В010500- дефектология мамандығына арналған Семестр Кредит саны Ақтөбе, 2017 ж. Арнайы психология пәні бойынша 5В010500- дефектология мамандыққа арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Құрастырушы


Дәріс тақырыбы: Дамуында бұзылуы бар балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері



бет12/43
Дата17.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462878
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Арнайы психология УМК

Дәріс тақырыбы: Дамуында бұзылуы бар балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері




Аннотация. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сипаттама беру зерттеуге арналған психологиялық әдістерге толық сипаттама беру, талқылау, қарастыру.
Кілт сөздер: Даму, жеке адам, тұлға, психологиялық іс әрекет, дамудағы бұзылыс.

Жоспары:


  1. Ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғалық дамуы мен эмоционалды-ерік саласының даму ерекшеліктері

  2. Психитикалық дамуы тежелген балалардың жеке тұлғалық дамуы мен эмоционалды- ерікті саласының даму ерекшеліктері

  3. Есту және көру қабілеті бұзылған балалардың жеке тұлғалық дамуы мен эмоция-ерік саласының даму ерекшеліктері

  4. Тірек–қимыл аппараты зақымданған балалардың және сөйлеуі бұзылған жеке тұлғалық дамуы мен эмоционалды-ерікті саласының даму ерекшеліктері

Дәріс тезистері: Ақыл-ойы кем балалардың жеке-тұлғалық дамуы мен эмоционалды- ерікті саласының ерекшеліктері. Баланың тұлға ретінде дамуына, қоғамдық және отбасылық тәрбие жағдайлары, ол дамитын нақты тарихи орта, ортаның өмір сүру бейнесі әсер етеді.Ақыл-ойы кем балалардың тұлғалық дамуына, бұл факторлардан басқа, оның өзіндік биологиялық ерекшеліктері ықпал етеді. Ақыл-ойы кем балалар, өздерінің ойлау қабілеттерінің кемшілігіне байланысты, жалпы ұғымдар мен заңдылықтарды, адамгершілік, өнегелілік ұғымдары мен қоғамдық құрылым мәселелерін, өздерінің сау құрбыларына қарағанда, анағұрлым кеш меңгереді.Бастауыш сыныптарда, олардың жақсы және жаман туралы түсініктеріне үстірттік, терең бойламау сипаттары тән. Олар өнегелілік туралы ережелерді мұғалімнен, ата-аналарынан, кітаптардан оқып үйренеді, бірақ, күнделікті өмірлік ситуацияларда, ол ережелерге сәйкес, ойланып әрекет ете алмайды. Ақыл-ойы кем балалар өнегелілік ұғымдарын жете түсінбегендіктен, көп
жағдайда әртүрлі кері әсерлерге ұрынады, қателеседі. Кейбір елдерде, ақыл-ойы кем балаларды оқыту, міндетті болып саналмайды, ауқатты ата-аналар ғана, мұндай балаларын оқытуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, дебил немесе есуас балалар, оқу мен еңбек дайындығынан ада болады да, заң бұзушылыққа бет бұрады. Сөйтіп, заң бұзушылардың басым көпшілігін құрайды. Бұл балалардың моральды кемшіліктері, қоғамға жат көзқарастары мен әрекеттерінің туа біткендігі туралы ойлар айтылды. Бірақ, ешқандай ми науқастары мен кемістіктері, аморальды, қоғамға жат қылықтарға негіз болмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзған, ақыл-ойы кем балалардың қылықтарын, олардың қоршаған ортадағы жағдайларды жете түсінбеулерімен немесе өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмауларынан деп түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет