Управление биологической активностью почв



бет50/57
Дата21.06.2016
өлшемі12.89 Mb.
#151919
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ

1. Дзюбенко, А. А. Новые информационные технологии в образовании / А. А. Дзюбенко. – М. : Педагогика. – 2000. – 104 с.

2. Машбиц, Е. И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. / Е. И. Машбиц. – М. : Педагогика. – 1988. – 192 с.

3. Морев, И. А. Образовательные информационные технологии. 4.1: Обучение: Учебное пособие. / И. А. Морев. – Владивосток : Изд-во Дальневост. ун-та. – 2004. – 158 с.


ӘОЖ: 002.53:004.65


ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Т. Ж. Сатыбаева, магистрант

Ғылыми жетекшісі: Г. М. Миниус, техн. ғылымдарының докторы, профессор


Казахстанский университет инновационных и телекоммуникационных систем
Мақалада оқыту процесіндегі мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен мультимедиалық технологияларды пайдаланып оқытуға қол жеткізудің нәтижелері жазылған.
В статье излогается о возможностях и использовании мультимедийной технологии в процессе обучения, которые можно рекомендовать для базового среднего образования.
In this article it is written about possibility and using cartoon’s technology in studying, which can be recommended for the base secondary education.
Әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге талпынған кез келген елдің, ұлттың өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы – ұлттық рухани құндылықтарды негізге ала отырып, әрбір жеке адамның білім алуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы ретінде азаматтардың тұлғалық, психофизиологиялық, интеллектуалдық даму деңгейін арттыру үшін олардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған Азаматтардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету білім беру жүйесін ақпараттандырумен тығыз байланысты [1].

«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың» мемлекеттік бағдарламасында, «Бастауыш және орта кәсіптік білімді ақпараттандырудың» бағдарламасында мына мәселелерге баса назар аударылған:

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесіне енгізу жөніндегі нормативтік-қүқықтық базаны жетілдіру;

компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне (1 компьютерге келетін оқушылардың саны 10-15) жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;

білім беру ұйымдарын интернет желісіне қосу;

білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу;

оқыту технологиясын аппараттық-бағдарламалық жабдықтау;

ақпараттық технологияларды оқыту процесіне енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды жүргізу.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың да үнемі назарында болып келеді [2].

Мысалы, білім саласын ақпараттандырудың, компьютерлендірудің әртүрлі аспектілері А. П. Ершов, В. М. Монахов, И. В. Роберт, В. С. Гершунский еңбектерінде, оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі В. А. Каймин, Ю. С. Брановский, Н. В. Василенко еңбектерінде қарастырылған. Ал, Қазақстанда бүл мәселелерге Ж. А. Қараев, С. К. Кариев, К. А. Танатаров, К. З. Халықова, К. Т. Искакова, Н. И. Аманжолова, т.б. зерттеулер жүргізді.

1990 жылдардың бас кезінде пайда болған компьютерлік оқыту технологиясының жаңа бағыттарының бірі – интеллектуалдық оқыту жүйелерін құрудың және оны пайдаланудың мәселелерімен С. Ю. Карпова, Ш. Х. Күрманалина, Л. В. Корчагина айналысты.

Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі – мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдалану болып отыр. Оқытуда мультимедиялық технологияларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілері Ю. Н. Егорованың, дидактикалық аспектілері Н. В. Клемешованың, орта мектептің информатика, математика пәндерін оқытуда мультимедианы пайдалану әдістемесі С. С. Кравцовтың, Т. Г. Пискунованың еңбектерінде зерттелінген [3].

Білім беру жүйесінің жаңа талаптары мен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін ескере отырып, мынадай тұжырымға келуге болады: үздіксіз білім беру жүйесін жетілдірудің перспективалық бағыттарының бірі ретінде мультимедйялық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және дидактикалық құрамын дамыту маңызды болып саналады.

Мультимедиалық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өндеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Білім берудегі мультимедиа – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал.

Мультимедианың бағдарламалық құралдары – интерактивті режимде әртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өндеу, ұсыну, біріктіру секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі – басқаруды қамтамасыз ету. Яғни, қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігінің болуы.

Мультимедиалық өнімдер – мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат.

Жалпы, оқыту процесіндегі мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктерін төмендегі кестеден көре аламыз.

Мультимедианың ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше маңызға ие.

Мультимедиа интернет-технологияның да дамуына тікелей әсер етіп отыр. Интернетте бейнеконференциялар үйымдастыруда дыбыстық жэне бейнелік хабардың сапасын төмендетпей ұсыну, байланысқа түскен адамның бет-бейнесін компьютер мониторынан көріп отыру мультимедианың жемісі. Мультимедиалық технологиялардың көмегімен бүгінгі таңда кез келген адам өзі жөніндегі мәліметтерді, фотосуреттерді, тіпті, өз дауысын интернет желісіне шығаруға мүмкіндік алып отыр.

Оқыту процесінде мультимедианы пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өндеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері, оқытудың коммуникациялық аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.

Мультимедиалық технологияларды белгілі бір оқыту жүйесінің (математика пәні) мазмұны мен әдістеріне негізделген жағдайда пайдалану тиімді. Мультимедиалық технологиялар мен оқыту әдістерінің өзара байланысы біркелкі болмайды, яғни, бір мультимедиалық құрал бірнеше оқыту әдістерін қамтыса, ал керісінше, бір оқыту әдісінде бірнеше мультимедиалық технологиялар кешені пайдаланылуы мүмкін. Қазіргі заманғы мультимедиалық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқыту әдістерін талап етеді.



1-Кесте – Оқыту процесіндегі мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері




Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар

Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиімділігін арттыру мүмкіндіктері

Мультимедиалық технологиялардың пайдаланудағы жетістіктер

1.

Объективті күрделі материалдарды оқыту

Оқу материалын бөлшектеп ұсыну

Оқушылардың оқу материалына қызығушылығы артады

2.

Түсінік -ұғымдардың абстрактылығы, жалпылау, салыстыру қажеттілігі

Нақты ұғым қалыптастыру, салыстыру, жалпылау кезіндегі иллюстрациялау

Нақтыдан абстракцияға, жекеден жалпыға ауысу жеңілдігін көрсетеді

3.

Эксперимент жасаудың күрделілігі

Зертханалық аудиторияларда өткізуге мүмкін емес тәжірибелерді демонстрациялау

Зертханалардағы қүрал-жабдықтардың жеткіліксіздік мәселесін біршама шешу

4.

Құбылыстар мен процестердің механизмін оқыту

Құбылыстарды, процестерді модельдеу, динамикада көрсету

Құбылыстар мен процестердің табиғатын ашып көрсету

5.

Тез немесе жай өтетін процестерді оқыту

Проекциялық құрылғылар көмегімен табиғаттағы процестердің жүруін бақылау

Құбылыстар мен процестерді оқыту кезінде уақытты тиімді пайдалану

6.

Объектінің көрінбейтін бөлігінде өтетін микропро-цестерді бақылау, түсіндіру

Коммуникациялық қүрылғылар, Web -камералар мүмкіндіктерін пайдалану

Бақылау кеңістігінің шекарасын үлкейту

7.

Негізгі заңдылықтар мен құбылыстарды техникада қолданудың көпсалалығы

Табиғаттағы заңдылықтардың техникада қолданылу аясымен танысу

Заңдылықтардың қолданбалы сипатын, ғылым мен техника жетістіктерін бейне-материалдармен түсіндіру

Интерактивті негіздегі мультимедиалық технологиялар интернет желісі және СБ-курстар арқылы ауыл мектептерінің «оқшау қалып қою» мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Мультимедиалық технологияларды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нэтижелерге қол жеткізеді:

оқу материалын терең түсінуге;

оқу мотивациясының артуына;

алынған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;

білім беруге жүмсалатын шығынның азаюына т.б.

Білім беруде мультимедиалық технологияларды тиімді пайдалана алуы үшін болашақ мамандар мынадай білімдерді меңгеруі қажет:

пәндік, пәнаралық, арнаулы курстарды жүргізуде мультимедиалық технологияларды қай жерде, қандай мақсатта және қалай пайдалануы керектігін білуі;

мультимедианы әртүрлі оқыту модельдеріне (сызықтық, сызықтық емес, ізденушілік, аралас т.б.) сәйкесті қолдана білуі;

оқыту қүралдарының жүйесін құру;

мультимедиалық технологияларды пайдаланудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкесті іс-эрекет мазмұнын таңдау.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев, Н. Ә. Қазақстан халқына Жолдауы: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан / Н. Ә. Назарбаев. – Астана. – 2007. – 16 б.

2. Компьютерная технология обучения: Словарь-справочник / Под ред. В. Ю. Гриценко, А. М. Довгялло, А. Я. Савельева. – М. : Педагогика. – 1992.

3. Павелко, Г. Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану / Г. Павелко, С. Искакова. // Математика және физика. – 2008. – № 3.


downribbonsharp


Айдар:

Рубрика:

Жоғары білім беру жүйесіндегі риторика

Риторика в системе высшего образования

Қазіргі таңдағы шешендіктану /риторика/ ілімі – ойлана шебер сөйлеу үрдісінің жүйесін танытатын, ойланудан вербализациялауға дейінгі үрдістің күллі сатыларын есепке алатын классикалық риторика ғылымының заңды жалғасы. Риторикалық канондар – адамның өзіндік сөйлеу жүйесінің алгоритмі. Демек, шешендіктану арналары, риторикалық канондар, үздік «шешен-классиктер» туралы мағлұматтар – сөйлеу өнерін жете игеруге аса қажетті база.

Біздіңше, шешендік өнер тек шартты түрде ғана өнер делінеді, ал, шын мәнісінде, бұл – бойында бұған қатысты аса қажетті белгілері жоқ болса да, әрбір адам игере алатын басым дәрежедегі шығармашылық іс-әрекет. Ендеше, әрбір сауатты адам үздіксіз де қажырлы, мақсатты да ұмтылысты еңбектің нәтижесінде шешендік өнер негіздерін, яғни, аудитория алдында түсінікті де қызғылықты және иланымды сөз сөйлеу білігін әбден меңгере алады. Ал, қазіргі таңда осы орайлас білік-дағдысыз кәсіби маманның қалыптасуын көзге елестету мүмкін емес

Әріптестеріміздің сұрауы бойынша шешендіктану қағидаларын практикалық ісімізде пайдалану жолдары жөніндегі талдамаларымыздың жалғасын ұсынамыз. Бұл бағыттағы ой-түйіндеріміздің басы «Ғылым және білім» журналының алғы реттегі сандарында / «Жоғары оқу орны оқытушысының лекторлық кәсіби қалпы», 2009, №4, 122-127-б.б.; «Сөз сөйлеуге қатысты тірек сауалдар мен алғы мақсатты жүйелеу талдамасы», 2010, №1, 309-315-б.б./ жарық көрді. Ұсынылып отырған үшінші мақалада негізгі мәселемізді жинақтаймыз. Әрине, бұл - шешендіктану ілімінің бір қалтарысы ғана.
ӘОЖ: 808/574/
Жоғары оқу орны оқытушысының шешен-лектор қалпындағы

сөйлер сөзіндегі негізгі тезистің жүйелену аспектілері
А. С. Қыдыршаев, пед. ғылымдарының докторы, профессор
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада жоғары оқу орны лектор – оқытушысының сөйлер сөзіндегі негізгі тезистің жүйелену аспектілері екшеле түйінделеді. Нәтижеде шешендік сөз композициясының құрылымдық элементтері таратылып ұсынылады.
В статье раскрываются аспекты систематизации основных тезисов выступлении лектора – преподавателя вуза. В результате чего вычленяются структурные элементы композиции речи оратора.
The aspects of systematization of main thesis of higher school lector-teacher’s speech are revealed in the article. As the result, structural elements of orator’s speech composition are divided into parts.
Негізгі ойды тура да нақты баяндауға ұмтылмау – көпшілік жағдайда лекторларда кездесетін дағды кемдігі мен тартымсыздық қалпын аңғартар олқылықты құбылыс. Бұндай жағдайда тыңдаушылардың бар энергиясы шешен не айтқысы келгенін аңғаруға кетер болса, сөйленген сөз тыңдаушыларға тиісті дәрежеде әсер етпейді. Осы ретте шешен өзінің тың да батыл ойын тезис күйінде айқара ашып салмауы тиіс.

Тезис – бұл басты ойдың (идеяның) сөзбен бейнеленуі. Лекция мақсатына анық сілтеме берер негізгі пайымдама немесе фраза. Тезисті жинақтай жүйелеу үшін, шешен өзіне-өзі: «Мен адамдарға тұтас тақырыптың өзегі ретінде не айтамын?», «Тыңдаушыларға міндетті түрде не туралы айтуға тиіспін?», «Мен ең басты деп нені есептеймін?», «Өз санамда не қалуы тиіс?» секілді сауалдарды қойғаны орынды.

Тезистің жүйеленуі – күрделі психологикалық-лингвистикалық міндет. Күрделілігі сол – басты ойдың оп-оңай қалқып аларлықтай үстіртін қалыпта жатпайтындығы. Оны бағытталып отырған аудитория мен сөз сөйлеудің нақты мақсатына орайлас алғы межені есепке ала отырып (әлеуметтік сұранысқа қоса) ойлап шығарған жөн. Тезис – дәлелді талдаудың барша инструкциясының өзегі. Соған сәйкесті ол санада шегеленуі тиіс. Бұл орайда қазіргі шешендіктануды зерттеушілердің бірі былайша жазады: «Важно опредилить тот содержательный и композиционно – стилистический центр, стержень, вокруг которого организуется вся речь. Тем самым определяется общая стратегия речи, роль и функций отдельных компонентов» [1, 78 б.].

Қысқасы, тезисті, барша сындарға, полемикаларға, өмірдің сан алуан қиындықтарына төзуі тиіс фразаны, ұштау оп-оңай емес. Салған жерден белгілі бір талаптарға жауап берерліктей қысқа да нақты тезисті жүйелеу қиын-ақ. Көбінесе алғашында бірнеше фразалардан тұратын ой шекарасын кескіндейтін жұмыс, алдын-ала қағазға түсірілген тезисі белгіленеді. Ілгері мазмұнмен жүргізілер жұмыс барысында ол талапқа сәйкесті екшеледі, қысқарады және ақырында жүйеленеді. Ал, сөйленер сөз нысанының шектелуіне, яғни бастыны айтуда сөздің аз, ойдың мол ұстанымы жүзеге аспақ.

Сөйленер сөздің сапасына мысқал да зиян келтірместен ойды қалай тығыздауға, сөзді қалай шектеуге болады? Тақырыпты тұтастай меңгеру - мәселенің бір жағы. Оған адам ғұмыры жетпеуі мүмкін. Екіншісі - жинақталған білім тығыздығына сәйкесті белгіленген аудиторияға орайлас тұщымды да тәлімді, қилы қалтарысты елең еткізер сөз сөйлеу білу. Бұның алдыңғысы да, соңғысы да аса қажетті.

Сөйленер сөздегі негізгі сауалдардың молдығы, көбінесе, автордың басты ойды жеріне жеткізе ойластырмағанын аңғартады. Егер де әрқайсысына көл-көсір уақыт кететін болса, төртеуден аса баптарды белгілеудің қажеттігі шамалы. Бұған аудиторияның да жадына одан аса мәліметті сіңірудің ауыр тиерін ескеру артық емес. Кейде іс мәнісін меңгеруге екі мәселенің өзі-ақ жеткілікті болып жатады.

Қысқасы, аз сөзбен көпті айту – оқытушының лекторлық шеберлігінің озық көрінісі. Қазақтың Қабдоловынша айтсақ, «аз біліп, көп сөйлеген – мылжың, көп біліп, аз сөйлеген – шешен».

Оқыту үрдісінде оқытушының жекелік ұстанымы да көп нәрседен хабар береді. Көрсетілімдердің қарапайымдылығы, үрдістер мен құбылыстардың көрнекі бейнеленуі, тірек белгілер, символдар елестетуді оятады және көргенін есте ұзақ сақтауға себепші.

Таныс нәрсені қалайша қызықты етуге, ал жаңа мен күрделіні қалайша түсінікті етуге болады? Біріншіден, егер де тақырып ескі болса (бұрын айтыла-айтыла мезі етілген тақырып болса), онда оны жаңа да тың деректермен және мейлінше байқалып тұрған қызығушылықтармен үйлестіре дамытуды керек етеді. Екіншіден, егер де тақырып тың да бұрынғылардан ерекшелеу болса, онда оны тыңдаушылардың тұрмыстық тәжірибелеріне және көпшілікке мәлім ережелерге сүйене отырып дамыту тиімді. Дегенмен де екі жағдайда да көтерілген мәселе мен оның нысанына байланысты мейлінше көбірек бағыттама ұстану керек-ақ. Жалпы кім-кімге де пәнді нашар білсе, оған оны баяндау да мейлінше қызықсыз, оның сөйлеген сөзінің мазмұны кедей болған сайын, онда тың да жаңа материалдардың мардымсыздығын аңғартады.

Тіпті тың да жақсы іріктелген материалдар – бұл архитектуралық құралдардың қоймасы ғана. Әлі, фундаменті құйыла тұрса да, сөйленер сөз сарайы тұрғызылмаған. Тақырып бар, мақсат айқын, негізгі ой тезис үлгісінде жүйеленген, дегенмен де әлі даму үрдісі жоқ. Оны ойлау – аудиторияға ұсынбас бұрын, алғашында өз санаңда негізгі идеяны баяндаудың ой ұшығын мәжелеу деген сөз. Қашан да өзіңмен-өзің отырып сараптау, яғни ой дамуының жүйелілігін анықтау пайдалы.

Егер де не туралы сөйлеймін, неге сөйлеймін, қанша сөйлеймін сауалдарына жауап табылса, лекция тақырыбы ашылады деп сенуге әбден болады. Ендігі кезекте сөйленер сөздегі ой ұшығын анықтау мен лекция жоспарын әзірлеу ғана қалады.

Сөйленер сөздің ой ұшығы лекцияның басынан аяғына дейін негізгі ойдың даму логикасын, мақсатқа бағытталған қозғалыстың жүйелілігін аңғартады. Ол композицияның базасы болып табылады, яғни материалдардың кіріспеде, негізгі бөлімде және қорытындыда жүйелі орналасуы.

Жоспар – лекциядағы ой ұшығында тармақтала орналасып, мәтіндік үлгіде безендірілген сөйленер сөздің негізгі элементтерінің жүйесі. Мәселен, проблемалы лекцияның шамамен мөлшерленген жоспарының үлгісі төмендегіше:
Тақырып

(сөйленер сөз нысанының атауы)

Әлеуметтік

міндеті

(қоғамдық қажеттілігі)

Лекция


мақсаты

(шешеннің саналы түрдегі ұмтылысы)

Басты


тезис

(басты қозғаушы ой, идея, ереже)

Негізгі мәселелер:


  1. проблемасы

(қиын жағдаят)

  1. мүмкін болар жолдар

(альтернативті келістер)

  1. ұсынылар

шешім

(іс-әрекетке жол табу)


Ой ұшығы индуктивті, дедуктивті, аналогия бойынша құрылып, саралау бағытында хронологиялық т.б. қалыпта болуы мүмкін.

Сөйленер сөздігі ой ұшығын межелей отырып, лекцияның шамамен мөлшерленген жоспарын құрастырғаннан кейін, сөйленер сөздің (лекцияның) композициясын құруға көшкен орынды.



Сөйленер сөз композициясы – бұл оның құрастырылуы, жинақталуы, реттелуі, құрамды бөліктерінің орналасуы, баяндалу тәртібі.

Дәстүрлі композиция үш блок материалдарын қамтиды: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды (1-кесте). Сөйленер сөз композициясы туралы М. В. Ломоносов былай жазады: «Расположение – есть изобретенных идей соединение в пристойный порядок ... Храброго вождя искусство состоит не в одном выборе добрых и мужественных воинов, но не меньше зависит и от приличного установления полков».

Лекция материалдарын орналастыруда жүйелілік, үдете түсу, органикалық біртұтастық пен үнемділік қағидаттарын басшылыққа алу орынды. Идея дамуының жүйелілік қағидаты шешенді баяндауды әрбір ілгері ойдың алдынғыдан туындап жататынындай не бір-бірімен етене байланысты қалыпта болуындай тұрғыда ойластыруды қажет етеді. Бұл құрылымдық жинақтылықтың, сөйленер сөздің тұтастығының, сәйкесінше, шешендік өнер туындысы ретіндегі сөйленер сөздің аяқталғандығының міндетті жағдайы. Аталмыш қағидатты орынды ұстану – тыңдаушылардың назарын аудартуға етене ұмтылыс жасауға, нақты жүйеленіп жинақталған мақсат арқылы тыңдаушылардың ойлағанынан шығуға, ілгері материалды баяндауға кең жол ашуға септесетін сөздің басқы тұсындағы идеяның толысуын жүзеге асыру. Бұның бәрі кіріспеде жүзеге асырылады. Бұдан кейін негізгі бөлімде мақсатқа қол жеткізілгені жөнінде айту міндетті. Мұндай жағдайда сөйленген сөз аяқталған шығарма іспеттес қабылданады.

Әсер етуді үстемелету ұстанымы айғақтардың дәлелдемелік күшінің, сезім мен құлшыныс қуаттарының мәндігін біртіндеп ұлғайта түсуді міндеттейді. М. В. Ломоносовқа сүйене айтсақ, алғашында тыңдаушылардың ақылмен қабылдауына «әзірлеу» керек. Алғашқы минуттарда күшті айғақтар мен бұрқыраған эмоцияларды таныту тиімсіз. Сөйлеу барысында тыңдаушылардың зейіні солғындап төмендей бастағанда, қызығушылық мейлінше күшті дәлелдеме көздерімен және эмоциональдық шегіністермен қыздырылады. Сөз соңында мақсатқа жету үшін аудиторияға психологиялық тұрғыда ұшқын ендіруге қол жеткізу міндетті. Бұл арада ең бір сенімді айғақтар мен әсер етудің психоэмоциональдық тәсілдерін қолдану тиімді. Аталмыш қағидат зейіннің құлдырауы заңдылықтарымен әсер етудің эстетикалық заңдарынан туындайды.

Мейлінше аз мерзім, күш-қайрат және сөйлеу құралдарын жұмсай отырып, максимум тиімділікке қол жеткізу қағидаты шешеннің алға қойылған мақсатқа барынша қарапайым, белгіленген аудиторияға сәйкесті сендіру амалдары мен баяндау схемасына қол жеткізуге ұмтылысын аңғартады.

Педагогикалық жұмыстың бірден-бір сәтті де нәтижелі болуы жоспарланған нәтижелерге жетуде шешеннің де, тыңдаушылардың мүмкіндігінше аз күш-жігер мен уақыт шығындауында. Бұл орайда Аристотель өз тұсында: «... если мы имеем даже самые точные знания, все-таки нелегко убеждать некоторых людей, говоря на основании этих знаний, потому что оценить речь, основанную на знании, есть дело образования, а здесь перед толпою это невозможно. Здесь мы непременно должны вести доказательства и рассуждения общедоступным путем ...» [2, 17-18 б.], – деген.

Ал, енді лекция оқуда көбірек кездесетін композициялық олқылықтар қандай? Біздіңше, бұлар төмендегіше:

 сөз басының болмауы, тақырыпқа шұғыл туралай енушілік пен сөйленген сөздің мезі етер бір қалыпты болуы;

 бір ойдан екінші ойға ауысардағы, бір мәселеден екінші мәселеге өтердегі түсініктілік пен нақтылық болмауы;

 бөлімаралық сәйкесті көлемділіктің бұзылуы (кіріспенің созылыңқы болуы, негізгі мәселелердің көптігі, қорытындының тым келте қайрылуы);

 теориялық пайымдаулардың басымдылығы мен эмоциональды сергітудің болмауы;

 қорытындыда соңының басымен байланыстың болмауы;

 ой дамуының логикасы сақталмауына сәйкесті пайымдаулардағы бос сөзділік.

Жалпы адамдар теориядан гөрі дерекке (болған оқиғаға, істелген іске) көбірек сенері даусыз. Мәселен, біз өз сөзімізде мүмкін болар салыстыруларды қолдана білсек, онда теориялық идеяны жандандыра отырып, оларды өмірдің өзіндей етуге мүмкіндік туады, ақырында, өзгелерді өз түйіндеу-пайымдауларымыздың дұрыстығына сендіре аламыз.

Біздіңше, лекцияға әзірлік барысында төмендегідей мәселелер турасында ойлану керек-ақ:

1. мақсатқа қол жеткізудегі ең қызғылықты әрі қысқа да нұсқа жол қайсысы екендігі;

2. баяндау барысының қарапайым әрі түсінікті болуы;

3. пайымдаманың аудиторияны еліте еріте алуы.

Осы айтылғандарды жадыда ұстай отырып, лекция композициясына жауап берерліктей, лекциядағы ой ұшығын анықтауға және нақты тезисті жоспар құруға ұмтылған жөн (1-кесте).

Нәтижеде тезисті жоспар мен композицияны байланыстыра отырып, бұларды нақты мысалдармен, айғақ-дәлелдермен толықтыра келе, шешендік мәнерлегіш құралдарды қолдану барысында лекция мәтінінің алғашқы нұсқасы жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет