В. Н. Приз, Ж. Ж. Жарылкасын, Ж. К. Шайхина Ұйымдасқан ұжымдарда балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бағалау әдістемесі


ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҰЖЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ БАҒАЛАУ



бет2/5
Дата20.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#210952
1   2   3   4   5

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҰЖЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ БАҒАЛАУ
Тәрбиеленуші мен оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды гигиеналық бағалау келесідей жүргізіледі:

– білім беру, сауықтандыру және басқа да балалар (жасөспірімдер) мекемелерінде тамақтануын ұйымдастыруына мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалаудың және белгіленген нысандардың бақылау шараларының жүзеге асырылуы;

– білім беру қызметі барысындағы санитарлы – эпидемиологиялық зерттеулері.

Тамақтануды ұйымдастыру жобасының гигиеналық бағасы, техникалық құжаттардың сәйкестендірілген жобалардың санитарлық – эпидемиологиялық қадағалаулары, олардың белгіленген тәртіп бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің санитарлық – эпидемиологиялық қорытынды берілуімен (жобалық құжатқа) жүзеге асырылады.

Ұйымдасқан ұжымдарда оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тамақтануын ұйымдастыруды гигиеналық бағалау кезінде қосымша 2 тізбектелген нормативтік және әдістемелік құжаттар қолданылады.

Гигиеналық бағалау жүргізу кезінде, балалар мен жасөспірідер тамақтану рационына және ұйымдастырылуына міндетті талаптарды ұсынатын күші бар нормативті құжаттарға, сонымен қатар ұлттық стандарттар мен әдістемелік ұсыныстарда мазмұндалатын талаптарға сүйену қажет.

Тамақтануды ұйымдастырды гигиеналық бағалау кезінде, белгілі бір нысанда туындалған материалды – техникалық қамтылуы мен тамақтанудың ұйымдастырылуының нақты шарттарын ескеру.

- Еркін түрдегі сатылымдардағы тағамдар өнімдерінің ұсынылған ассортименттері, ( 1 қосымшада ұсынылған).

1-2 мезгілдік тамақтанудың рационы (мектептегі таңғы ас, түскі ас) тағамдық құндылықтарын жоғары дәрежеде тағамдық өнімдерді қолдану айрықша құрылу қажет, ондағы ауыстырылмайтын микронутриенттер тамақтанудың балансталған рационында орташа мазмұнына қатысты болу керек.

МСЭҚ мүшесінің жұмысында балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының ұйымдастырылуына инновациялық және дәстүрлі емес түрлерді қолданылуынын енгізу жұмыстары ерекше орын алады. Соңғыларына келесілері жатады:

оқушылар (тәрбиеленушілердің) емдеу – алдын алу (диеталық) тамақтануының ұйымдастырылуы;

оқшауланған орамада («бортты тамақтану» түрі бойынша) үлестірілген кулинарлық өнімдерді қолданылуымен байланысты тамақтануды ұйымдастыру;

жылдам суытылған (мұздау) кулинарлық бұйымдарды қолданылуымен байланысты тамақтануды ұйымдастыру ( «Cook&Chill»технологиясын қолдану);

тамақтану рационын таңдау мүмкіндігіне байланысты тамақтанудың ұйымдастырылуы;

тамақтану рационын таңдау мүмкіндігіне байланысты тамақтанудың ұйымдастырылу арқылы тарату мүмкіншіліктері («шведского столы» типі бойынша);

этномәдени компоненттері қатысқан білім беру мекемелерінде тамақтанудың ұйымдастырылуы (арнайы тамақтану рационы бойынша – «кошерного», «халял» и т.п.);

ата-аналар мен оқушылардың сұраныстары бойынша арнайы тамақтану рационын ұйымдастыру (тамақтанудың вегетариандық рационы және т.б.)

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационын құру кезінде дәстүрлі емес және инновациялық түрлерін ұйымдастыруда төмендегілерді ескеру керек:

Оқушылардың (тәрбиеленушілер) тамақтануының ұйымдасуына гигиеналық бағалануы нормативтік және әдістемелік құжаттарға сәйкестендіріліп жүргізіледі.

Тамақтану ұйымдастыруының гигиеналық бағасы кезінде міндетті түрде келесілері бағаланады:

-өнімдердің сандық орташа тәуліктік (жеке, тамақтанудың типті рационының барлық мерзімі және әрбір апта сайын әрекеті ) жиынтығы. Осы аталған жіктемеге сай топтарға үлестірілген тамақтану рационы құрылады.

- тамақтану рационының толық мерзіміне сай циклдық менюдің құрылуы;

-тамақтану рационының типтік әсер етуі толық мерзімге, әр аптаға байланысты орташа апта көрсеткіші бойынша кесте ұсынылады. (әр тамақтанған сайын және толық бір күндік);

-матрица түрінде жасалынған кулинарлық бұйымдарды және тағамдардың қайталануының кестесі, әрбір торда тағамдар мен кулинарлық өнімдердің атаулары көрсетіледі, ал бағандарда – тамақтану рационының апта күндері бойынша көрсетіледі;

-тамақтану рационына енгізілген (әрбір тағамға сәйкес техникалық құжаттар, рецептура номерлері немесе технологиялық карталары көрсетіледі) кулинарлық өнімдер мен барлық тағамдардың техникалық (технологиялық) құжаттары;

-еркін сатылымды жүзеге асыруға арналған («буфет өнімдері») кулинарлық өнімдер мен тағамдардың, тағамдық өнімдердің ассортименті;

-тамақтану рационының қосымшасы, оның ішінде тамақтану рационының мерзімдік нұсқаулары, мерекелік күндерге және жаппай шараларды жүргізу күндері, жорықтарға, саяхаттарға, көшпелі сабақтарға баратын оқушыларға (тәрбиеленушілер) арналған «құрғақ дәнекерлеу» рационы.

Тамақтану рационындағы кулинарлық өнімдер мен тағамдардың, азықтардың атаулары келесідей түрде берілу керек – тағамның бірыңғай атаумен әр түрлі тағамдық құндылықтармен сипатталу мүмкіндігін жою мақсатында. Осылайша, кулинарлық бұйымдар мен тағамдардың атаулары кулинарлық өңдеу әдісі ретінде тағамдардың берілу түріне байланысты гигиеналық маңыздылық қасиетін сипаттау керек. Өндірістік тағамдық өнімдердің тауарлы белгілері нақты көрсетілмейді.(маркалар, брэндтер). Оның орнына өнімнің құрамын сипаттайтын түріне байланысты өзгеруі және басқа да гигиеналық маңызды сипаттары көрсетіледі. (мысалы , сүт өнімдерінде майдың массалық бөлігі).


Тамақтану ұйымдасуының санитарлы – эпидемиологиялық сараптамасының (гигиеналық бағасы) алгоритмі келесі

процедуралардан тұрады

1. Тамақтану рационының жалпы құрылымдық бағасы

2. Қолданылатын өнімдердің сандық жиынтығы, кулинарлық бұйымдар мен тағамдардың және тағамдық өнімдер ассортиментінің бағасы

3. Рационға кіргізілген кулинарлық бұйымдардың, тағамдардың, бөлек тағамдық өнімдердің барлық тамақтану рационының тағамдық бағалылығы

4.Ауыстырылмайтын микронутриенттер мен тамақтану рационын байыту түрін қолдану бағасы.

Аталған мәселелер міндетті түрде тамақтануды ұйымдастыруды гигиеналық бағалау мәліметтерінде байқалады – санитарлық- эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу кезімен қатар (гигиеналық бағасының хаттамасында немесе сараптама қорытындысында), шаралардың жүргізілуін қадағалау барысында (қадағалау бойынша шаралардың қорытындысындағы актідегі қорытынды немесе оған қосымша)



ҰЙЫМДАСҚАН ҰЖЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Нақтыланған тамақтану рационының гигиеналық бағалау балалар мекемесінде және мекемедегі тамақтану есебінің (тауарлық) оқытылу негізінде өткізіледі; балалар мекемесінде ілінетін арнайы стендтеріндегі күнделікті меню; жинақталған тізім (өнімдер жиынтығын қолданатын анализдер тізімі); дайын кулинарлық өнімдердің (бракиражды журналдар) қабылдау бақылауындағы журналдағы жазбалар және оқушылар (тәрбиеленушілердің) тамақтану рационына құрылуына өндірістік бақылау қорытындысы бойынша құжаттар; сонымен қатар шығын және тауарлы – транспорттық шығыстар,  технологиялық карталар; оқушылар мен тәрбиеленушілердің белгілі бір мөлшерде тамақтануды қамтамасыз ету үшін, күнделікті калькуляциондық карталар құрылады.

Тамақтану рационының нақтылы гигиеналық бағалау, білімді (сауықтыру) мекемесінің медициналық қызметкерімен бірігіп жүргізілетін, балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының клиникалық статус бағасымен біріктіріледі. Медициналық құжаттар анализінің негізінде (дене дамуын сипаттайтын көрсеткіштер және сырқаттанушылық), мүмкіндігінше бөлек алиментарлы – тәуелді жағдайлары балалар мен жасөспірімдердің таңдаулы тексерістер кезінде онда клиникалық және субклиникалық көріністердің болуы (микросимптомдар), оның ішінде микронутриендтердің жеткіліксіз көріністері. Білім беру мекемесінен бөлек оқушылар мен тәрбиеленушілерден алынған тамақтану бағасын сараптау мақсатында сұрақ-жауап өткізіледі.

Тамақтанудың нақтылы рационы гигиеналық баға жүргізілген кезде төрт жұмадан аспайтын мерзімде бағаланады, (қадағалау шараларын өткізу актісінде, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының актысында немесе тамақтану рационының гигиеналық бағасының хаттамасында міндетті түрде бағасы жүргізілген уақыты көрсетіледі).

Жинақтаушы тізімдердің анализі кезінде (өнімдер жиынтығының қолдану тізімдері) және оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтану рационын құруында өндірістік бақылау қорытындысы бойынша құжаттарды дұрыс жүргізілуін (есептердің дәлдігі мен жүргізілу ретін) тексереді.

Білім беру (сауықтандыру) мекемелерінің балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында қолданатын тағамдық өнімдер ассортиментінің гигиеналық бағасы сатып алынған немесе өндірілген базалық өндірістермен жүзеге асады.

Білім беру және сауықтандыру мекемелерінің балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында қолданылатын тағамдық өнімдер ассортиментінің мақсатында нақтылы жүзеге асырылдатын немесе тағамдық өнімдердің ассортиментімен сақталатын көзбен шолып, бақылау жүргізіледі, сонымен қатар, келесі құжаттарды оқып (тексеру) жұмысымен айналысады:

Тамақтанудың негізгі рационын гигиеналық бағалау алгоритміне келесідей процедуралар кіреді:

 1. Тамақтану рационын таратуды бағалау негізгі рационның жалпы құрылымына, типтік тағам рационының келісіміне сәйкес жүргізіледі.

2. Тағамдық азықтардың және кулинарлық бұйымдардың негізгі түрлерін бағалау.

3. Тағамдық азықтардың, кулинарлық бұйымдардың, тамақтың түрлерін ауыстырудың адекваттылығын (эквиваленттігін), дұрыстығын бағалау.

4. Оқушылардың қосымша тамақтануы үшін қолданылатын тағамдық азықтардың түрлерін бағалау.

5. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тамақтану тәртібін және тамақтану статусын бағалау:

 

Қадағалау бойынша шаралар жүргізгенде, тамақтануды ұйымдастыруды гигиеналық бағалау сияқты, балалар мен жасөспірімдердің негізгі рационын гигиеналық бағалау жүргізіледі.


БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН САНЫТАРЛЫҚ – ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
«Мектепке дейінгі мекемелердің құрылымына, оларды ұстауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға» №571 25 шілде 2003 жыл сәйкес, келесідей балалардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын талаптар ұсынылады:

СанЕН талаптарына сәйкес ас блогы бөлмелерінің жиынтығы, мектепке дейінгі мекемелердің жоба сиымдылық есебімен анықталынады.

Ас блогы құрамына кіреді: ас дайындайтын ас үйі және жууға арналған бөлме, құрғақ азықтарға тоңазытқышы бар қоймалар және көкөністерге арналған қоймалар. Жууға, ас дайындауға және таратуға арналған бөлмелер ас үйінен бөлгішпен бөлініп тұрады. Ас дайындайтын, жуу бөлмелерінің едені еңкіштеу, канализацияға су ағуына ыңғайлы болуы қажет. Тамақтарды дайындау, өңдеу үшін электрлі жабдықтар және газды плита пайдалануға рұқсат етіледі.

Ас үй бөлмесінде механикалық желдету болуы қажет. Ауылды жерлерде, 50 орынға шейін мектепке дейінгі мекемелерде ас үй плиталарын пеш жағу арқылы жеке бөлмеде пайдалануға рұқсат етіледі.

Мектепке дейінгі мекемелерде, тез бұзылатын тағамдарды сақтау үшін, термометрлері бар тоңазытқыш қондырғылары болуы қажет. Азықтардың әр түрлерін сақтау үшін, тоңазытқыш және тоңазытқыш қондырғыларында арнайы, нақты орындары болуы қажет.

Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтары (қосындылары) жеке тоңазытқышта сақталуы қажет. Көкөністер (көкөніс сақтау қоймасы), құрғақ тамақтар қоймасы, сөрелермен немесе шкафтармен жабдықталған қоймаларда сақталуы қажет. Қоймалар құрғақ, жақсы желдетілген болуы қажет. Үстелдер тотықпайтын болаттан немесе дюралюмини металдарымен қапталуы қажет. Мырышпен темірден қапталған үстелдер тек шикі еттермен балыққа пайдаланылады. Қамырға ағаштан жасалған қақпақтары бар үстелдер қолданылады.

Кесетен тақтайлардың, пышақтардың жиынтығы, олардың маркировкасы, сақталу жағдайы және дезинфекциялық өңдеуі, нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес болуы қажет.

Қалдықтар металды қақпағы бар шелектерде, сауыттарда жиналады. Жұмыс соңында тазалап, 2% кальцинирленген содамен жуып, ыстық сумен шайып, кептіріледі.

Тотықпайтын болаттан жасалған, сертификаты бар эмалирленген ыдыстар қолдануға рұқсат етіледі.

Ас үй ыдыстары арнайы полкаларда, сөрелерде, ұсақ инвентарь-шкафтарда сақталуы қажет.

Ас үй ыдыстарын жуу үшін, ыстық және суық суы ағатын, жуатын ванналар құрылуы қажет. Ваннаны канализацияға жалғағанда ауалық үзік қарастырылады.

Ас блогы бөлмесіне жабдықтарға, инвентарларға жуғыш заттарды пайдалынып, күнделікті тазалау, айына бір рет генеральды тазалау дезинфекцияланып, жүргізіледі.

Кесіп-бөлуге арналған инвентарлар (тақтайлар, күректер, бұлғауыштар), ыдыстар ыстық сумен (50°С) , Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуғыш заттарды пайдаланып жуылады, ыстық сумен шайылады, сөрелерде кептіріледі.

Металды инвентарлар ет тартқыш, пайдаланғаннан кейін ашылып, жуылып, кептіріледі. Ыдыс жуатын жөкелер, ыдысты жуғаннан соң жуылады, жиырма бес минуттай уақытта қайнатылады, сосын кептіріліп, аузы жабық ыдыстар сақталады. Щеткалар жуылып, арнайы орында сақталады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда шыбындармен күрес шаралары жүргізіледі:

1) санитарлық-алдын-алу: терезелерге, форточкаларға, есіктерге ұяшықтар мөлшері 1,2- 2,0 мм. сеткалар құру. Санитарлық тәртіптер сақтау, мектепке дейінгі мекемелердің ауласынан қалдықтарды шығару.

2) жойғыш – Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген өнімдерге сәйкес дезинфекциялық заттарды қолдану.

Лицензиясы бар мекемелерде дератизациялық и дезинсекциялық шараларды жүргізу.

Мектепке дейінгі ұйымдарға әкелінетін барлық тағамдық азықтардың сертификаты және тағамдық қауіпсіздігін көрсететін басқа құжаттары болуы қажет. Шикі және дайын азықтарды бөлек сақтау қажет.

Тез бұзылатын тағамдарды тарату және сақтау мерзімдері санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес орындалады. «Тез бұзылатын тағамдық азықтарды тарату және сақтау мерзімдеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар» бекітілуі туралы «Санитарлық ережелер мен нормалары», Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығы 1 тамыз 2002 жыл № 32, Әділет Министрлігіне 30 қыркүйек 2002 жылы № 1989 тіркелген.

Көкөністер қоры жиырма күнге дейін, сусымалы азықтар отыз күнге қарастырылуы қажет.

Сусымалы азықтар құрғақ, желдетілген бөлмелерде, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда, қаптарда, сөрелерде еденнен 15 см арақашықтықта, қабырғадан 20 см арақашықтықта сақталуы қажет.

Нан шкаф полкаларында, ақ және қара нан бөлек, төменгі полка еденнен 35 см төмен емес арақашықтықта сақталуы қажет.

Шкаф есігінде желдету үшін тесік болуы керек. Нан үгітіндісінен тазалау үшін арнайы щеткалар қолданылады, 1% сірке су ерітіндісімен сүртіледі.

Балалардың тамақтануы толық бағалы, азықтардың құрамы әртүрлі, өсуші организмді негізгі тағамдық заттармен физиологиялық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы, тағам картотекасында жеті-он күндік менюды ұсыну негізінде тізілуі қажет.

Медициналық жұмыскерлер қатысуы қажет:

1) күнделікті меню құрғанда және кулинарлық өңдеудің дұрыстығын бағалауға, дайын тағамның дәмінің сапасын анықтауға;

2) Үшінші тағамға С-витаминизация жүргізуге, азық-түліктердің сақталуы мен тарату мерзімдерін және ас блогының санитарлық жағдайын бақылауға. Дайын тағам дәмін көргеннен соң, дайын тағамның бракеражды журналына жазылғаннан және бағаланғаннан соң беріледі. Менюда берілген әр тағамның дәмін, салмағының сәйкестігін бағалау қажет.

Тағам порциясының салмағын анықтау үшін он порцияны өлшейді. Тағамның ингредиенттері мен калориясын медицианлық жұмыскер айына бір рет есептейді.

Асты дайындау кезінде келесідей ережелер сақтауы қажет:

1) Шикі және піскен тамақтарды, маркирокаланған кесуге арналған инвентарларға сәйкес бөлек үстелдерде өңдеу жүргізілуі қажет;

2) ет-сүйек сорпалары сүзіледі;

3) салаттар үшін шикі көкөністер өңделеді, «ШК» - шикі көкөністер, «ПК» - піскен көкөністер, маркировкаланған тақтайшалары мен үстелдерінде бөлінеді;

4) ет тартқыш екеу болуы қажет: біреуі – шикі тамақтық азық-түліктерге, екіншісі – піскен тағамдарға;

5) котлеттер, ет және балық фаршынан дайындалған биточкалар он минуттан кем емес уақытта, екі жағынан қуырылып және бу шкафта 220-250°С температурада дайындалады;

6) піскен етті, бірінші және екінші тағамға пайдалану үшін екінші термиялық өңдеуден (сорпада қайнату, соус, духовкада қуыру) он минут ішінде духовкада 220-250 °С температурада, өтуі қажет;

7) омлеттерді духовкада 220-250 °С температурада бес –алты минут аралығында пісіреді;

8) бірінші, екінші тағамдар ыстық плитаның үстінде екі- үш сағаттан артық тұрмауы керек;

9) ашыған сүттерді қамыр дайындау үшін қолдануға болады;

10) қатық, ірімшік және басқа да қышқылды сүт тағамдарын, етпен құймақ, флот- макарон, креммен дайындалған кондитерлік бұйымдар, сусындар, паштет, фритюре, пастерилирленбеген сүтті қолдануға, термиялық өңдеуден өтпенген ірімшік және қаймақты, суда жүзетін құстардың жұмыртқаларын, үйде дайындалатын консерві өнімдерін дайындауға тиым салынады. Сүт өндіру ұйымдарында бөлшек орауыштармен оралған қаймақ пен ірімшік арнайы термиялық өңдеуді қажет етпейді.

Өнімдерді кулинарлық өңдеуде витаминдерді сақтау қадағаланылады. Көкөністерді тазалағанда қабығын жұқалап алады, түнде аршып қоюға болмайды, тазаланған көкөністерді суда 1,5 сағаттан артық ұстауға болмайды, пісіру үшін қайнаған суға салуға болмайды.

Дайын тағамның витаминизациясы аскорбин қышқылымен С-витаминизацияны жүргізу нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады. Компот витаминизациясы 12-15°С температурада суытылғаннан соң, таратар алдында жүргізіледі. Киселге аскордин қышқылы 30-35°С температурада суытылып, араластырылып, таратар алдында қосылады. Витамин С тәуліктік нормасы бөбек жастағы балалар үшін- 50 миллиграмм, мектепке дейінгі балалар үшін – 70 миллиграмм.

Тағамдық азықтардың тасымалдануы арнайы жабдықталған автокөліктермен жүргізіледі. Автокөліктің санитарлық паспорты болуы қажет, экспедиторда арнайы киім және медициналық картасы болуы қажет. Азықтарға арналған ыдыстар маркировкаланған, арнайы мақсатта қолдануы қажет. Пайдаланылғаннан кейін ыстық сумен 2% кальцинирленген содамен жуылып, шайылып, сөрелерде кептірілуі керек.

Мектепке дейінгі ұйымдарда, фаянсты, фарфорлы, тотықпайтын болаттан жасалған асхана ыдыстарды қолдануға болады. Әр топқа жекелей ыдыстар болуы қажет және олар буфетте сақталуы қажет. Пластмасса ыдыстарын, алюминиден жасалған ыдыстарды және шетінде жарығы бар ыдыстарды қолануға тиым салынады.

Буфетте асхана ыдыстарын жуу үшін екі ұяшықты жуғыш маркировкасына сәйкес қойылады. Жуғыш ванналарды канализациямен байланыстыру үшін ауа кеңістігі болуы қажет. Бірінші шәй ішетін ыдыстар 50-60°С температурада бірінші ұяшықта жуғыш заттармен жуылады, сосын жуғыш жуыладыда асхана ыдыстары жуылады. Ыдысты жуар алдында, тамақ қалдықтарынан тазаланылады, бірінші ұяшықта 50-60°С температурада жуғыш заттарды қосып жуады. Екінші жуғышта ағынды сумен 65°С төмен емес температурада шаю және торшаларда, полкаларда кептірілуі қажет. Егерде арнайы жуғыштар болмаған жағдайда, ағынды сумен үш ыдыста жуғыш заттар қосып жуылуы керек, сосын шайылып, кептіріледі.

Асхана құралдары: қасықтар, шанышқы жуғыш заттар қосып жуылады, ыстық сумен 65°С температурада шайылады, кептіріледі. Емізіктер жуылып, он бес минут қайнатылып, қақпағы жабылатын шыны ыдыстарда сақталады.

Сүтті қоспаларына арналған емізіктерді залалсыздандыру заттар мен таутандардың көмегімен (қыша, қайнатылған сода) жылы ағынды суымен тазартылып, содан он бес минут қайнатылады және қақпағы жабылатын шыны ыдыстарда сақталады. Ыдыстарды жуатын шүберек жуылады, кептіріледі және ашық ыдыста сақталады.

Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша ыдыстарды залалсыздандыру үшін әрбір топта, құрғақ қыздыратын шкафтар немесе дезинфекциялайтын ерітіндісі бар ыдыстарды салып қоятын, ыдыстар орнатылады.

Топ бөлмелерінде тағам қалдықтарын жинау үшін арнайы аяқпен басып ашылатын бачоктар болуы керек. Бачоктар тазаланып, кальцинирленген содамен жуылып, ыстық сумен шайылып, кептіріледі.

Ас блогының жұмысшылары арнайы киімдермен қамтылып, жеке бас гигиенасын сақтауы қажет.

Ас блогы жұмысшылары келесідей жеке бас гигиенасының ережелерін орындау қажет:

1) жұмысқа кірер алдында, сырт киімдерін шкафқа қояды, қолдарын ыстық сумен, сабынмен жуады;

2) асханада тек таза арнайы киіммен жұмыс жасау керек;

3) асханадан шығарда, әжетханаға барғанда арнайы киімдерді шешіп кетуі қажет және қолдарын ыстық сумен, сабынмен жуып, сосын қайтадан арнайы киімдерін киюі қажет.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоног 26 желтоқсан 2008 ж № 155, ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасымен бекітілген бұйрығымен ұсынысына сәйкес, жалпы білім беретін мекемелердің ас блогының жабдықталуы туралы «Мектеп ас блогының пасторты», болуы керек ( қосымша 3).

Балаларды сауықтандыру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұсыныстар (қосымша 4).




Тест сұрақтары:
1. Ас даярлау блогы қызметкерлерінің медициналық тексерістен өту мерзімін кім қадағалайды:

  1. медицина қызметкері

  2. терапевт дәрігері

  3. завхоз

  4. диетолог дәрігері

  5. бас аспазшы

2. Тәуліктік сынама тоңазытқышта қандай температурада сақталуы тиіс:



    1. 1 градус С

    2. градус С

    3. 6-8 градус С

    4. 10 градус С

    5. 15 граудс С

3. Бірінші және екінші тағам піскеннен кейін ыстық пеште қанша уақыт сақталуы тиіс:



  1. 5 сағаттан көп емес

  2. 3 сағаттан көп емес

  3. 4 сағаттан көп емес

  4. 2 сағаттан көп емес

  5. 6 сағаттан көп емес

4. Таңертеңгі асты қабылдауға регламенттелген уақыт мөлшері:



    1. 15- 20 минут

    2. 5- 10 минут

    3. 10- 12 минут

    4. 25- 30 минут

    5. 30- 35 минут

5. Түскі асты қабылдауға регламенттелген уақыт мөлшері:



  1. 5- 10 минут

  2. 20- 25 минут

  3. 10- 15 минут

  4. 40- 45 минут

  5. 30- 35 минут

6. Кешкі асты қабылдауға регламенттелген уақыт мөлшері:



  1. 25- 30 минут

  2. 15- 20 минут

  3. 10- 12 минут

  4. 5- 10 минут

  5. 30- 35 минут

7. Мектепке дейінгі мекемеде балаларға берілетін бірінші және екінші тағамның температурасы қандай болу керек:



  1. 20 градус

  2. 60 градус

  3. 30 градус

  4. 40 градус

  5. 90 градус

8. МДМ-нің ас блогында болатын үстелдердің минималды саны:



  1. 3 үстел

  2. 2 үстел

  3. 1 үстел

  4. 10 үстел

  5. 7 үстел

9. Астың арнайы-динамикалық (АДӘ) әсері:



  1. бойдың өсуіне кеткен энергия

  2. қимылға кеткен энергия

  3. дене шынықтыру жаттығуларына кеткен энергия

  4. тамақты қорытуға және сіңдіруге кеткен энергия

  5. дамуға кеткен энергия

10. Жалпы белоктар санының қанша процентін жануар текті белоктар құрауы тиіс:



  1. 60-65%

  2. 10-15%

  3. 20-30%

  4. 30-40%

  5. 40-50%

11. Жалпы майлар санының қанша процентін өсімдік тектес майлар құрауы тиіс:



  1. 60%-тен аз емес

  2. 30%-тен аз емес

  3. 40%-тен аз емес

  4. 50%-тен аз емес

  5. 20%-тен аз емес

12. 1 жастан 17 жасқа дейінгі аралықтағы балалар мен жасөспірімдердің белокқа тәуліктік қажеттілігі қанша:



  1. 53-100 г

  2. 10-30 г

  3. 10-50 г

  4. 100-150 г

  5. 150-200 г

13. 1 жастан 17 жасқа дейінгі аралықтағы балалар мен жасөспірімдерге майларды қолдануға ұсынылған нормасы:

  1. 10-30 г

  2. 10-50 г

  3. 100-150 г

  4. 150-200 г

  5. 53-100 г

14. 1 жастан 17 жасқа дейінгі аралықтағы балалар мен жасөспірімдерге көмірсуларды қолдануға ұсынылған нормасы:



  1. 214-400 г

  2. 10-50 г

  3. 50-100 г

  4. 100-200 г

  5. 400-500 г

15. Менюдің негізін не құрайды:



  1. физиологиялық қажеттілік нормасы

  2. осы мекемеге арналған тәуліктік тағамдар жиынтығы

  3. рационның құны

  4. тамақтану режимі

  5. тамақтану жағдайы

16. 3-5 жастағы балаларға арналған бірінші тағамның салмағы:



  1. 100,0

  2. 50,0

  3. 200,0

  4. 250,0

  5. 300,0

17. Балалардың тәуліктік тағам рационында рұқсат етілген тәтті өнімдердің көлемі қанша болу керек:



  1. тәуліктік көмірсу көлемінің 15-20%-ті

  2. тәуліктік көмірсу көлемінің 5-10%-ті

  3. тәуліктік көмірсу көлемінің 20-30%-ті

  4. тәуліктік көмірсу көлемінің 10-15%-ті

  5. тәуліктік көмірсу көлемінің 30-40%-ті

18. Рационда мектеп жасына дейінгі балаларға қабылдауға рұқсат етілетін сұйықтық көлемі:



  1. тәулігіне 2,1 л

  2. тәулігіне 0,5 л

  3. тәулігіне 1,0 л

  4. тәулігіне 1,5 л

  5. тәулігіне 3,0 л

19. Тағамның толық құндылығын бағалаудағы баланстық әдістің мәнін қалай түсінесіздер:



  1. 1 балаға 10 күнде жұмсалған азық-түлікті белгіленген номалармен салыстыру

  2. бекітілген менюді қатаң сақтау

  3. тамақтану режимін бағалау

  4. тағамдардың түрлерін кезектестіріп отыру

  5. азық-түліктердің түрлерін ауыстырып отыру

20. Меню дегеніміз не:



  1. саны көрсетілген тағамдардың тізімі

  2. салмағы көрсетілген азық-түліктердің тізімі

  3. күн тәртібінің тізімі

  4. апта бойына берілген азық-түліктің тізімі

  5. азық-түліктің үлес салмағы

21. Меню- сұрыптама дегеніміз не:



  1. апта бойына берілген азық-түліктің тізімі

  2. салмақтары көрсетілген тағамдардың тізімі

  3. саны көрсетілген азық-түліктердің тізімі

  4. бір балаға арналған азық-түлік көлемі

  5. күн тәртібінің тізімі

22. Майлардың негізгі биологиялық ролі:



  1. майда еритін витаминдердің синтезіне қатысады

  2. ферменттердің алмасуына қатысады

  3. организм үшін құрылым элементі болып табылады

  4. организмнің өсуіне әсер етуші активатор

  5. организм үшін басты энергия көзі болып табылады

23.Тағамның саны бойынша құндылығын анықтайтын құжат:



  1. МДМ-нің құрылымы және пайдалануы бойынша СанЕ

  2. негізгі тағамға және энергияға физиологиялық қажеттілік нормасы

  3. 10 күндік меню

  4. пайдалануға тиым салынған азық-түліктің тізімі

  5. МЕСТ

24. Мектепке дейінгі мекемелердің ас блогы қандай типке жатады:



  1. ашық типті

  2. аралас типті

  3. квартал іштік типті

  4. кез келген типті

  5. жабық типті

25. Мектепке дейінгі мекемелерде винегретті және салатты немен араластырады:



  1. қаймақпен

  2. сірке қышқылымен

  3. қаймақты соуспен

  4. өсімдік майымен

  5. горчичникті соуспен

26. Балалар мекемелерінде қандай салат түрлерін қолдануға болмайды:



  1. саңырауқұлақ

  2. сәбізді

  3. қызылша

  4. капуста

  5. сәбіз бен капуста

27. Балалар мекемелерінде қандай консерваларды қолдануға болмайды:



  1. балықтың

  2. жемістің

  3. жидектің

  4. еттің

  5. үйде дайындалған

28. Мектептерде асхана ыдыстарын жуу үшін қанша ұялы ванна орналастыру керек:



  1. 1-ұялы

  2. 2-ұялы

  3. 3-ұялы

  4. 4-ұялы

  5. 5-ұялы

29. Мектептерде шай ыдыстарын жуу үшін қанша ұялы ванна орналастыру керек:



  1. 1-ұялы

  2. 2-ұялы

  3. 3-ұялы

  4. 4-ұялы

  5. 5-ұялы

30. Балалардың тамақтануында негізгі қоректік заттардың (Белок, Майлар, Көмірсулар) оңтайлы (оптимальді) қатынасы қандай болу керек:



  1. 1:1:2

  2. 1:1:3

  3. 1:1:4

  4. 1:1:5

  5. 1:1:1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет