Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С


-тапсырма. Дұрыс жауабын таңдаңыз



бет67/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135
Оку курал 2021 январь

4-тапсырма. Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Дерексіз сөздерге мыналар жатады ма: ---------ақыл, арамдық, махаббат?

Деректі сөздерге мыналар жатады ма: -------парта, тақта, оқулық.

Туынды зат есім-------------------------қандай жұрақтар арқылы жасалады?

Мына сөздер күрделі зат есімге--------- (өнеркәсіп, белбеу, Көкшетау, азық-түлік, қант қызылшасы) жатады ма?
5-тапсырма. Берілген екі қатардан синоним сөзді табыңыз


жұтаң

беттеу


тіреу

орта қолды

өзгеше

қалжың


әзіл

бағыт алу

басқаша

тақау


орташа



6-тапсырма. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз

Үлгі: жері жұтаң, ауылдан алыстап шығу


7-тапсырма. Мәтінді оқыңыз

Мұқан Төлебаев

1944 жылдың көктемі. Қарашыған бойындағы “Үлгі” колхозының жері сырт қараған кісіге онша сұлу көрінбейтін – кәдімгі аласа қыраттар, төмпешік-төмпешік құм төбелер. Егер ойдым-ойдым тал, жиделер болмаса, жерін тіпті жұтаңдау десе де болғандай. Бірақ осы жерде туып-өскен адамға бұл өлкенің басқалар байқай бермейтін өз сұлулығы бар.

Жасы отыздардағы, орта бойлы қара торы жас жігіт жападан-жалғыз ауылдан сытыла шығып, кішкене түбекке беттеді. Міне, ол түбекке де жетті. Әлденеге қадала қарап, ойлы пішінде тұр. Кенет ол қалтасынан бәкісін алды да, түбекті аралап жүрып бір нар қамысты таңдап кесіп алды. Сөйтті де үлпек бастары желге бас шұлғыған қалың қамыстың ығына отыра кетіп, жаңа өзі кесіп алған нар қамыстан сыбызғы жасауға кірісті. Әп-сәтте сыбызғы да дайын болды. Жас жігіт сыбызғыны үстіңгі күрек тісіне тіреп, үрлеп ойнай бастап еді, оның мұңды нәзік үні кішкене түбектің маңын өзгеше бір сырлы әуенге бөлей жөнелді. Әуен аяқталғанда әлгі жас жігіт өзінен-өзі мырс етіп күліп жіберді. Кішкене бала күнінде осы түбекке кеп, қамысты таңдап алып сыбызғы жасап тартатыны есіне түсті. Жылдар өтсе де ұмытпапты.

Ауылға беттегенде өзіне қарсы жүрген жас жігітті көреді де, ол езу тартып күліп қойды. Екі жігіт кездесіп, қол алысқан соң жаңағы сыбызғы жасаған жігіт көзін төңкере қарап:

Адас, жападан-жалғыз таң атпай қайда барасың? – деді. Сұрағында қалжыңның да сыңайы бар.

– Ал өзің қайдан келесің?

– Мен сыбызғыға қамыс қиып алдым. Ал саған жол болсын.

– Ендеше мен шыдай алмай сені қарсы алуға шықтым.

Бұл екі жігіттің де аты Мұқан еді. Әлгі сыбызғы жасап алып қайтқаны – жас композитор Мұқан Төлебаев еді де, оны қарсы алған екіншісі осы ауылдағы мектептің директоры Мұқан Жылысбаев болатын.

Екі жігіт ауылға беттеп әңгімелесіп келеді.

– Адас, тіл алсаң әлі де кеш емес, сенің консерваторияға түсуің керек, – деп еді Мұқан, мектеп директоры азар да безер болды:

– Бір үйден бір әншінің шыққаны саған аз ба. Бекен әнші болады, оған сенімім зор.

Директорлықты қимайсың ғой, сірә?! – деді композитор Мұқан оқытушы Мұқанға, әдейі қажай түсейін дегендей.

– Мәселен директорлықта емес, өз мамандығыңды сүйе білуде. Ал мен орта қолды әнші болудан гөрі, жас ұрпақтарды тәрбиелеуді, ұстаздықты ұнатамын. Бекен болса мендей емес, әншілік өнерде оның болашағы зор.

Композитор Мұқан оқытушы Мұқанның сөзіне тосылғандай болда да әңгіме желісін өзгертті.

– Оның да жөн шығар… Шалажансар әнші болудан гөрі, әрине, ұстаз болу ұлағатты іс. Ал енді Біржанның екінші актідегі мына бір ариясын тыңдап көрші, – деп, Мұқан Төлебаев ақырын әндете бастады.

Совет Одағының халық әртісі, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Мұқан Төлебаев өзінің атақты “Біржан – Сара” операсының екі картинасын өзінің туған ауылына барып жазған еді.

Мұқан Төлебаев творчестволық таланты толысқан шағында қыршын кетті. Бірақ өз өмірінің ішінде үлкен іс тындырды. Бұл күнде классикалық шығармаға айналған “Біржан – Сара” операсын, Брусиловскиймен бірлесіп “Амангелді” операсын жазды. Композитор вокальдық музыка саласында да жемісті еңбек етті. М.Төлебаевтың “Тос мені, тос”, “Кестелі орамал”, “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” романстары композитордың суреткерлік талантын ерекше танытқан туындылар. Өкінішке қарай композитор “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” операсын жазып жүрген кезде, шығармасын аяқтап үлгірмей, 47 жасында дүние салды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет