В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021



бет51/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Тасмалқұбыр элементтері

Тасмалқұбыр желісінің құрамдық элементтері ,бұл құбырлар, фасонды бөлшектер, фланецтер, төсемдер, бекіту бөлшектері, арматуралар, компенсаторлар. Құбыр тасмалқұбырдың басты құрылымдық элементі, және де бұл материалына ,қабырға қалыңдағына және диаметріне байланысты түрлеледі . Материалы бойынша құбырлар легірлі, көміртекті болаттардан және бейметалды материалдардаң дайындалады. Соңғысы пластмассадан (фаолит, винипласт) және силикат шынысынан жасалады. Құбыр материалы , оның диаметрі мен қабырға қалыңдығы тасмалданушы орта күшіне, оның қасиетіне және тасмалдану температурасы мен қысымына қарай анықталады.


Тасмалқұбырдың жеке участкелерін , оларды технологиялық құрылымдар мен жабдықтарға фланецтердің көмегіменен біріктіреді. 2,5 мПа шартты қысым үшін көміртекті болаттан жасалған жазық пісірілген фланецті қолданады . 25 мПа дейінгі шартты қысым мен 475°C дейінгі температурада көміртекті болаттан жасалған түйістіріліп пісірілген фланецті қолданса , 450°C-530°C температура үшін 12ХМ, 30ХМА және т.б. легірлі болаттан жасалған түйістіріліп пісірілген фланецті қолданады.
Фланецтік қосылыстардың тығыздығын қамтамасыз ету үшін төсемдерді қолданады. Төсемдер резинадан , парониттен, асбесттен , түсті металдан немесе осы материалдар үйлесімінен дайындалады. Төсем материалы ортаға , оның қасымы мен температурасына байланысты қабылданады.
Тегіс төсемдер шартты қысым шамасы 1,0÷1,6 мПа және температура 200°C дейінгі жағдайда қолданылады. Рш < 4мПа жағдайда гофрленген төсемдерді қолданса , Рм>64мПа жағдай үшін овсенды қимадағы металл төсемдер мен линзалы тығыздағыштар қолданады.
Рж< 4мПа ,жұе tж = 375÷400°C параметрлердегі ыстық су , мунайөнімдері мен бу тасмалдау құбырөткізгіші үшін төсем ретінде паронитті қолданады. Сонымен қатар Рж ≤1,6 мПа және tж <40°C жағдайда бейкоррозияның мұнайөнімдерін тасмалдау құбырөткізгішінде де қағаз картонды қолданады . Орнатар алдан қағаз картонды төсем суға малынып, олифте қайнатылады. Асбестті картондық төсемдерді Рж<3мПа және tж≤200°C жағдайда сілтті мен аммиакта тасмалдайтын құбырөткізгіштерде қолданады.
Қалыңдағы 8 мм дейінгі жұмсақ резінкені төсем ретінде суық су , күкірт қышқылын тасмалдайтын құбырөткізгіште қолданады.
Буқұбыр мен мұнайөнімдер құбырөткізгіштерінде Рж ≥1,6 мПа және tж ≤ 300°C тасмалдау жағдайында кофрленген асбоалюминийлік немесе жұмсақ күйдірілген алюминийлік төсемді қолданады. Tж ≥ 400°C –де гофрленген төсем қабығын темірден дайындайды, ал күшті агрессивті орта үшін 0,8Х13 , 0Х18Н9 маркалы болатты қолданады.
Рш< 4 мПа және tр ≤ 200°C жұмыс істейтін фланец үшін болттарды қолданса , ал анағұрлым жоғары қысым мен температурада шпилканы қолданады.
Құбырөткізгішпенен тасмалданатын газ немесе сұйықты ағызу не тоқтату үшін арматураларды қолданамыз . Арматуралар жетегінің конструкциясына , орындаушы функциясына және конструктивті ерекшелігіне қарай топтастырылады.
Жетегінің типіне қарай арматуралар жетекті және өздігінен реттелетін деп түрленеді. Жетекті арматураларда тиекті (затвор) басқару қолмен немесе механикалық , электрлік және гидравликалық типтегі жетектермен атқарылады. Өзі реттелетін арматурада тиек қозғалысы тасмалданушы ортаның қандайда бір параметрінің өзгеруінде автоматты жүзеге асырылады.
Атқарушы функциясына қарай арматураны бекіткіш , кері және сақтандырғыш клапан, дроссилдеуші және реттеуші деп түрлендіреді.
Бекіткіш арматура (задвижка ( ысырма ) , вентилдер, крандар ) тасмалданушы орта ағысын бекіту және ашу үшін тағайындалады. Кері клапанда тиектің жабылуы ағынның бағытының өзгеруі кезінде жүзеге асырылады . Қалған арматуралардың тағайындалуы аталуынан айқын байқалады.
Конструкциясына қарай арматуралар вентилдерге , задвижкаларға , крандарға және клапандарға бөлінеді. Монтаждау кезінде арматуралар тексеріліп , сынауға беріледі. Зауыттық орал – жұмқалған және дайындау –зауытымен берілген төлқұжаты бар, және кепілдемелік мерзімі аяқталмаған арматуралар ревизия мен санауға берілмейді.
Ревизия барысында арматуралар бөлшектелініп , әрбір бөлшектері мұхият тексеріледі, анықталған ақаулар қалыпқа келтіріледі . Сонан соң арматураны гидравликалық сынауға береді.
Арматураны гидравликалық сынау барысында қаңқаның сальник пен тиек қуысының беріктігі мен тығыздығын тексеріледі. Тексеру қысымы ( 1,5÷2,0 ) Рм құрайды немесе арнаулы техникалық шарттарменен регламенттеледі.
Сақтандырғыш клапандарды ревизиялау барысында жоғарыда келтірілген операциядан басқа , клапанның екі қажеті тұсындағы қысымдар айырмасына реттеп келтіру , маркалау және пломба қойылады.
Жоғары температуралы газ немесе сұйық ортаны тасмалдаушы тасымалқұбырлар , ортаның термиялық әсерінен елеулі ұзарады, және де керісінше суығанда сонша сомаға қысқарады. Бұл кездегі ұзару шамасын келесі өрнекпен көрсетуге болады:

Δ L = α (tқаб + tсыр) ι ≈ (tорт – tсыр)ι (1)


Мунда tқаб –құбыр қабырғасының температурасы ; tсыр – сыртқы орта температурасы ;



  • Lор–тасмалданушы ортаның температурасы ; α - құбыр материалының сызықтық ұлғаю коэффициенты; ι- жылжымайтын тіректер арасындағы құбыр ұзындығы. Бұл ұзару екі жылжымайтын тірек арасындағы құбыр бөлігінде сығу кернеуін қалыптастырады , және де құбыр бөлігінің деформациялануына , кері жағдайда пісіру жігінде тұтастығының бұзылуына алып келеді. Бұл әсер заңды құбылыс. Сол себепті тасмалқұбырларға түрлі типтегі компенсаторлар орнатылады.

  • Іс –тәжрибиеде келесі компенсаторлар жиі қолданылады : П – тәріздес ; бүгілген П – тәрізді ; лиротәріздері ; күрмек тәрізді ; сальникті ; толқынды (линзалы). Аталған компенсаторлар өзіндік компенсациялау қабілетіне қарай тасмалқұбыр диаметріне , ортаның температурасы мен қысымына қарай қолданылады. Монтаждау барысында компенсаторлар , қабылдайтын мүмкін ұзарудың 50% созылып орнатылады. Компенсатордың алдын ала созылып орнату шамасы жобада көрсетіледі.

  • Тасмалқұбыр бөліктерін монтаждау барысында пісіріп бір біріне жалғау қосылыстың біріктігін қамтамасыз ететін бірден – бір тәсіл. Пісірудің сапалы орындалуы кезіндегі физика – механикалық қасиеттері негізгі құбыр материалының физика – механикалық қасиеттеріне жақын тік алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін келесі жалпылама , және негізгі талаптар орындалуы қажет :

  • 1) пісіру тәртібі құбыр материалын , оның конструктивті ерекшеліктері мен өлшем- дерін ескере отырып тағайындалуы тиіс ;

  • 2) Тасмалқұбырдың біріктірілуші бөліктері бір –біріне дәл центрленуі тиіс , және де өстердің ығысу шамалы қабырға қалыңдығының 10% аспауы тиіс ;

  • 3) Центрлестіріліп түйістірілген бөлік қырларын ұзындығы 20 – 30 мм шамасында 3 – 6 орында шеңбер бойымен біркелкі орналастырып пісіре ұстатады ;

  • 4) Пісіру барысында , операция тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс ;

  • 5) Пісірудің жұмыстарын жылдың мезгілін ескере отырып әзірлеу қажет;

  • 6) Жік және тік аймағын кернеулік жағдайдан босату , жікке тиісті структура беру мақсатындағы термоөңдеуді құбыр материалын және оның конструктивті технологиялық параметрлерін ескере отырып дұрыс орындау қажет .



Тасмалқұбырларды жылу және қорғаушы изоляциялау.


Ыстық ортаны тасымалдауға арналған тасымал құбырларды қоршаған ортаға жылудың ысырапталуын болдырмау мақсатында жылу изоляциялайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет