7 кесте-Хроматографияның негізгі түрлері:
түрі
|
қозғалмалы
фаза
|
қозғалмайтын фаза
|
формасы
|
таралу механизмі
|
газды:
газды-адсорбциялық
|
газ
|
қатты
|
түтік
|
адсорбциялық
|
газды-сүйықтық
|
газ
|
сұйық
|
түтік
|
жіктегіш
|
сұйықтық:
қатты-сұйықтық
|
сұйық
|
қатты
|
түтік
|
адсорбциялық
|
сұйықты-сұйықтық
|
сұйық
|
сұйық
|
түтік
|
жіктегіш
|
иондыалмасқыш
|
сұйық
|
қатты
|
түтік
|
ионды алмасу
|
жұқа қабатты
|
сұйық
|
қатты
|
жұқа
қабат
|
адсорбциялық
|
қағазды
|
сұйық
|
сұйық
|
қағаз
|
жіктегіш
|
елеуішті
(гель-өткінші)
|
сұйық
|
сұйық
|
түтік
|
молекулалардың мөлшеріне қарай
|
Анықталатын затты хроматографиялық жүйеге жібері тәртібі бойынша фронтальды (шептік), элюенттік және ығыстырғыш хроматография қолданылады. Егер еріген қоспаны хроматографиялық түтікке үздіксіз жіберетін болса, таза күйде бір ғана, нашар сорбцияланатын затты бөліп шығаруға болады. Басқалары қоспа түрінде шығады. Бұл әдіс фронтальды (шептік) деп аталады. Элюенттік тәртіп бойынша қоспа қозғалмалы фазаның (элюенттің) ағынына жіберіледі. Қозғалмалы фазаның (элюенттің) құрамы тұрақты болып қала береді. Қоспаның компоненттері қозғалу барысында аймақтарға бөлінеді. Ығыстырғыш әдіс бойынша қоспаны жіберіп, алдын-ала белсенділігі төмен элюентпен бөлу барысында элюенттің құрамы қозғалмайтын фазамен қоспаның әрбір компонентінен күштірек әрекеттесетін болып өзгереді. Осыған байланысты элюент қоспаны қозғалмайтывн фазамен әрекеттесу жоғарылау бағытытнда орналасқан компоненттерге бөледі. Бұл әдісте жекеленген компоненттердің аймақтары араласып кетеді.
Сұйықтық хроматографияда элюенттің құрамы сараптау барысында өзгермейтін изократикалық және белгілі бағдарлама бойынша өзгеретін градиенттік тәртіп қолданылады.
20.1. Қатты-сұйықтық түтіктік хроматография
Қатты-сұйықтық хроматографияның 2 әдісі жиі қолданылады: 1. Полюссіз элюентті пайдаланып полюсті сорбентте хроматографиялау (тура фаза); 2. Полюсті элюентті пайдаланып полюссіз сорбентте хроматографиялау (қараптпа-фазалы ССХ).
Адсорбент пен элюентті таңдау маңызды болып есептеледі. Элюенттің қасиетіне байланысты заттар адсорбентте белгілі уақыттың мөлшерінде ұсталады немексе мүлдем ұсталмауы мүмкін. Адсорбциялық хроматографияда элюент молекулалары заттардың молекулаларымен қозғалмайтын фазаның белсенді беткейімен әрекеттесу қабылеті бойынша бәсекелеседі. Элюент адсорбентпен неғұрлым күштірек байланысса, соғұрлым ол бөтен молекулаларды күштірек ығыстырып, олардың ұсталып қалуын азайтады.
Сұйықты түтіктік хроматографияда қозғалмалы фазалар элюациялаушы қабылеттері бойынша жіктеледі. Адсорбциялық хроматографияда еріткіштің полюстілігі неғұрлым жоғары болса, полюсті сорбенттердегі элюациялаушы қабылеті соғұрлым күшті болады. Көбінесе қаныққан көмірсутегілер (гексан, гептан), ССI4 хлороформ, этанол, метанол, су қолданылады. (еріткіштер элюациялау қабылеттерінің жоғарылау бағытында орналасқан). Полюсті еріткішті аздаған мөлшерде полюссізге қосқанда элюация артады.
Егер полюссіз элюентке сутектік байланыс түзуге қабылетті полюсті еріткіштер қосылатын болса, ұстау және селективтілік зат-адсорбент, зат-элюент, элюент -адсорбент әрекеттесу сусыз қозғалмалы фаза жағдайына қарағанда тезірек орнайды, сол себепті сулы және сулы-спирттік элюенттер жиі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |