ОСӨЖ: Табиғат туралы 10 мақал жазыңыздар.
8-апта
1.Қазақстандағы туристік нысандар
2. Лексика-семантикалық топтарды құрайтын деректі-дерексіз, жинақтау мәнді сөздердің қолданысы
Қазақстандағы туристік нысандар
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхатделінеді.
Қазақстандағы негізгі туристік нысан түрлері Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты сан алуан болуына орай ондағы туристік ресурстар да түрлі болып келеді. Мысалы, табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, рухани, әдеби, сондай-ақ, өзге де түрдегі нысандар бар. Бірақ, Қазақстандағы туристік нысандар негізгі 3 топқа бөлінеді: табиғи-сауықтандыру нысандары, тарихи-археологиялық нысандар, тәуіп ету орындары. Табиғи-сауықтандыру нысандарына Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл,Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, Алтай бөктері, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау және тағы да басқа табиғи нысандар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |