельс: “Өмір дегеніміз ақуыздық денелердің тіршілік ету тәсілі” деп жазған.
“Белок” – орысша жұмыртқаның ақ уызы деген мағынаны білдіреді. “Протеин” деген де термин («protos», гр., ең алғашқы, басты, маңызды) қолданылады.
Жануар организмінде ақуыздар аса маңызды қызметтер атқарады: құрылымдық, катализдік, қорғаныс, тасымалдау, энергиялық, тұқым қуалаушылық қасиеттерін тасымалдау т.с.с.
Ақуыздар организмнің жалпы массасының 18-21 %, ал құрғақ массасының 45-50 % құрайды. Ең көп – көк бауырда - 84, өкпеде - 82, бұлшық етте - 80, бүйректе - 72, мида - 45, теріде - 65, сүйекте - 28.
Ақуыздың элементтік құрамы, % : С – 50-55, О – 21-24, N – 15-18, H – 6.5-7.5, S – 0.3-2.5, P – 1-2 %. Кейбір ақуыздарға аздаған мөлшерде (0,3-0,00001%) Fe, Cu, Mn, Ba, Ca т.б. элементтері кіреді.
Ақуыздардың молекулалық массасы бірнеше мыңнан жүздеген миллионға дейін.
Пішіні негізінен екі түрлі – глобулалық (шар тәрізді), фибриллалық. Фибриллалық ақуыздар, әдетте, құрылымдық және жиырылу қызметін, ал глобулалық ақуыздар – метаболиттік қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет