Управление биологической активностью почв



бет52/57
Дата21.06.2016
өлшемі12.89 Mb.
#151919
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

ЛИТЕРАТУРА

1. СанПиН 2.3.2. 1078-01 «Гигиенические требования безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов» (ред. от 15.04.2003)//Бюллетень нормативных актов федеральных органов исполнительной власти. №22.23.

2 . Ильязов Р.Г. и др. Руководство по ведению сельскохозяйственного производства на радиоактивно загрязненных территориях Республики Беларусь и Российской Федерации. – Минск – Москва. – 2005. – 142с.

3. Шакиров Ф.К. Биогеософия – Новый этап развития экологического и социального мышления // Феномены природы и экология человека. – Казань: Изд-во КГУ, 2004. – Т.2.






ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ТАРИХ
ӘОЖ: 94(574)
БАТЫС АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
Г. Ж. Балжанова, магистрант

Ғылыми жетекші: Д. Д. Сулейменова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент


Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы


Ғылыми мақалада Алаш қайраткерлерінің өмірдеректеріне, олардың атқарған істеріне тоқталып, Батыс Алашорда қайраткерлері – Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедовтердің халқына, олардың болашақ тағдырына деген көзқарастарына айырықша мән берілді. Сонымен қатар Алашорданың Батыс бөлімі мүшелерінің Дәулетшаһ Күсіпқалиев пен Салық Омаровтың деректері туралы жазылған.
В научной статье рассматривается жизненный путь лидеров Западной Алашорды – Жаһаншы Досмухамедова, Халела Досмухамедова, их труды и особенно взгляды на будущее своего народа. Также рассмотрены работы членов Западной Алашорды Дәулетшаһа Кусипкалиева и Салыка Омарова.
This scientific article considers the life of Zhakhanshy Dosmukhamedov, Khalel Dosmukhamedov, leaders of West Alashorda, their works and especially their view on future of their people. The worksof Dauletshakh Kussipkaliyev and Salyk Omarov, members of West Alashorda, were also considered there.
Қазақ халқы ХХ ғасырдың басында талай қиыншылықтарды өткергені белгілі. Осы қиыншылықтар мен керітартпалықтан құтылудың алғаш жолын іздегендер қазақтың көзі ашық, көңілі ояу зиялылары болды. Бұлардың көбі Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында: Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан университеттерінде білім алған, қазақ жастарының қаймағы еді. Сондықтан да XX ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, кұқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып, ашылмай келгені де белгілі. Оларсыз қазақ тарихы – тұл, алтын дегені – күл еді. «Алаш» партиясынсыз саяси күрес тарихын, «Алашорда» үкіметінсіз экономикалық ілімдер мен реформалар тарихын, «Алаш автономиясынсыз» Қазақстан мемлекеттілігінің негізін, Алаш ардагерлері өмірінсіз ұлт тарихын жасау, мемлекеттік тіліміздің тарихын қалыптастыру мүмкін емес [1].

Қазақтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

Сондықтан да Алашорда үкіметінің қайраткерлерінің бірі Жаһанша Досмұхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын ашық білдірген болатын [2]. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы туралы, мемлекеттік тіл, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз қажет және ол бүгінгі күндерде өз мәнін жойған жоқ.

Алашорданың Батыс бөлімінің жетекшісі, көрнекті қайраткер – заңгер, шешен Жаһанша Досмұхамедов 1887 ж. 28 маусымда қазіргі Сырым ауданы, Бұлдырты ауылында, Тамды өзені бойында дүниеге келген. Тегі-Байұлына жататын Тана руының Қарақұнан бөлімінің – Сүйіндігі.

Әкесі Досмұхамедов Жайық өңіріне аты мәлім дәулетті, көзі ашық, көшелі кісі болған. Жаһанша ауыл молдасынан хат танып, жалдамалы Жәдид мүғалімінен мұсылманша хат таныған. Кейіннен Жымпиты қаласындағы екі кластық «приходская» мектебінде орыс тілінде оқып, сауатын ашқан. 1899 жылы Орал қаласындағы реалдық әскери училищесінің дайындық класына қабылданды. Осы реалды училищені 1905 жылдың 07 қарашасында үздік аяқтаған [3]. Бір жыл әзірлік бөлімінде оқып, 1906 жылы Москва қаласындағы император атындағы университеттің Заң факультетіне оқуға түседі. Оны 1911 жылы ойдағыдай аяқтап шығып, Орал қаласында статист қызметін атқарған. Осы жылы «Уральский листок» газетінің 3 санында «Несколько слов о киргизском праве в нарсуде» деген мақаласы жарық көреді. Бұл мақалада Жаһанша Досмұхамедов қазақ халқының өткен тарихында мемлекеттік басқару жүйесі болған, оның дәлелі Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» деп өзінің пікірін ашық көрсетеді. Бұл газет материалы цензураға күдік туғызып, Жаһанша Досмұхамедовты Орал облысынан кетуіне ықпал жасайды. Жаһанша Досмұхамедов Томск қаласында кейіннен Каинск уезі бойынша прокурордың орынбасары болып тағайындалады. Ал 1917 жылдың ақпанында осы өңірде қызмет атқарып жүрген Жаһанша Досмұхамедов Ақпан төңкерілісінің жеңісін естіп, орыс патшасының тақтан құлағанын білген соң, еліне оралады және 1917 жылы 19-23 сәуір аралығында өткен Орал қазақтарының бірінші съезіне төраға болып сайланады [4]. Бұл мәлімет Батыс Қазақстан облысы мұражайының 418 қор, №320 тізбе, іс №29 алынды. (осы дерек соңғы тың мәлімет. Жаһанша Досмұхамедов жөнінде Д. Д. Сүлейменовадан алынды. Автор Г. Ж. Балжанова)

Осылайша, 1917 жылдан 1920 жылдар аралығында Орал Қазақтарының бес съезі өтеді. Бұл съездерде Қазақ комитеті құрылады, оның құрамына 20 адам сайланады. Жаһанша Досмұхамедов I және II Жалпы Қазақ съездерінің делегаты, Мәскеуде өткен І-інші Бүкілресейлік Мұсылман съезіне қатынасады, осы съезде Бүкілресейлік «Шура и ислам» комитет төрағасының орынбасары етіп, оны бірауыздан сайлаған. Осы сапарда Уақытша үкіметінің Құрылтай жиналысы жөніндегі заң жобасын әзірлейтін айрықша Кеңесіне (Предпарламент) мүше болып енді. Жаһанша Досмұхамедов 1938 жылы Мәскеу қаласында «Бутарка» түрмесінде ұлтшыл, Алаш идеясын таратушы ретіне 3 тамызда атылды. Алаш қайраткері, басшысы, ұйымдастырушысы болған Ж. Досмұхамедов арамыздан осылайша солақай саясат құрбаны болды [5].

Алаш партиясы, Алашорда үкіметін құруда оның жемісті еңбек етуіне ерекше үлес қосқан, оның басшыларының бірі болған – Халел Досмұхамедев. Х. Досмұхамедов 1883 жылы Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының, Қызылқоға ауданының Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзені бойында дүниеге келеді. Алғаш ауыл молдасынан сауатын ашқан Халел Ойыл (Көкжар) қаласындағы бір кластық орыс қырғыз (қазақ) училищесінен бастапқы білім алып, одан кейін Орал реалды училищесін 1903 жылы үздік бітіреді. Сол жылы ол Санкт-Петербор қаласындағы императорлық әскери Медицина академиясына түсіп, оны 1909 жылы үздік бітіреді. Оқуды бітірген соң, ол сол жылы Пермь губерниясына қарасты Чердынь уезіндегі Морчань бөлімшесінде және бөлімшенің қабылдау бөлімінде екі бірдей жұмысты атқарады. Сол 1909 жылдың аяғында Халел Досмұхамедов Түркістанға оралып, сонда дәрігер болып 1910 жылдың сәуіріне дейін істейді. Оралға ауысып, Орал казак-орыстарын емдейтін Ілбішін, Калмыков қамалдарындағы ауруханада алғаш кіші дәрігер, кейін аға дәрігер болып қызмет атқарады. Сондай-ақ Халел 1918-19 жылдары мемлекеттік саяси құрылым ретінде өмір сүрген «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі қызмет жүйесінің негізін салған адамдардың бірі. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайына Қазақстаннан үш делегат сайланғанда, соның бірі Халел Досмұхамедов болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан арасында Орынборда өткен екінші жалпы қазақ съезінде Халел Досмұхамедов бастан аяқ төрағалық еткен. Алашорда тапсырмасымен Жаһанша екеуі 1918 жылы РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. И. Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссары И. В. Сталинмен Алашорда және Кеңес үкіметінің арақатынасына байланысты келіссөздер жүргізді. Халел Досмұхамедов азамат соғысы жылдарында Алаш қозғалысының бір орталыққа бағынған біртұтас қызметін жүргізу қиын болған кезінде Жымпиты қаласында өткен Орал қазақтарының төртінші съезінде Мәскеуде өткен кездесу жайлы баяндап, жиын шешімі бойынша «Ойыл уәлаятының» Уақытша үкіметін құрады. Сөйтіп саяси күреске түгелдей берілген Халел Досмұхамедов Алашорданың өзге қайраткерлерімен бірге Алаш партиясы жұмысына, Алаш автономиясын жариялау ісіне, Алашорда үкіметін құруға белсене қатынаса отырып, оның басшыларының бірі болды.

1920 жылдан бастап Алаш қозғалысына Кеңес үкіметі тыйым салуына байланысты Халел Досмұхамедовтің білім, ғылымға бағышталған қызметі басталады. Ол 1920-25 жылдары Ташкенттегі Орта Азия университетінде ординатор, Түркістан Автономиялық Республикасы Орталық атқару комитеті жанындағы Қырғыз-Қазақ білім комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. 1926 жылы қазіргі Абай атындағы (Бұрынғы ҚазПИ) Алматы педагогикалық университетін құру жөніндегі комиссияның төрағасы болып, Қазақстандағы 1928 жылы құрылған тұңғыш оқу орнының проректоры болып тағайындалады. Проректорлық қызметпен қоса, ұстаз ретінде профессорлық (1929 жылы) қызметті де атқарады. 1930 жылы Алашордаға қатысқаны үшін Халел Досмұхамедовке саяси айып тағылып, жұмысынан босатылып, Воронеж қаласына жер аударылады. Сөйтіп, Халелдің қуғын-сүргінге ұшыраған кезеңі басталып, 1938 жылы 26 сәуірде түтқынға алынып, 1939 жылы 23 сәуірде үштіктің шешімімен атылады. Халел Досмұхамедов 1958 жылы ақталғанмен, ұзақ жылдар есімі аталмай, еңбектері жарияланбай келді. Шындығында Халел қоғамдық қызметпен қоса, көптеген әр саланы қамтыған құнды ғылыми еңбектер де қалдырды. Оның медицина, биология, тарих, әдебиет тақырыбында жазған еңбектері, соның ішінде «Табиғаттану» (1922), «Жануарлар» (1922), «Адамның тән тіршілігі» (1923), «Как бороться с чумой среди население Киргизского края» (1918 және 1925), «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925) оқулықтары, қазақ тілі мэселесіне арналған «Қазақ-Қыргыз тіліндегі сингармонизм заңы» (1924), әдебиет, фольклор мәселесін қамтыған «Шернияз шешен» (1925), «Қазақ халық әдебиеті» (1928), ауыз әдебиеті мен қазақ ақындары мұрасына арналған «Мұрат ақын сөздері» (1924), «Исатай-Махамбет» (1925), «Аламан» (1926) жинақтары-тарихи мәселелерге арналған еңбектері баршылық [6]. Бұдан басқа Халел Досмұхамедов көптеген көпшілік-ғылыми, публистикалық мақалалардың авторы. Оның еңбектері бүгінде терең зерттеліп, бірнеше докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды.



Күсепқалиев Дәулетше (Дәулетшаһ) - жоғары білімді алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Батыс Алашорда қайраткері. Тегі төре, соның ішінде Нұралы хан тұқымы. Атасы — Нұралы-ның Орманынан туған. 1869-1870 жылы Кіші жүз қазақтарының патшалық жаңа басқару жүйесіне қарсы көтерілісін бастаған Күсепқали көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Ахметше, Шәңгерей, Сәлімгерей, Әділгерей, Сахыпкерей, Жүсіп дейтін алты баласымен бірге Сібірдегі Екатеринослав уезіне жер аударылды. Жүсіптің баласы Дәулетшаһ Старосербск қаласында дүниеге кедді. 1880 жылы тірі калған ағаларымен бірге елге – Жайық өңіріндегі Азынабай – Тайпақ атырабына, атамекені Ақбақай жайлауына (казіргі Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылы маңы) оралды. Д. Күсепқалиев болыстық орыс-қазақ мектебін және Орынбор гимназиясын тәмамдады. Императорлық Мәскеу университетінің медицина факультетіне түсіп, оны 1900 жылы үздік бітірді. Кейбір деректер бойынша осы университеттің заң факультетінде қатар оқып, екі дипломды бірге алған. Сол жылы Орал облысына қарасты Ілбішін уезіндегі 2-медицина – ауылдық учаскеге дәрігер бо­лып бекітілді, Қарағаш, Өлеңті, Жымпиты, Соналы, Қалдығайты болыстарына дәрігерлік қызмет көрсетті. 1903 жылдан Орал облысындағы Гурьев уезіне қарасты 2-учаскенің Есбол, Қарабау, Кермеқас, Тайсойған және Қызылқоға болыстарына қызмет көрсететін дәрігер әрі осы учаскеде крестьянский начальник, Кермеқас 1 кластық орыс-қазақ училищесінің камқоршы-попечителі. Көрнекті қазақ ақыны Шеңгерейдің ағасы Мұхамедкерей Бөкеевтің қызы Айшаға үйленді. Облыстық земство жиынының қаржысын пайдалана отырып, ауруханада жүйке сырқатына шалдыққандарды емдейтін бөлімше, перзентхана ашуға ұйытқы болды. Саратовтық эпидемиолог дәрігер Г. Кольцовпен бірге алғаш қазақ даласында обаға карсы күресетін лаборатория ұйымдастырды, жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстарын жүргізді. 1914 жылы Самара каласында өткен облыстық обаға карсы күрес съезіне қатысып, жан-жақты баяндама жасады. Ақпан революциясынан кейін іле-шала әлеумет жұмысына араласты. 1917 жылы 10 наурызда Жайық сырты қазақтары өкілдерінің жиналысында Ғ. Әлібековтің төрағалығымен құрылған Жайық сырты бөлігі облыс комитетіне мүшелікке сайланды және осы комитет Орал облыстық азаматтық комитетіне Ғ. Әлібеков, Б. Қаратаевпен бірге өкіл болып кірді. Сол жылы сәуірде өткен 1-Орал облыстық Қазақ съезінде қазақ комитетіне мүше болып сайланды. 1917 жылы желтоқсандағы 2-Жалпықазақ съезінің делегаты, съезд хатшысы. Алаш автономиясын дереу жариялауды жақтап дауыс берді. Мамырда Жымпитыда өткен 4-Орал облыс­тық қазақ съезінің делегаты, съезд төрағасының орынбасары. 1918-1919 жылдары Ж. Мергенов, Ж. Досмұхамедовпен бірге «Ойыл уәлаятындағы» Алашорда үкіметі кеңесінің мүшесі болды. 1928 жылы күзде «жартылай феодал», әрі бұрынғы Алашорда қайраткері деген екі категориямен тәркіленіп, Орал округінің 113 байы қатарында Жетісу округіне жер аударылды. 1929-1934 жылдар аралығында Алматыда, республикалық венерологиялық диспансерде дәрігер, әрі Алматы ауылшаруашылық институтында оқытушы. 1934-1940 жылдар аралығында Алматы облысының, Қаскелең ауданындағы ауруханасының, Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданындағы ауруханасының, Семей облысы Абай ауданындағы ауруханасының бас дәрігері. 1944 жылы соңғы қызмет еткен жерінде қайтыс болды.

Салық Омаров (т. ж. б. Орал облысы Жымпиты уезі, Өлеңті болысы, Жетікөл ауылында дүниеге келген. 1941 ж. қайтыс болған) – Батыс Алашорда қайраткері. Тегі – Байұлына жа-татын байбақты руының дат бөлімі. Қазақ халқының атақты биі, батыры, қоғам қайраткері Сырым Датұлының шөбересі, батырлығына коса шешен болған, сол үшін ел ішінде «қанатты Қазы» атанған полковник Қазы Сырымұлынын немересі. Өз әкесі Омар да сөз ұстаған, ел ішінде ыкпалды адам болған. Омаров көп жыл бойы Өлеңті болысының управителі болып сайланды. 1912 жылы сайлауда орнына орысша сауатты Әжігерей Есеналин сайланғаннан кейін сауда-кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1917 жылы Ақпан революциясынан соң халықтың өзін-өзі басқару құрылымын түзу кезінде ел ішіндегі көзі ашықтарға және отағасылық билік түзіліміне – «азаматына Алаштың» арқа сүйеген Ж. Досмұхамедов пен X. Досмұхамедовтер кезінде өз бабалары – тана Малайсары би тірек болған Сырымның ұрпағы Омаровты 1917 жылы сәуірде еткен 1-Орал облыстық қазақсъезіне арнайы шақырды. Осы кезде Омаров Жайық сырты қазақтарының облыстық комитетіне мүше болып сайланды. 1917 жылы жазда Жымпиты уездік атқару комитетінің жаңа аумақтық межелеу саясатына қарсы шығып, бұрынғы ауылдық-болыстық аумақтық бөліністі сақтап қалуды қызу жақтады. Мұны мемлекеттік сезімі төмендеу, аламандық мінезі күштілеу келетін көшпелі тұрмыс салты ынғайында жүргізді. Кәрім Жәленов, Бақтыгерей Игіліков басқаратын уатком құрамын күшпен таратып жіберу ісінің басында тұрды. 1917 жылы жазда земстволық съезді шақыруға байланысты құрылған Жымпиты уездік ұйымдастыру комитеті құрамына кірді, уездік земство управасының төрағалығына Б. Жанкадамовты сайлауға атсалысты. 1918 жылы акпанда Қаратөбеде өткен 3-інші Орал облыстық қазақ съезінде Жайық сырты қазақтарының бөлек бөлу ниетін кызу қолдап, Алаш әскеріне 200 ат берді. 1918 жылы сәуірде Орал облысы қазақ земство басқармасымен қазақтардың Войско үкіметі арасында қол қойылған келісімшартты қолдап, оны сол жылы Жымпитыда өткен 4-інші Орал облыс қазақ съезінде бекітуге белсене қатысты. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметіне мүше болып сайланды. Жаңа үкімет құрамында жер пайдалану мәселесіне жауап берді.

1928 жылы Орал округіндегі ірі байларды тәркілеу кезінде Омаров Салық Жетісу округіне жанұясымен жер аударылады. Шамамен 1937-1938 жылдары Жетісудан Челябіге 10 жылға жер аударылып, сонда 1941 жылы қайтыс болады. Соңында қалған ұрпағынан Шұғыл, Ғабдол-Насыр деген ұлы белгілі. Ғабдол-Насыр Орал қаласындағы медтехникумда сабақ беріп жүрген кезінде қызметтен шығарылып, 1937 жылы саяси қуғынға ұшыраған [5].

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына өзіндік үлес қосқан Алаш қайраткерлерінің еңбектері ұшан теңіз. Олардың есімдері тарих бетінен өз орындарын алуы тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Құл-Мұхамед. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы / Құл-Мұхамед – Алматы: Атамұра. – 1998.

2. Ақбаев, Ж. Жанша / Ж. Ақбаев – Орал. –1994.

3. Батыс Қазақстан облысы мұражайының 418 қор, №320 тізбе, іс №29

4. Батыс Қазақстан облысы мұражайының 418 қор, №320 тізбе, іс №29

5. Сүлейменова, Д. Д. Алашорданың батыс бөлімінің тарихы – өлке тарихының құрамдас бөлігі / Д. Д. Сүлейменова. – Арыс. – 2007. – 136 б.

6. Сүлейменова, Д. Алаш қозғалысы: теория, тарих, тағылым / Д. Сүлейменова, Л. Серикова, Ж. Өтегенов. – Орал: Полтграфсервис. – 2009. – 288 б.



ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ФИЛОСОФИЯ
ӘОЖ: 101: 2
Дін: түсінік пен ЫНТЫМАҚҚА АПАРАТЫН ЖОЛ
Т. Х. Рысқалиев, философия ғылымдарының докторы, профессор

В. А. Есенгалиева, философия ғылымдарының кандидаты, доцент

Г. М. Хайруллина, ізденуші
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада қазіргі ғылым мен ақпарат заманында діннің адам, қоғам өміріндегі орны мен рөлі дінге жаппай бет бұрудың мәнісі туралы сөз болады.
В статье речь идет о трудных путях обращения человека к религии, о тех бесценных находках, которые ждут его на этом пути, о том, какое облагораживающее, очищающее влияние оказывает религия на него.
In this article it is spoken about difficult ways of mans addressing to religion, about those invaluable finds which wait for him on this way, about refinining, cleaning influence of religion on him.

Дін дегеніміз – адам мен дүниенің, рухтың арасындағы байланысты білдіретін сана. Діни сана – адамның тылсымдық болмысын бейнелейді. Дін – қоғам өміріндегі рухани күш. Қай қоғамда да діннің алатын орны ерекше.

Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын фенонемдер. Діннің қызметі адамға рухани тірек болу, күнделікті күйбің –шүйбің тіршіліктің бұғауынан босату.

Дін жолына түскен адамның өмірінде түбірлі өзгерістер болуы шарт. Ол бұрынғысындай қалай болса солай өмір сүре алмайды. Ол Құдайын естен шығармайды. Қазір біздің елімізде қай дінді де ұстануға ерік берілген. Діннің адамдардың іс-әрекеттері мен сезімдеріндегі рөлі айрықша, өйткені дінді пайдаланып асыра сілтеу жақсылыққа апармайды, ол адам өміріне қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасында діни конфессияларға өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үшін тең де тиімді жағдай жасалған және дінаралық үнқатысу үдерісі белсенді жүруде. Қазақстан, сонымен қатар, мәдениеттер мен діндердің жақындасу үдерісінің бастамашысы болып отыр.

Діннің жолы – бір басқа, ғылым жолы – бір басқа. Дін Құдай жөнінде, рух жөнінде, Құдайға құлшылық ететін адамдар жөнінде баяндайды, ал ғылым материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстар жөнінде мағлұмат береді.

Дін – адамның қалауы. Адамды мазалайтын сұрақтар, жайттар көп болады. Кейбіреулеріне ғылым, кейбіреулеріне философия, ал кейбіреулеріне тек дін ғана жауап бере алады.

Әлемге танымал болған кейбір ғалымдар кемеліне келген шақта дінге беріліп, діннің табиғаты жөнінде көп ойланған: Паскаль, Кант, Фрейд, Эйнштейн, Вернадский, Жак Ив Кусто т.т. Күнделікті күйбең – шүйбеңмен шектелмей, рухани құндылықтар жөнінде, өмір, өлім жөнінде ойланып толғанған адам түбі дінге бет бұрады. Ағылшын философы Ф. Бэконның бір сөзі бар: «Ақылдың аздығы, философияның аздығы адамды Құдайдан алшақтатады, ақылдың көптігі, философияның көптігі, керісінше, адамды Құдайға жақындатады» – деген.

Адамдар табиғат, қоғам, адам жөнінде оқиды, зерттейді, ізденеді. Сол сияқты есті адам дін, Құдай жөнінде де ойланып толғанады. Соқыр сенім деген бар. Бұл – басқалардың немесе үйдегі тәрбиенің, дәстүрдің ықпалымен дінге жүгіну. Бұл – бір басқа. Ал дін жөнінде оқып, ізденіп діннің мәдени, моральдық қызметтерін түсініп дінге жүгіну бұл – бір басқа. Біз XXI ғасырда өмір сүріп жатқанымызды естен шығармайық. Бізге діннің жайы белгілі сияқты көрінеді. Бірақ белгілі нәрселердің бәрін бірдей біз танып жатпаймыз. Белгілі ғой деп жүре береміз. Құдай нақты құбылыс емес. Ғылым ол жөнінде бізге ештеңе айта алмайды. Құдай – рухани құбылыс, идея, үлгі. Сондықтан ол – жұмбақ, күрделі, шексіз.

Абай Л. Толстойдың кітабынан Будда жөнінде, оның ілімі, діні жөнінде оқып, оған тәнті болады: «Ғұлама екен, кеш білгенім – ай» деп өкінеді. Будданың өмір – күрделі, өмір – күрес, ешнәрсе де адамға оңайлықпен келмейді, адам ойлаған мақсатына жету үшін азап шегеді – деген ойы Абайға үлкен әсер етеді. Будданың өмірге өкпелейтін жөні жоқ еді, ол – патшаның баласы ғой. Ол адам баласы үшін қам жеді. Адамдардың қалай болса солай өмір сүретінін ойлап қиналды. Осы жөнінде өз ілімінде баяндайды.

Абайда да бәрі бар еді. Атақ та, байлық та, талант та. Бірақ Абайдың өмірі де өкінішке, мұң мен зарға толы болды:

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

Мен келмеске кетермін түк өндірмей... немесе:

Жүрегім менің қырық жамау...

Ішім өлген, сыртым сау – дегені шындық.

Абайдың азабы халқының хал жағдайымен, надандығымен, бейқамдығымен, болашағын ойламайтынымен байланысты болды. Қай дінде де, қай кезде де дінге сенуді күшпен енгізуге тырысатын радикалдар болды, әлі де бар. Дұрысында қай дінде де зорлық жоқ. Сену, сенбеу – әркімнің өз ісі.

Қай халық та – христиан болсын, мұсылман болсын – өз қалауынша, өз дәстүріне сүйеніп өмір сүреді. Бірін-бірі күшпен, айла – амалмен, материалдық жолмен өзгертем, өз дініме көндірем деуге болмайды.

Соңғы кезде, тәуелсіздік тұсында елімізде бұрын – соңды белгісіз болып келген конфессиялар көбейді, олардың өкілдері пайда болды. Атап айтқанда: протестантизм, индуизм, исламның тармақтары. Сонымен бірге Бахаи діні, Саентология шіркеуі бірлестік шіркеуі (Мундікі), Белое братство, Церковь последнего завета т.т. Ана дінді мына дінді уағыздап, үгіттейтін миссионерлер де көбейді. Оларды шетелдер қаржыландырып та отыр. Мұндай жағдайда қандай әрекет жасауға болады? Бір жағынан, сенім еркіндігі бар. Екінші жағынан, қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстан халқының бірлігін, ынтымағын сақтауға тырысқан саясат бар. «Тәртіп орнататын кез келді, мұндай келімсектерге біздің елде орын жоқ» – деп ойлайтындар билік басында да, мұсылмандардың діни билігінде де кездеседі. Осы дұрыс бола ма?

Адамдардың арасында орын алатын түсінбестіктің, сенбестіктің бір себебі, көбіміздің діни сауатсыздығымызда, надандығымызда. Мұндай надандар қарапайым азаматтардан бұқаралық ақпарат өкілдеріне, мемлекеттік шенеуніктерге дейін бар. Кешегі кеңестік атеистік тәрбие біздерді дінге немқұрайлы қарауға үйретті. Біз әлі сол аурудан айыға алмай келеміз. Ал надандық орын алған жерде қашанда қырғиқабақтық болады.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихына үңілер болсақ, оларда қай кезде де әртүрлі ағымдар, мектептер, тармақтар болғанын білеміз. Бұған себеп болатын нәрсе:

біріншіден – діни ілімнің негізгі қағидалары жөнінде әртүрлі түсініктің және пікірталастың болуы;

екіншіден – басқа діндердің, философиялық мектептердің және саяси бағыттардың идеологиялық нұсқауларының әсері.

Осы жолдармен әуелі секталар, содан кейін олар дербес қозғалыстарға және деноминацияларға айналады, кейін солардың негізінде – конфессиялар пайда болады. Мысалы христиан діні үш тармаққа бөлінеді: католицизм, православие, протестантизм. Бізде солардың бәрі де бар. Бір кезде атақты орыс философы В. Соловьев осы үш бағытты біріктіру идеясын ұсынды. Бірақ олар әлі біріге алмай келеді.

Дүние жүзінде әр түрлі бас қосулар болып тұратыны өздеріңізге белгілі. Бұған Астанада үшінші рет өткізілген діни форумдарды жатқызуға болады. Осы ІІІ сьезде сөйлеген сөзінде Елбасы қазіргі заманда алдыңғы тұрғыға рухани ізгілік бастаулардың шығуы тиіс деді. Дәстүрлі діндердің түпкі мәні де осында. Бүкіл адамзатқа сөз арнаған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) былай дейді: «Мен ізгіліктің тектілігін жетілдіру үшін ғана жіберілгенмін». Иисус Христостың сөзі белгілі «Егер адам бүкіл дүниеге ие болса, ал өз жанына жарақат түсірсе, одан оған не пайда бар?».

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінін басын қосу туралы идеяны алғаш ұсынған Президентіміз болды. Осыған орай ол кісінің әріден және жан – жақты ойлайтынын, көрегендігін айта кету керек. Өз елімізде де күрделі мәселелер жетіп жатқанда үш-төрт күнге жан-жақтан жүздеген қонақтар шақыру, оларды күту, съезд өткізу, қыруар қаражат жұмсау – осы қадам ақтала ма? дегендер болды. Бір қарағанда, ешқандай пайда, кіріс жоқ, қып қызыл шығын сияқты болып көрінеді. Ойлап қарасақ, әлемдегі дамыған елдердіңмұндай діни форумды өткізуге шамасы келетіні белгілі. Бірақ, Америкаға, Ресейге немесе Францияға бір ел барса, бір елдің өкілдері бармауы мүмкін. Ал, біздің жердің таңдалуы ең алдымен Қазақстан халқының абыройы, беделі, бейбітшілік пен саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және діни түсіністіктің қазақстандық моделінің дүние жүзінде мойындалуы болды. Мұндай съезд Қазақстанда болмаса, басқа қайда болуы мүмкін? Біздер қаражат жағынан ұтылсақ та, моральдық жағынан ұттық. Назарбаев үшін елдің беделі, имиджі маңызды болды. Дүниежүзі Қазақстанды білді, Қазақстанға басқаша қарайтын болды. Шетелдік ақпарат құралдарында Қазақстан, Назарбаев жөнінде көп айтылады. Қазақстан этносаралық, дінаралық татулық жағдайында көп елдерге үлгі болды.

Ұлттар, ұлыстар, діндер арасында жер-жерде алауыздықтар қақтығыстар болып жатқаны белгілі. Қазақстанда 140 ұлт пен ұлыс және 46 конфессия өкілдері тұрады. 90-жылдары көптеген ресейлік, американдық сарапшылар болашақта Қазақстанды экономикалық, саяси дағдарыстарға қоса, зор этникалық және конфессиялық қақтығыстар, алауыздықтар күтіп тұр деп жариялаған болатын. Бұл болжам ақталмағанын қазір бүкіл әлем көріп отыр. Діндер лидерлерінің біздің елімізде бас қосуының бір себебі осында.

Марқұм Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 2001 жылы Қазақстанға келіп кеткенін білесіздер. Ол көршілес Ресейге барған жоқ. Неге? Себебі Ресей сол кезде өз үйінде жау іздеп, өз халқымен – шешендермен – соғысып жатты. Өзбекстанға, Латвияға, Литваға барған жоқ. Бізге келді. Астанада өткен Әулие мессада Иоанн Павел ІІ былай деп мәлімдеді: «Барлық христиандармен өзге конфессияларға сенушілерді түрлі ұлттағы және діндегі адамдар үйлесімді өмір сүріп жатқан осы қаладан, Қазақстаннан үлгі алып, зорлық зомбылықсыз әлем құруға шақырамын».

Қазіргі күні барлық адам баласы үшін ең құнды саналатын ортақ негіз – ынтымақ болуға тиіс. Егер біз діндер халық ретінде де дамығымыз келсе, онда өзара түсіністікке шақыратын осындай үнқатысуларға ұмтылып, жақсы ой мен іске жол ашуымыз керек.

Қасиетті Құранда сондай – бірлесіп өмір сүрудің жүйесі жазылған. Ислам діні ешкімді алалап бөлмейді. Сонымен бірге Құранда көп құдайға табынуға тиым салынған.

Құранда әрбір адамның дінді таңдауына ерік берілгендігі көрсетілген. Ешкімді белгілі бір дінге кіруге күштемейтіндігі, оған тыйым салынатындығы айтылған. Сонымен бірге дінге қарсылық білдіріп, діннен шығу күнә болып табылады. Бір діннен екінші бір дінді жоғары қою, оны кемсіту жанжалға ұрындырады. Белгілі бір дінге сену үшін оның мәнін, тарихын, талаптарын білу керек. Адамдар арасындағы дау – жанжалдар дейді үнді даналығы, білместіктен (авидья) туындайды. Ал келісім – білуден, білу – танудан, тану өзара сұхбаттан бастау алады. Діндер лидерлерінің сұхбаты – соның бір көрнісі. Әлемдегі этникалық діни қақтығыстарды қалай тыю керек? Діни түсіністіктің болуы отбасындағы болмаса қоғамдағы тәрбиеге байланысты.

Неміс философы Карл Ясперс Иисусты және Буданы Сократпен, Конфуциймен бірге адамзаттың ұлы ұстаздары деп атайды. Библияда, Дхаммападада тәлім тәрбиелік мәні зор даналық ойлар бар. Біз оны оқимыз, білеміз. Бірақ, олардың сөзі Құран сөздеріне, Мұхаммед пайғамбардың өсиеттеріне қайшы келмейді. Иисустың немесе Будданың сөздері біздің Алла тағалаға деген сенімімізді жоққа шығармайды. Керісінше, Құран сөздерінің құндылығына сенімімізді арттыра түседі.

Діндердің арасында айырмашылық болғанымен сол дінге сенетін адамдардың арасында діннен туатын араздық, алауыздық болуы мүмкін емес. Барлық діндер адамдар мен діндердің бейбіт, қатар өмір сүруіне үндейді. Абай айтады: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп». Елбасының мына сөзі де бәріміздің ортақ ойымызды білдіріп тұр: «Жаратушы-жалғыз, дүние ортақ, аспан асты кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір бірімізбен береке – бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек». Нұрсұлтан Әбішұлы бұл ойын әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінде айтқан болатын.

Кейде ғылым «Құдай бар ма, жоқ па?» деп сұрақ қояды да «жоқ» – деп жауап береді. Ғылым мұндай сұрақты шеше алмайды, Құдайдың бар екенін де, жоқ екенін де ғылым дәлелдей алмайды. Бұл ғылымның құзырындағы мәселе емес.

Дінге сенетін адамға «Құдай бар ма?» деп сұрақ қоюдың өзі ерсі. Ол мұндай сұрақты түсінбейді. Адамнан тыс жерде, жануарлар дүниесінде Құдай жоқ. Құдай адамның ниетінде, сенімінде, жүрегінде. Адам жақсы болған сайын Құдайға жақындайды. Құдайға ұқсайды. Адам адам болғасын Құдайдай құдіретті қажет етеді, оған сиынады, арқа сүйейді. Бұл – білместік, надандық емес. Бұл адамның рухы биік екенін, оған оны қоршаған материалдық дүниелердің, материалдық игіліктердің жеткіліксіз болғанын көрсетеді. Библияда айтылған: « Не хлебом единым жив человек». Өте дұрыс. Адамға Құдайдай үлгі қай кезде де керек. Адам Құдайға сыйынған да ол Құдайдан нақты көмек күтпейді. Құдай оның өзіне сенімін оятады, рухын көтереді. Қандай қиындықты да адам жеңе алатынына сендіреді. Құдайға үміт арту деген сөз адамның өзіне өзі үміт артқаны. «На Бога надейся, но сам не оплошай» деген сөз бар. Қол қусырып отырма, тырбын, қамдан, қарекет қыл. Сол үшін Құдай саған күш – жігер, ақыл – ес берді. Соны ұтымды пайдалан.

Кейде адам өзіндегі осы қабілеттерді іске асырмайды, оқымайды, білмейді, үйренбейді. Платонның бір сөзі бар: «Қырсыққа тап болған адам тағдырды, құдайларды, тіпті не болса соны жазғырып жатады, тек өзін емес».

Нарық жағдайында әркім өзінің қам- қарекетіне сай өмір сүреді. Біреу бай, біреу кедей болып жатса, оған байды да, Құдайды да билікті де кінәлаудың қажеті жоқ. Бәрі адамның өзіне байланысты.

Абай: “Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуаннан неміз артық” – дейді. Бұл арада «сәуле» деп тұрғаны дүниенің, өмірдің мән жайын түсіну, ақылға сыйымды көзқарастың қалыптасуы. Мұнсыз адам адам бола ма? «Сенім» деп тұрғаны дін, иман.

Ғылым, мәдениет, техника, технология қарыштап дамыған қазіргі уақытта сенімге, дінге орын болмайтын сияқты. Бәрін де жан-жақтан ағылып жатқан информация ығыстырып шығаратын сияқты.

Жоқ, олай емес екен. Жастар дінге бет бұрып жатыр.

Бірақ дінге сену, дінмен айналысу жеңіл – желпі шешім болмауы керек. Көп ойлануды қажет етеді. Сен діннің талаптарын орындауға әзірсің ба? Сен діннің жайын, Құдайдың не екенін білесің бе? ХХ ғасырдың адамдары соқыр сенімге салынбауы керек.

Қазақстан бейтшілік орнатудың ізгі жолдары, елдер мен халықтар арасындағы сенімді қалыптастыру, сондай-ақ діндер арасындағы төзімділік, сыйластық жөніндегі ғаламдық мәселелерді кең ауқымда талқылауға, сындарлы шешімдер қабылдауға жетекшілік жасайтын болады. Мұндай мәселелерді ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіне ұсынып, 56 елдің өкілдері бас қосқан мәртебелі Ұйымда талқылау үшін төрағалық ету міндеті Қазақстанға елдегі ынтымақ пен бірлікті сақтағаны үшін, 140-тан астам этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына жинай білгендігі үшін, өзге дін өкілдеріне төзімділікпен қарағаны үшін беріліп отыр. Бұл – жас мемлекетке деген үлкен сенім.

Елбасымыз өзінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында, 2020 Стратегиялық жоспарында Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамытуды негізгі мақсаттардың бірі ретінде қойған болатын.

Қазақ елі – мәңгілік. Руханият, оның ішінде дініміз таза болу керек. Бұл – қазақ өркениетінің кемелді көрінісі. Тәуелсіз елдердің діндері де мемлекеттің мүддесіне – бірлігі мен ынтымағын нығайтуға қызмет етуі қажет.


ӘОЖ: 81.246. 2:130.123.4

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет