1-Дәріс тақырыбы. Кіріспе дәріс. Курстың мақсаты мен мәселелері. Курстың мазмұны және басқа пәндермен байланысы, бакалаврды даярлаудағы маңызы. Курстық зерделеудің әдістері.
«Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану» пәні жинақтаудың ғылыми негіздерін, жүйелерін, құралдары мен әдістерін, әр түрлі жағдайларды сенімді және жоғары өнімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында технологиялық машиналарды техникалық пайдалануды, олардың жұмысының тиімділігін анықтау және оларды әрі қарай техникалық жетілдіру әдістерін зерделеуді меңгеруге бағытталған.
Пәнді зерделеу нәтижесінде студенттер меңгеруі тиіс:
- технологиялық машиналар мен жабдықтарды коснтрукциялау, дайындау және пайдаланудың негізгі ғылыми-техникалық проблемалары туралы түсінігі болуы керек;
қызмет көрсетуші персоналдың негізгі құқықтары мен міндеттерін; жұмыстарды ұтымды және қауіпсіз жүргізу бойынша негізгі талаптарды; технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін; тандау мен пайдалануды регламенттейтін нормативтік құжаттарды; электрондық және өлшеуіш техниканы, өндірістік процестерді бақылау аспаптары мен жүйелерін білуі керек;
қазіргі әдістер мен есептеу техникасын пайдалану арқылы технологиялық жабдықтарды тиімді пайдалану міндеттерін шешуді; технологиялық машиналарға тиімді техникалық қызмет көрсетуді; жұмыста бұзылу себептерін айқындауды; ақаулықтардың пайда болуын ескертуді және олардың салдарын жоюды; өнеркәсіптік кәсіпорын учаскесі жабдықтарының ырғақты және үнемді жұмысын қамтамасыз етуді жасай білуі керек;
ЭЕМ-да жұмыс істеуді; технологиялық машиналар мен жабдықтарды жинақтау мен пайдалану бойынша негізгі нормативтік құжаттарды қолдануды; метрологиялық ережелер мен нормаларды пайдалануды; жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайларында техникалық бақылау әдістерін меңгеруді; еңбектің қауіпсіз шарттарын және апаттарды жоюды ұйымдастырудың практикалық дағдыларын иеленуі керек;
шектес өндірістердің технологиялық процестері облысында технологиялық жабдықтарды жинақтау мен пайдаланудың ұтымды режимдерін таңдауда құзыретті болуы керек.
-Технологиялық машиналар мен жабдықтарды конструкциялау, дайындау және пайдаланудың негізгі ғылыми-техникалық проблемаларын меңгеру.
-Технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен байланысты жұмыстарды ұтымды және қауіпсіз жүргізу бойынша негізгі талаптарды білуі тиіс. Технологиялық жабдықтарды пайдаланудағы жобалық және техникалық құжаттардың талаптары мен мазмұнын меңгергені міндетті.
Қорытынды: Соңғы уақытта мантаждау жұмыстарын ұйымдастырудың прогрессивті формалары кеңінен трауда, атап айтқанда:
ағынды-біріккен;
кешенді- блокты әдістер;
Бұл әдістерді меңгеруге тек қана өндірісті жақсы жобалау, дайындау, техноогиялық жабдықтарды қондыру, монтаждау алаңдарын ұйымдастыру арқылы сапалы және кешенді инженерлік дайындық кезінде қол жеткізуіміз мүмкін.
Яғни, еңбек өнімділігін арттыру үшін монтаждау жұмыстарының индустриализациялық дәрежесін жоғарылатуымыз қажет.
МЖИД-сі дегеніміз ол:
-дайындыққа дейінгі үлкен емес көлемді жұмысарды игеру;
-ірі көлемді жабдықтарды жинақтау;
-жабдықтарды заводта,промбазада,шебрханада және монтаждау ұйымдарында сынау;
-жобалық жағдайда ірі-блокты тұтас жинақ аппараттарды, яғни салмағы бірнеше тоннаға жететін, биіктігі 70м-80м жететін, диаметрі 7-9м болатын қондырғыларды орнату.Мұндай жабдықтарды көтеру үшін арнайы механизмдер мен жүк көтеру машиналары және құрал-саймандар қажет.Сонымен қатар бұл механизмдерді соңғы заманауи лазерлі аспаптармен және ЭЕМ пайдаланумен қолдануымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |