Қазақ баспасөзінің зерттеушісі, ғалым, тарих ғылымының докторы. Ол журналистік қызметін 1929 жылы Павлодар округтық “Кеңес туы”, “Колхоз” газеттеріне хат-хабар жазудан бастады. 1935-39 ж. жылдары Семей облысы “Екпінді” газетінде істеді. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1945-47 жылдары өзі оқыған университеттің журналистика факультетінің профессоры, деканы болды.
1949 жылы Қ.Бекхожин “Дала уалаяты газеті” тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.
“Қазақ баспасөзінің даму жолдары” деген монографиялық кітабы 1964 жылы жарық көрген. Бұл қазақ баспасөзінің 70 жылдық тарихына арналған тұңғыш көлемді де құнды еңбек болатын.
Еңбектің алғашқы тарауында қазақ тілінде алғаш шығарылған “Түркістан уалаятының газеті” мен “Дала уалаятының газеті” туралы тұңғыш батыл пікір айтып, бұл басылымдардың прогрессивтік жақтарына баға берген.
Кітаптың екінші бөлімі “Қазақ совет баспасөзі” – деп аталады. Онда алашордашылардың ресми газеті болып саналған “Қазақ” газеті тарихына қатысты мәліметтерге талдау жасалынады.
Қ.Н.Бекқожин “Айқап” журналын зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым.
Өкінішке орай Қ.Бекхожиннің “Қазақ баспасөзі тарихының очеркі” деп аталатын екінші бір монографиялық еңбегі өзі қайтыс болып кеткеннен кейін 1981 жылы “Мектеп” баспасынан 13 баспа табаң көлемінде толықтырылып, өңделіп қайта басылып шықты. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ тіліндегі майдандық газеттер және қазақ баспасөзінің жеңіске қосқан өзіндік үлесі туралы жан-жақты мәліметтре береді.
Қ.Бекхожин бүкіл өмірін қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге жұмсаған азамат. Қайыржан Бекхожиннің жеке басын, оның адамгершілік, кісілік келбетін білетін замандастары ғалымының халқы үшін адал қызмет кеткенін жақсы біледі.
Қайыржан Нұрғожаұлы Бекхожин – қазақ баспасөзінің шежіре беттерінен ерекше орын алатын тұлға. Ғалымның сонау 30-жылдардағы журналистік мұрасы мен 40-жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің іргетасын қаласқан жылдардағы еңбек жолы, қаламынан туған публицистикалық зерттеулері бүгінгі төл баспасөзіміздің өз алдына ғылым болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |