В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


ТМЖ пайдалану мен байланысты жұмыстарды ұтымды және қауіпсіз орындаудың негізгі талаптары



бет10/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
2. ТМЖ пайдалану мен байланысты жұмыстарды ұтымды және қауіпсіз орындаудың негізгі талаптары


Пайдалану құжаттары

Өндірістік цехтарда жүргізілетін жөндеу-техникалық құжаттар құрамына келесі құжаттар кіреді: жабдықты тапсыру-қабылаудың ауысымдық журналы; жабдықты жөндеуге және одан қабылдап алу-тапсыру журналы; орындалған жөндеулерді тіркеуші жөндеу журналы; ақаулар ведомосты; жылдам тозатын бөлшектер альбомы; машинаның жеке карточкасы. Бұл құжаттардың толық және дер кезінде толтырылуы, машиналар мен агрегаттардың жөнделу сапасы мен жеделдігін анықтайды.


Жабдықты тапсыру-қабылдау ауысымдық журналы - жабдық жұмысындағы жарамсыздықтар мен ақаулары тіркеуге арналған. Журналда тіркелу ай сайын жүргізіледі. Және де тіркелген жарамсыздықтарды кезекті Т.Қ.К немесе жөндеу барысында оларды қалпына келтіру бойынша нұсқаулар келтіреді. Журнал мәліметтерін техникалық қызмет көрсету және жөндеулер кезінде, ақау ведомостің түзу үшін қолданады.
Жабдықты жөндеуге тапсыру-қабылдау журналы - журналда жабдықтың атын, оның технологиялық сұлба бойынша позициялық номерін, жүргізілген жөндеудің кысқаша сипаттамасын, жөндеу алдын орындалған дайындау операцияларының мазмұнын көрсете отырып жабдықты жөндеуге тапсыру және одан қабылдап алу уақыты көрсетіледі. Жазбаларда технологиялық және жөндеу персоналдарының жауапты тұлғаларының қолы қойылады.
Орындалған жөндеулерді тіркеуші жөндеу журналы әрбір жабдық үшін арналады. Журналда келесі мәліметтерді көрсете отырып барлық жабдық үшін жүргізілген жөндеулер жайындағы мәліметтер келтіріледі: алдыңғы жүргізілген жөндеуден кейінгі істеген жұмыс уақыты; орындалған жөндеу түрі мен күні орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы.
Ақаулар ведомосты - жоспарлы жөндеулер басталар алдында түзіледі. Және де бұл жөндеу жұмыстарының орындалу көлемін, қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектер түрі мен санын, жөндеу жұмыстарының кестесін анықтау үшін негіз болып табылады. Онда машинаны жұмысқа пайдалану және оны тоқтатқан кездегі анықталған барлық ақаулар тіркеледі. Ақау ведомості жабдық жөндеуге қойылып, оны бөлшектегеннен соң қайта тексеріледі. Ведомоста ақау түрі және тозу сипаты көрсетіледі. Жабдық бөлшектері ведомостке құрастыру реттілігінде тіркеледі. Ақау ведомостің түзуге технологиялық персоналдар қарастырылады.
Ақау ведомостін түзу үшін, бұрын орындалған жендеулер нәтижесінде түзілген типтік ведомостер кеңінен қолданылады. Мұндай ақау ведомосттарында бұрын кездескен ақаулардың түрлері және жөндеу кезінде орныдалатын жұмыс сипаттамалары келтіріледі. Типтік ақау ведомості механикалық қызметтің тәжірибелі және квалификацияланған қызметкерлерімен түзіледі.
Жылдам тозатын бөлшектер альбомы. Бұл альбомдар машинаны жасаушы зауытпен шығарылады да құрамында келесі құжаттарды қарастырады: түйіндерінің жалпы көрінісі мен бөлшектерінің сызбалары: мемлекеттік стандартталған бөлшектер кестесі; тез-тозатын, сонымен қатар сатылып алынатын бөлшектер тізімі. Сызбада әрбір бөлшектің өнделі түрі, жанасатын бөлшектердің өлшем шегі мен орнына отырғызылуы көрсетіледі.
Техникалық құжаттардың бақылау нормасы КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың біркелкі жүйесі) және ӨОБЖ (өлшем шегі мен отыргызулардың біркелкі жүйесі) талаптарына сай орындалады.
Технологиялық жабдыққа көрсетілетін барлық жөндеуші техникалық қызмет көрсетулер түрін дайындау және жүргізудің техникалық шарты (ТШ), сондай-ақ оны жөндеуден қабылдау, жабдықты жөндеу орнында жасалып дайындалады. ТШ өнеркәсіптің бас инженері бекітеді.
4-Дәріс тақырыбы. Монтаждау және пайдалану процесіндегі технологиялық машиналарға, комплекстерге, агрегаттарға берілетін талаптар. Техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сенімділікпен ұзақ мерзімділік, стандарттау, жөдеу жарамдылық, техникалық эстетика талаптары.

Тасымалдау, сақтау және жабдықтарды пайдалануға өткізу іс-шаралары.


Желінген жабдықтарды ауыстыру немесе жаңа технологиялық линияларды монтаждау үшін оларды белгіленген жеріне әр түрлі транспорт көмегімен тасымалданады (сумен, теміржолмен және автомобилмен). Тасымалдау процессі тасымалданатын жабдықтың сақталуы үшін ең маңызды жұмыс болып табылады, өйткені бұл уақытта бөлек түйіндердің деформацияға ұшырауы, сыртқы қорғалмаған беттерінің коррозиялық желінуге ұшырауы мүмкін.Корпустың және оның бөлек элементтерінің деформациялану себебі жүккөтеру операцияларының дұрыс жүргізілмеуінен және жабдықты бекіту осы қаңқа бөлігі үшін тағайындалған жерге бекітілмеу салдарынан болады.
Бағалы жүкті тасымалдау кезінде жабдықтардың комплектенуі бұзылуы мүмкін. Орын таңдау және сақтау тәсілін дұрыс орындамағаннан коррозия мен ластану салдарынан жабдықтың құруы мүмкін. Осы себептен тасымалдау және сақтау бойынша персоналдардың барлық әрекеті қатаң регламенттеледі.
Дайындаушы-зауыд жабдықты жинақталған түрде жіберуі тиіс және жүкке жинақтау ведомостін міндетті түрде бекітуі тиіс. Ал ведомость құрамына пайдалану құжаттары кіруі керек:
-техникалық жазбасы;
-пайдалану бойынша инструкциясы;
-ТҚК, монтаждау, реттеу және обкатка бойынша инструкциясы;
-паспорт;
-құрал-саймандар және артық бөлшектер ведомостьері.
Жүк тұтынушыға жеткен сәттен бастап , ол жабдықтың толық сақталуына жауап береді. Сақтау орны мен тәсілін таңдау кезіндегі негізгі талаптар:
-сақтау мерзімін қамтамасыз ету;
-коррозиялық желінуден және басқада қоршаған орта әсерлерінен қорғау;
-жүккөтеру жабдықтарының нақтылығы. Қоймада 9-айдан көп сақталған жабдықтар қайта переконсервацияға жатады (ескі майларды жаңа майларға ауыстыру). Қоймадағы сақталатын жабдықтар-жабдықтар базасында сақталады. Қоймалардың негізгі төрт типі болады:
1- ашық алаңдарда, яғни ірі габаритті және үлкен тонналы жабдықтар сақталады;
2-жартылай жабылған қоймалар мен бастырмалар, яғни қоршаған орта әсерінен қорғалған жабдықтар;
3-жабық қоймалар, жылытылмайтын;
4-жабық қоймалар, жылытылатын.
Сақтау тәсілін таңдау өнеркәсіп мүмкіндігіне және жабдық түріне байланысты болады. Жабдықты монтаждауға өткізер алдында ол талапқа сай монтажалды ревизиядан өтуі қажет. Ревизия техникалық-құжатқа сай жүргізіледі:
-жабдықты өаптау ыдысынан босату;
-қорғау қондырғысын шешу және механикалық өңделген беттің сақтау жақпа майларын ашу;
-жабдықты шаң тозаңнан тазалау;
-майларын ауыстыру, егер ол техникалық-шартта қарастырылған болса;
-жинақтау бірліктерінің жинақтылығын және жалпы техникалық жағдайын тексеру.
Ал қажет болған жағдайда «жүксіз бос жүрісте»тексеріледі. Монтаждаудан кейін жабдық пайдалануға өткізіледі. Жабдықты пайдалануға өткізу «АКТ» толтырумен жүргізіледі. Ал жүккөтеру жабдықтары, электрқондырғылары және кательнилер ҚР Госгортехнадзор ведомостьвасы бойынша инспекциялар тексерулерінен кейін пайдалануға қабылданады. Мұндай жабдықтардың қауіпсіздік жұмыстарын бақылау, өнеркәсіп жетекшілігі тағайындаған технадзор инженеріне жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет