В010500- дефектология мамандығына арналған Семестр Кредит саны Ақтөбе, 2017 ж. Арнайы психология пәні бойынша 5В010500- дефектология мамандыққа арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Құрастырушы


Дәріс тақырыбы: Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Зейін және ес (жады)



бет15/43
Дата17.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462878
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Арнайы психология УМК

Дәріс тақырыбы: Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Зейін және ес (жады)


Аннотация. Психикалық үдерістегі таным процестерінің табалдырығы болып табылатын зейін және естің ерекшеліктеріне сипаттама беру зерттеуге арналған психологиялық әдістерге толық сипаттама беру, талқылау, қарастыру.
Кілт сөздер: Психика, зейін, ес, психикалық үдеріс.

Жоспары:


  1. Ақыл-ойы кем балалардың зейін және ес ерекшеліктері

  2. Психикалық дамуы тежелген балалардың зейін және ес ерекшеліктері

  3. Есту және көру қабілеті бұзылған балалардың зейін және ес ерекшеліктері

  4. Сөйлеуі және ТҚА бұзылған балалардың зейін және ес ерекшеліктері

  5. Аутизмі бар балалардың балалардың зейін және ес ерекшеліктері

Дәріс тезистері: ПДТ балалардың зейін қабілетін зерттеу саласында, Л. И. Переслени, З. Тржесоглава, В. А. Пермякова, С. А. Домишкевич сияқты ғалымдар айналысып, «зейіннің келесі ерекшеліктерін ашып көрсетті:

    1. Зейіннің тұрақсыздығы (толқымалылығы), баланың жұмыс нәтижесін төмендетеді. Бала 5-15 минуттан артық, нәтижелі жұмыс істей алмайды. 3-7 минут дем алып, келесі тапсырманы орындауға «күш жинайды», осы уақытта оның зейіні, мүлдем басқа нәрсеге ауысып кетеді. «Демалыс» минуттарында, ол орындап отырған ісінен мүлдем алыстап, бөгде заттармен айналысып кетеді. Аздаған демалыстан кейін, бала қайтадан нәтижелі жұмысқа кірісе алады.

    2. Зейін шоғырлануыың төмендеуі, баланың объектіге назарын толық аудара алмауынан көрінеді. Жұмыс нәтижесі төмендейді, қарқыны бәсеңдейді. Бұл әсіресе, соматогендік және церебральды-органикалық ПДТ түрлерінде кездеседі.

    3. Зейін көлемінің аздығы, баланың ақпаратты тұтас қабылдай алмауымен түсіндіріледі. Сондықтан, ойындағы, оқудағы, тұрмыстағы мәселелерді, тұтас және тиімді шешуде қиналады.

    4. Ал, зейін таралуының төмендігі, бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алмауынан байқалады. Әсіресе, егер ол әрекеттер, саналы бақылауды қажет ететін болса.

    5. Жоғары алаңдаушылық, қобалжу, көңілдің жиі бөлінуі ПДТ балаларға тән белгі. Сыртқы ортадағы әсерлер (шу, біреулердің дауысы), бұл балалардың өнімді жұмыс істеуіне бөгет жасайды. Олар кез келген дыбыстық, көріністік тітіркендіргіштерге сезімтал, жұмыстарында көп қателер жіберіп, абыржи бастайды.

    6. З.Тржесоглава зейін тапшылығынан, баланың салғырттығы, тапсырмалар мен нұсқауларды есте сақтай алмайтындығы туралы айтады. Баланың қате жіберуі, көп жағдайда материалды меңгермегеннен емес, мұқиятсыздықтан болады»1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет