В. А. Митерев н. С. Реметова


Коллоидтық ерітінділердің оптикалық қасиеттері



бет105/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

21.2. Коллоидтық ерітінділердің оптикалық қасиеттері

Коллоидтық жүйелердің оптикалық қасиеттері бойынша ерітінділердің табиғаты, олардың концентрациясы, бөлшектердің мөлшері т.б. анықталады. Жарықтың сәулесі коллоидтық бөлшектерге түскенде дифракция құбылысы байқалады. Мөлшері жарық толқындарының ұзындығынан үлкен бөлшектердің беткейіне жарық сәулесі түскенде олар кейін қарай шағылысады. Ал бөлшектердің мөлшері жарық толқынның жарты ұзындығына сәйкес келгенде жарықтың дифракциялық шашырауы байқалады. Бұл құбылысты алғаш рет А.В. Ломоносов, одан кейін Фарадей және Тиндаль (1869ж) бақылаған. Сол себепті құбылыс Тиндаль конусы деп аталып, коллоидтық ерітінділерді анықтау үшін қолданылады.

1809 жылы Москва университетiнiң профессоры Рейсс белгiсiз екi құбылысты бақылап, зерттеген. Ол саз балшыққа екi шыны түтiктi орналастырып, олардың түбiне құм салып, түтiктердi сумен толтырып, екi электрод орналастырады.

анод + - катод








Рейсс схемасы.


Электр тоғын жiбергенде саз балшығтың бөлшектерi құм арқылы өтiп, оң зарядталған электродқа, анодқа қарай бағытталады, осыдан олардың заряды терiс деген түсiнiк туады. Терiс электродты (катод) түтiктегi судың деңгейi көтерiлiп, ал оң электродты (анод) түтiктегi судың деңгейi төмендеуiне байланысты, судың оң заряды туралы қорытынды жасауға болады. Осылайша электодтарда потенциалдар айырмасы пайда болған кезде дисперстiк фаза (балшығтың бөлшектерi) мен дисперсиялық орта (су) қарама–қарсы бағытта қозғалады. Дисперстiк фаза бөлшектерiнiң электр өрiсiнде қарама–қарсы зарядталған электродқа қарай қозғалуын электрофорез деп атайды, ал дисперсиялық ортаның электр өрiсiнде қарама–қарсы электродқа қарай қозғалуы электроосмос деп аталады. Электр өрiсiнде қатты және сұйық фазалардың өзара алмасып қозғалуын электрлiкинетикалық құбылыстар деп атайды. Дисперстiк жүйелер ғана емес, сол сияқты коллоидтық бөлшектердiң де зарядтары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет