В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет10/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Дүниетану

Сен
Сен
сабақ

Жалғыз адам жа-
саған жұмыс пен 
ұжымдаса атқар-
ған еңбектің қай-
сысы тиімді? Өз 
ойыңды дәлелде.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


15
Еңбек етудің отбасы үшін қаншалықты қажет екенін айт. 
Қоғам мен мемлекеттің еңбексіз дами алмайтынын дәлелде. 
Ой еңбегін зияткерлік еңбек деп те атайды. 
Ой еңбегі адамнан зеректік пен зерделілікті
ақылдылық пен парасаттылық қабілетін қажет 
етеді. Ой еңбегімен айналысатын мамандық 
иелеріне мысал келтір.
Еңбек ету қабілетін жетілдіру барысында адамдар еңбек 
құралда ры мен әдіс-тәсілдерді де дамытады. Бұл тәжірибе 
ұрпақтан ұрпаққа беріліп, адамның ғана емес, бүкіл 
қоғамның дамуына ықпал етеді.
Ой еңбегі және дене еңбегі 
Дене күшін қолдануды қажет ететін еңбекті 
дене немесе қол еңбегі деп атайды. Ол адам-
нан қажырлылықты талап етеді.
Ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірімен тығыз байланысты. 
Мысалы, шахтёрлер көмір қазады. Бұл қол еңбегіне 
жатады. Ал көмір өндірудің тиімділігін арттыру үшін олар 
жаңа технологияларды пайдаланады. Бұларды инженер-
ғалымдар ойлап шығарады. Сондықтан оны ой еңбегіне 
жатқызамыз.
Қандай мамандық иелері дене еңбегімен айналысады? 
Мысал келтір.
Дене және ой еңбектері адам өміріне қалай әсер ететінін 
сыныптасыңмен талқыла.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет