В010500- дефектология мамандығына арналған Семестр Кредит саны Ақтөбе, 2017 ж. Арнайы психология пәні бойынша 5В010500- дефектология мамандыққа арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Құрастырушы



бет16/43
Дата17.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462878
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Арнайы психология УМК

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р. Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.

  2. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.

  3. Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500

  • Дефектология [Электронный ресурс] : Учебно-методический комплекс, Актобе, АГПИ, 2012

  1. Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық., Ақтөбе, 2012. - 256 б.

  2. Дүйсенбаева Р.Д. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау пәні бойынша 5В010500 «Дефектология» мамандығына арналған [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік кешен - Ақтөбе : АқтМПИ, 2012

  3. Абаева Ғ.А. Арнайы педагогика және психология негіздері: Оқу құралы. –Алматы, 2014

  4. Искакова М.С. Арнайы психология: Оқулық // Искакова М.С. –Алматы, 2016.- 256.



    1. Дәріс тақырыбы: Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы


Аннотация. Психикалық үдерістегі таным процестерінің табалдырығы болып табылатын ойлау мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сипаттама беру зерттеуге арналған психологиялық әдістерге толық сипаттама беру, талқылау, қарастыру.
Кілт сөздер: Психика, ойлау, сөйлеу, психикалық үдеріс.

  1. Ақыл-ойы кем балалардың ойлау ерекшеліктері

  2. Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау және сөйлеу ерекшеліктері

  3. Есту және көру қабілеті бұзылған балалардың ойлау және сөйлеу ерекшеліктері

  4. Сөйлеуі және ТҚА бұзылға балалардың ойлау және сөйлеу ерекшеліктері

Дәріс тезистері: Ақыл-ойы кем балалардың ойлау операцияларының кемістігін, көптеген эксперимент нәтижелері дәлелдейді. Мысалы, М. В. Зверева мен А. И. Липкина, ақыл-ойы кем балалар, заттарды салыстыруда, олардың ұқсастықтарынан гөрі, айырмашылықтарына назар аударатынын айтады. Профессор Л. В. Занков бұл балалардың заттар мен құбылыстарды салыстыруда, кездейсоқ сыртқы белгілеріне сүйеніп, ал негізгі белгілерін байқамайтындығын анықтаған. Көмекші мектептердегі мұғалімдердің жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, ақыл-ойы кем оқушылардың ойлау түрінің нақты болатынын көрсетеді. Ақыл-ойы кем оқушылардың ойлауындағы негізгі кемшілік – қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу үдерісіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайда, мағынасына бойламайды, өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан, ережелерді білуді қажет ететін пәндер – арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет