1.Деректі зат есім. Нақтылы тануға болатын, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат атаулары.
М:кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам, ине,
Бір сөзден жасалған зат есім дара зат есім деп аталады.
М:Ана, аға, әке,көл,өзен,
1.Екі не бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруынан жасалады.
2.Дерксіз зат есім.Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
М: Ақыл,ой, бақыт, арман, білім.
3. Жинақтау мәнді сөздер - бірыңғай заттардың жекеленбейтін жиынтығын, көптік мәннің тұтастығын білдіретін ұғымдық категория. Жинақтау категориясын бірліктің жоғарғы түрі деп те атайды .Логикалық тұрғыда Жинақтау категориясында жеке мен жалпы ұғымдардың ортақ белгілері сәйкесіп отырады. Тілде бұл, бір жағынан, грамматиканың көпше-жекеше категорияларынан, екінші жағынан, көптік мәндегі лексикалық сөздерден (су, топырақ, май типтес) көрінеді. Көптік мәнді есімдердің бірқатары есептеуге болатын жеке заттардан тұрады.
Бірақ оның грамматикалық сандық категориядан айырмасы -Жинақтау категориясы үшін мәндісі сандық емес, сапалық қасиет, нақты бір зат атауы арқылы бірыңғай заттардың жиынтығын білдіруі.. Жинақтау категориясы тілдерде әр түрлі жолмен: көбінесе жеке зат атауларынан және аффиксация тәсілі арқылы жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |