3-Дәріс тақырыбы. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың негізгі қағидаттары мен ережелері. ЖП-дың негізгі ережелеріне пайдалану құқықтары мен оны ұйымдастыру жатады. ЖП-ну дегеніміз, яғни толық физикалық немесе моральды желінуге дейін оны барлық ағымды мерзімде пайдалануда, сенімді және жабдықтың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ететін кешенді ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар. Бұл іс-шаралар ТҚК-дің барлық стадиясында орындалады, яғни тасымалдау мен сақтаудан бастап белгіленуі бойынша пайдаланғанға дейін.
Жабдықтарды жақсы күйде ұстауы бойынша орындалатын жұмыстар:
ПЖ – ол жабдықтарды техникалық баптау және бақылау.
Бақылау процессінде жабдықтардың техникалық күйіне диагностика жүргізіледі. Жабдықтардың техникалық күйін бақылау дегеніміз – машинаның жұмысшы параметрлерінің құжаттық параметрлермен сай келуін тексеру. Яғни, пайдалану ережесіне сай:
-өнімділігі және өнім сапасы;
-вибрация деңгейі және артық дыбыстың болмауы;
-машинаның температуралық параметрлері;
-тұтынатын энергия шығыны ж.т.б.
Осы параметрлер бойынша диагностикалау әдісімен машинаның немесе аппараттың техникалық күйі жайлы толық мәлімет алуға болады. Ал бақылау мерзімі конструкторлармен анықталып, жабдықтың техникалық құжаттарына мәліметтер енгізіледі.
ТҚК бойынша жұмыс мерзімі мен құрамы техникалық құжатпен анықталады. Егер техникалық құжат болмаған жағдайда, онда аппараттағы нормативтік құжаттармен пайдалану жұмыстары атқарылады.
ТҚК жұмыстары бойынша оның құрамына келесідей жұмыстар кіреді:
-машинаны майлау;
-түйіндер мен бөлшектерді реттеу;
-операция сипаттамасы бойынша бекітулерді тарту.
Жөндеу дегеніміз – жабдықтардың техниалық ресурсын және жұмысқабілеттілігін қалыптастыру бойынша орындалатын кешендік операцияларды айтамыз. Егер жабдықтың жұмыс жұмысқабілеттілігін қалыптастыру бойынша негізгі жұмыс атқарылса, онда бұл жұмыс техникалық қызымет көрсету(ТҚК) деп аталады.
ТҚК және Ж өзара байланысқан іс-шаралар ретінде қарастырылады, яғни жабдықты жұмысқабілетті күйінде ұстау үшін. Бұл екі түсінік ТҚК және Ж негізінде іс-жүзінде ТО және Р болып қабылданған. Бұл жүйенің көрсеткіштері іс-жүзінде өзін жақсы көрсетті, өйткені тұтас-кешенді сұрақтарды шеше алады. Ол, яғни ТҚК және Ж жұмыстың өнімділік уақыты мен еңбек шығынын нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар әр түрлі көп жабдықтар үшін оперативті шығындарды анықтайды, атап айтқанда:
-ТҚК және Ж жұмыстарына қосымша шығындарды;
-материалдардың қосымша шығындары;
-жабдықтың нақты күйін есепке алатын жөндеу технологиясын қабылдау негізін.
Сонымен қатар :
-жөндеуаралық циклдің мәні;
-жөндеу еңбексиымдылығы;
-жөндеуде тұру уақыты;
-жөндеуді жоспарлау үшін қажетті нормативті мәліметтердің мәндері келтіріледі.
ТҚК және Ж –мен бірге техникалық баптау және надзорды сапалы орындау жабдықтың сенімді жұмысын және ұзақуақыттылығын қамтамасыз етеді.