16
отбасы қаржысы-
ның қалай жос-
парланатынын
білетін боласың.
Отбасы шығыстары
қалай жоспарланады?
отбасының түрлі қажеттіліктерге жұмсалатын
шығыстарын бақылауды үйренесің.
расходы
expenses
жоспарлау
планирование
planning
шығыстар
Отбасының табыстары қайдан құралады? Ақша не үшін
керек?
Отбасылық қаржы қайда жұмсалады? Табыс пен шығыс
деген не?
Әрбір отбасының өзінің қаржылық табысы болады. Бұл –
отбасы мүшелерінің алатын еңбекақысы мен басқа да
табыстары.
Әр отбасының табысы әртүрлі болады. Ол әкесі нің
және анасының, басқа да ересек отбасы мүше лерінің
еңбекақысынан, атасы мен әжесінің зейнет ақысынан,
студенттердің шәкіртақысынан және басқа да табыс
көздерінен құралады.
Сен
Сен
сабақ
–
Дәріхана
Киім дүкені
Көлікпен
қатынау
Азық-түлік
дүкені
Отбасыңның кірісі неден құралатыны туралы ойлап көр.
Сенің отбасың ақшаны қандай қажеттіліктерге жұмсайты-
нын есіңе түсір.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
17
Әр отбасының өзіндік шығысы бар. Отбасы ақшаны түрлі
қажеттіліктерге жұмсайды.
негізгі жұмсалатын отбасылық шығындар – азық-түлікке,
киімге, білім алуға, көлікке, техникаға, дәрі-дәрмекке, ком-
муналдық қызметтерге, байланыс қызметіне төленетін ақы-
лар.
Олардан басқа ойыншық, кітап, газет сатып алатын, театр,
кинотеатрға баруға, саяхаттауға жұмсалатын қаражаттар да
бар.
Отбасындағы ересек адамдар өз қаражатын тиімді жұм-
сауға тырысады. Олар күнделікті қажеттіліктерге ғана жұм-
сап, шығындарды азайтады. Сапалы тауарлар сатып алып,
қолайлы қызмет түрлерін пайдаланады.
Адам отбасындағы қаржыны денсаулығын күту, рухани
жандүниесін дамыту үшін қалай жоспарлауы керек?
Сенің де күнделікті жұмсайтын қаражатың бар. Оны
сен қалай жұмсайтыныңды айтып бер.
Әркім өз қаражатын қайда жұмсайтынын жоспарлай білуі
керек. Ол үшін төмендегідей тәртіппен есеп жүргіз.
2–3427
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|