1-тапсырма Төмендегі сөздерді мағыналарын қарай топтап, олардың қай пәннің атаулары екенін айтыңдар.
Дыбыс. Қосу. Жапырақ. Тау. Пионер. Тамыр. Көбейту. Екпін. Бастауыш. Глобус. Кесте. Карта. Сөз. Әріп.
2-тапсырма Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріңдер.
Сырдың суы сирағынан келмеу, қонышынан басу, аяғы аспаннан келу, бармақ басты, мойнынан су кету,қабақ шыту, ит болды, қоян жүрек, тайға таңба басқандай, тасбақа жүріс, қой ауызынан шөп алмас.
3-тапсырма Төмендегі мақал – мәтелдерді оқып, олардың қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіріңіз.
Таспен ұрғанды аспен ұр. Елінен кетсе, ер – жетім, егінші кетсе, жер – жетім. Құлқынның құлы болғанша, халқыңның ұлы бол. Өзі өтірікші өзгенің шын сөзіне сенбейді. Көліне қарай – қазы, қасына қарай – жазы. Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде. ( Мақал – мәтелдер)
4-тапсырма Омоним сөздерді тауып, қай сөз табынан жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
Үлгі: Жағам дейсің қара ( сын есім) Әліңе бірақ қара. ( етістік) 1. Күйе, күйе, күйе ме? Күйеге қолым күйе ме?(... ...) 2. Жоғалсаң да атың, Жоғалмасын атың. ( ... ...) 3. Айыбымды кеш, Келсем де үйге кеш. (... ...) 4. Дәл осы орында, Сабағыңды орында. (... ...)
5-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыз: баспасөз, баспа табақ, өңдеу, басылым, ресми газет, адал қызмет ету, үлес қосу
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақ баспасөзі тарихынан қандай белгілі журналистерді білесіз?
2. Қазақ журналистикасы тарихын зерттеушілер кімдер?
3. Қазіргі қазақ журналистикасының өркендеуіне кімдер үлес қосты деп есептейсіз?
7-тапсырма. Мәтінді оқып, түсініңізді баяндаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |