Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р.
Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500
Дефектология [Электронный ресурс] : Учебно-методический комплекс, Актобе, АГПИ, 2012
Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық., Ақтөбе, 2012. - 256 б.
Дүйсенбаева Р.Д. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау пәні бойынша 5В010500 «Дефектология» мамандығына арналған [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік кешен - Ақтөбе : АқтМПИ, 2012
Абаева Ғ.А. Арнайы педагогика және психология негіздері: Оқу құралы. –Алматы, 2014
Искакова М.С. Арнайы психология: Оқулық // Искакова М.С. –Алматы, 2016.- 256.
Дәріс тақырыбы: Дамуында бұзылуы бар балалардың отбасын психологиялық
– педагогикалық қолдау
Аннотация. Дамуында бұзылуы бар балалардың отбасын психологиялық – педагогикалық тұрғыдан сипаттама беру зерттеуге арналған психологиялық әдістерге толық сипаттама беру, талқылау, қарастыру.
Кілт сөздер: Отбассы психологиясы, педагогикалық қолдау.
Отбасында кемтар баланың дүниеге келу мәселесі
Ата-аналарға қолдау көрсету технологиялары
Психологиялық қызметті ұйымдастыру
Дәріс тезистері: Ақыл-ойы кем балалардың ойлау операцияларының кемістігін, көптеген эксперимент нәтижелері дәлелдейді. Мысалы, М. В. Зверева мен А. И. Липкина, ақыл-ойы кем балалар, заттарды салыстыруда, олардың ұқсастықтарынан гөрі, айырмашылықтарына назар аударатынын айтады. Профессор Л. В. Занков бұл балалардың заттар мен құбылыстарды салыстыруда, кездейсоқ сыртқы белгілеріне сүйеніп, ал негізгі белгілерін байқамайтындығын анықтаған. Көмекші мектептердегі мұғалімдердің жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, ақыл-ойы кем оқушылардың ойлау түрінің нақты болатынын көрсетеді. Ақыл-ойы кем оқушылардың ойлауындағы негізгі кемшілік – қорыту, жалпылау қабілеттерінің төмендігі, бұл оқу үдерісіндегі ережелер мен жалпы ұғымдарды меңгере алмаудан көрінеді. Олар ережені жатқа білгенімен, көп жағдайда, мағынасына бойламайды, өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан, ережелерді білуді қажет ететін пәндер – арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |