«Устойчивый экономический рост в посткризисный период»


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ



бет35/48
Дата24.04.2016
өлшемі6.44 Mb.
#79696
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ


Дала мен кала/2 июня
Астана күні қарсаңында елорданың мәртебесін асқақтата түсер форумдар мен халықаралық конгрестер өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен минералды ресурстар және металлургия бойынша І Қазақстандық халықаралық конгресс және ІІІ Астана экономикалық форумы сол іс-шаралардың бірегейі десек те болады.

Соңғы жылдары дәстүрге айналып келе жатқан осынау маңызды форум әлем және мемлекеттер экономикасының дағдарыстан кейінгі кезеңде ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін жағдайды қалыптастыру тетіктерін ғылым жетістіктері және жеке сектор бастамалары негізінде жасауды, сондай-ақ, еліміздің экономикалық даму әлеуеті бар белсенді ел ретінде беделінің өсуіне қолғабыс етуді мақсат етіп отыр. Форум жұмысына 50-ден астам елден саяси және іскер топтардың өкілдері, оның ішінде экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары, танымал экономистер, саясаткерлер, ғылыми-зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, бизнес өкілдері қатысты. Экономикалық форум барысында бәсекеге қабілетті экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау, инновациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы инвестициялық ахуалдың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете алатын жаңа қаржы архитектурасын құру жолдары талқыланды.

Сондай-ақ, инфрақұрылым дамуына жекеменшік инвестицияларды тарту, осы саланың заңнамалық базасын жетілдіру жүйесін күшейту, әріптестік жобаларды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Мамандардың айтуынша, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-ы бастамасымен алғаш көтерілген Ақпарат алмасу халықаралық орталығын құру идеясы жіті назарға алынатын болады. Яғни, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары (МЖМӘ) үшін біртұтас терезе қалыптастыру мәселесі қозғалмақ. Құрылуы жоспарланып отырған порталда қатысушы елдердің барлық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары туралы ақпарат енгізіліп отырады. Мұндай кең көлемді ақпарат көзі өз кезегінде МЖМӘ жобаларын қаржыландыруды жоспарлап отырған инвесторлар үшін де, жоба иелері үшін де тиімді болатыны дау тудырмас. Жобалар бойынша ақпарат мемлекеттік органдарда да, МЖМӘ мәселелерімен маманданған ұйымдарда да орналастырылатын болады. Мұндай халықаралық орталықтың құрылуына атсалысып жүрген «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ еліміздегі маңызды жобалардың жеке бизнеспен бірге іске асырылуында белсенді роль атқаруымен қатар МЖМӘ механизмдерінің қазақстандық моделінің жетіле түсуіне көмектеседі. Олай дейтініміз, Қазақстан алғашқы концессиялық жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар, әрі концессия саласында жеткілікті дәрежеде заңнамалық базаға ие ел ретінде МЖМӘ механизмін жетілдіру сатысына көше бастады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өр- леу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде Экономикалық даму және сауда министрлігі мен «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ бірлесе отырып, 2010–2014 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын дайындаған. Тұжырымдама жобасында жеке қаржылық бастама моделі («көлеңкелі концессия») орын алған, яғни жеке сектор тарапынан мемлекеттік қызметтер мен жұмыстар бойынша келісімдер қаржыландырылатын болады. Алайда, оған төлемді тұтынушы емес, керісінше мемлекет төлейді. Бүгінгі таңда Қазақстан МЖМӘ озық жобаларын өз тәжірибесінде тиімді қолданып келе жатқан Жапония сынды алпауыт елмен және басқа да мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, оңды тәжірибені пайдаланып келеді. Осынау форум аясында МЖМӘ мәселелері талқыланып, сарапшылармен кеңесу арқылы еліміз әріптестік тетіктерінің қазақстандық моделін жетілдіре түсті. Ол өз кезегінде қоғамдық маңызы бар әлеуметтік жобалардың жеке бизнеспен бірге іске асырылуына қызмет етері сөзсіз. Астана экономикалық форумының нәтижесі бойынша, қатысқан елдердің басшыларына Ашық хат дайындалды. Сонымен қатар, «Экономика аясындағы үздік зерттеу», «Интернет-форум арқылы үздік баяндама» байқаулары және «Еуразия жұлдызы» жастар сайысы қорытындыланды.

Еркін ДОСЫМБАЙ.

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ДАМУҒА АПАРАДЫ


Дала мен кала/2 июня
Елордада өткен ІІІ Астана экономикалық форумына әлемнің 50 мемлекетінен саяси және іскер ортаның өкілдері, жетекші ғалымдар, ірі халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары, көрнекті экономистер қатысты. Негізгі тақырып – «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұрақты экономикалық даму». Алқалы жиынның ашылу салтанатында ҚР Президенті Н.Назарбаев сөз сөйлеп, форум жұмысына табыс тіледі.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан экономикасының өсімі 8 пайыздан астам көрсеткішке жеткен. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан рецессияға жол бермеді, сондай-ақ экономиканың өсімін сақтап қалды. Атап айтқанда, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 8 пайыздан астам болды», – деді Елбасы. Сондай-ақ, экономикалық өсіммен қатар экологиялық мәселені назардан тыс қалдырмау қажеттігін атап өтті. Бүгінгі таңда әлемнің жаңа қаржы сәулетін жасайтын кез келді. Оның негізі – қаржы нарықтарын жаһандық деңгейде бақылау мен реттеу шарасы болуы тиіс. Бұл орайда Елбасы экономикалық форумның келесі отырысы бойынша өзінің бірқатар ұсыныстарын білдірді. «Мен жаһандық экономика үшін жаһандық валюта қажеттігі жөніндегі ұстанымымнан айныған емеспін. Астана экономикалық форумының келесі отырысы осы мәселеге арналса жақсы болар еді. Әлемде экономика, қаржы жағдайын қозғаған бүгінгідей үлкен жиындар көптеп ұйымдастырылуда. Алайда, олардың бірінде де дағдарыстың салдары неден болды, оның түпкі негізі неде? – деген мәселе төңірегінде пікір таластырмаппыз. Ал мұның түп-төркінін анықтап алмасақ, біз бұл қателікпен әлі сан мәрте жолығатын боламыз», – деді Елбасы.

Бүгінгіден де тұрақты макроэкономика қалыптастыру үшін жаңа валюта қажеттігін және Еуразия континенті болашақта тұрақты түрде ықпалдасып отыру тиістігін айтқан Елбасы жаңа онжылдықта Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы жандана түскенін атап өтті. «Бүгінде Еуразия континенті әлем тұтынып отырған тауарлардың жартысынан көбін өндіріп отыр. Бұл аймақта қазір әлем халқының үштен екі бөлігі тұрып жатыр. Ал алдағы уақытта аталмыш континенттің маңызы тек артып отыратын болады. Алайда бұл аймақтағы интеграциялық үдерістер бір-бірімен бәсекелесіп отырған блоктар негізінде жүзеге асуда. Бұл – өз кезегінде Еуропа мен Азияның әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Мен Еуропа мен Азияның өте терең әрі тұрақты түрде ықпалдасып отыруын қалаймын. Меніңше аталмыш мақсаттың барынша қарқынды жүзеге асуы үшін, осы үдерістің жүрісін реттеп отыратын құжат дайындау қажет», – деді Президент. Форум барысында сөз алған шетелдік лауазымды қонақтар Қазақстан Президентінің ұсыныстары мен тың идеялары дамытуға және жүзеге асыруға лайықты екенін білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубиш, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бишамбо Астана экономикалық форумының әлемдік деңгейдегі маңызына тоқталып, қатысушыларды құттықтады. Ал, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Финн Е. Кидланд (Норвегия), Канаданың бұрынғы премьер-министрі Жан Кретьен, Еуропа Инвестициялық банкінің президенті Филипп Майштадт, Азия Даму Банкі президентінің орынбасары Жао Шаою және экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Роберт А. Манделл (АҚШ) экономикалық дамуға қатысты өз ойларын ортаға салды.

Экономикалық форум аясында өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің іскерлік форумы, инновациялық конгресс, халықаралық серіктестер мәжілісі, «дөңгелек үстелдер», сессиялар мен пікірталас алаңдары өткізілді. Екі күн бойы жүргізілген форум жұмысының қорытындысы бойынша G-20 елдері басшыларына арналған ашық хат және байқау нәтижелері жария етілді.



ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КАРИМ МАСИМОВ ПРОВЁЛ РЯД ВСТРЕЧ С УЧАСТНИКАМИ III АСТАНИНСКОГО ЭКОНОМИЧЕСКОГО ФОРУМА




03.07.2010 г. 12:52

Премьер-Министр Карим Масимов провёл ряд встреч с участниками III Астанинского экономического форума. В ходе встречи с делегацией Французской Республики во главе с Государственным секретарём по делам внешней торговли Анн-Мари Идрак, состоялся обмен мнениями по текущей ситуации в мировой экономике, а также обсуждены вопросы двустороннего индустриального сотрудничества. На встрече Главы правительства с Генеральным директором Организации ООН по промышленному развитию Кандэ Юкмеллой обсуждены перспективы взаимодействия в сфере энергоэффективности и энергосбережения.




Энергетика должна быть экономной


Фокус: 03.07.2010

Автор: МАДИНА ИМАНАЛИЕВА, АСТАНА

III Астанинский экономический форум закончился советами и рекомендациями


Предисловием к работе второго дня III Астанинского экономического форума стало выступление премьер-министра Карима Масимова, заявившего о том, что правительство отменит ручное управление экономикой, как только позволят обстоятельства.
Глава Кабмина был краток, но довольно содержателен. Он напомнил, что в период мирового кризиса государство "простимулировало" отечественную экономику более чем на 19 млрд долларов. "Несомненно, эти меры помогли направить экономику Казахстана в правильном направлении", отметил премьер. Г-н Масимов особо подчеркнул, что фискальный стимул является лишь "временным средством решения проблем, но не лечением основной болезни". По словам главы правительства, "Кабмин не может и не должен пытаться заменить частный бизнес как движущую силу роста и создания рабочих мест", а потому надеется изъять эти стимулы из управленческой логики.
Генеральный секретарь ЕврАзЭС Таир Мансуров назвал вверенное ему сообщество одной из самых успешных интеграционных структур. Впервые идеи интеграции были озвучены Нурсултаном Назарбаевым еще 16 лет назад, и тогда в них мало кто верил, заметил г-н Мансуров. Примерами успешной деятельности Евр АзЭС, по мнению генсека блока, являются антикризисный фонд и центр высоких технологий сообщества. Запланированное финансирование проектов в сфере нанотехнологий, реализуемых в рамках ЕврАзЭС, будет базироваться на возможностях казахстанско-российского венчурного фонда: как пояснил г-н Мансуров, для его создания каждая сторона выделит по 50 млн долларов.
Немного выбивалась из слаженного хора выступлений о евразийстве речь генерального директора ООН по промышленному развитию (ЮНИДО) Кандэ Юмкелла, оказавшегося, как заметил он сам, единственным афроамериканцем в зале. Он призвал участников быть прагматичными и, "сидя в салоне "Мерседеса", хоть иногда задумываться, откуда берутся эти ресурсы: возможно, из бедной африканской страны, экологические проблемы которой куда страшнее, чем в Мексиканском заливе".
Контрастом прозвучало выступление госсекретаря по вопросам внешней торговли мин экономики, промышленности и занятости населения Франции Анн-Мари Идрак. Она с гордостью заявила, что французские компании полны решимости расширять свое присутствие в СНГ и в Казахстане в частности. Г-жа Идрак свои слова подтвердила делом, подписав после сессии рамочное соглашение о взаимном сотрудничестве между Региональным финансовым центром Алматы и финансовым центром Парижа.
Героем дня на V инновационном конгрессе, прошедшем в этом году в рамках экономического форума, стал российский эксперт в области инноваций, партнер Strategy Patrers Алексей Праздничных с презентацией исследования по конкурентоспособности национальных инновационных систем, охватившего 50 стран мира. Согласно рейтингу, составленному авторами исследования, казахстанская система заняла 45-е место, российская 38-е, а возглавили рейтинг США: американцы ежегодно тратят 70 млрд долл. только на исследования в области обороны. Справедливо заметив, что подобные затраты пока не может позволить себе ни одна другая страна, г-н Праздничных назвал американскую систему наиболее сбалансированной. Слабое место инновационных систем Казахстана и России, по мнению эксперта, заключается в чрезмерном акценте на коммерциализацию в ущерб поддержке новых идей и созданию условий спроса. Еще одной ахиллесовой пятой в развитии инноваций в обеих странах остается никудышное образование: спикер рекомендовал равняться на Китай, вузы которого, на его взгляд, по уровню подготовки кадров далеко ушли вперед от российских учебных заведений, не говоря уж о казахстанских.
На сессии по вопросам формирования глобальной энергоэкологической стратегии речь главным образом шла об инициативах Президента, высказанных три года назад на очередной сессии ООН. Как отметил первый заместитель министра иностранных дел, президент Казахстанской национальной академии естественных наук Нуртай Абыкаев,
Казахстан и Россия уже внес ли свои рекомендации по разработке этой глобальной энергетической стратегии на рассмотрение в ООН. По данным Всемирного банка, озвученным г-ном Абыкаевым, рост мирового энергопотребления за последние 20 лет составил 35 процентов. При этом почти половина всей энергии приходится на 15 проц. населения Земли это страны с высоким доходом, и только 5 проц. на страны с низким доходом, где проживают всего 20 проц. населения. Первый вице-президент международной академии инвестиций, директор института стратегических исследований интеграционных проблем ЕврАзЭС Анатолий Спицын вызвался выступить от имени всего сообщества ученых Казахстана и России. Он предложил обсудить разрабатываемую энергоэкологическую стратегию, реализация которой рассчитана на 20 лет, на международном форуме в Астане в 2011 году в преддверии мирового саммита 2012 года по устойчивому развитию. По мнению г-на Спицына, если инициатива будет воспринята положительно, ученые двух стран смогут в короткие сроки представить ООН "научно обоснованную, надежную программу действий для всего глобального сообщества".

4 июля 2010 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет