В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021



бет3/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Курстың Оқу процесіндегі рөлі

Иілгіш тартулармен тіреуді көмегі бар аппараттың монтажы



Шарлы шарнирмен балансерлік траверса



Төрт мачталы аппаратты монтаждау схемасы

Массасы 300 тонналық бағананы құламалы шевр және ажырамалы ригел көмегімен монтаждау



Строповкалауға арналған монтаждық келте құбырды аппаратқа бекіту схемасы





Такелаждық жасақ көмегімен аппаратты жерден сырғыту арқылы көтеру схемасы

Тік қозғалмайтын мачта көмегімен топсаны айнала көтеру тәсілі мен аппараты монтаждаудың есептік схемасы



Екі мачта көмегімен жартысфераның бетін монтаждау

Сфералық резервуардың корпустарын автоматты пісіруге арналған монипулятор. а - сфераны псірувге арналған орнатудың жалпы түрі, б - монипуляторлдың жалпы түрі,

Шарнирді айналдыра тұратын бағыттаушы көлденең кранның монтаждау схемасы

Жылжымалы жебелік кранды қолданумен полиспасталық жинақтау әдісімен резервуарды монтаждау



Порталды жүккөтергіш аппаратын монтаждау
Пәннің әдістемелік қамсыздандыру және ОҚТ
негізгі әдебиеттер.
1. Ермаков В.И., Шеин B.C. «Ремонт и монтаж химического оборудования.» М.: Химия, 1981 г.-363 с.
2. Молоканов Ю.К., Харас З.Б. «Монтаж аппаратов и оборудования для нефтяной и газовой промышленности.» М «Недера», 1982., 391 с.
3. Гайдалсак К.М., «Монтаж обуродавания предпиятий химической и нефтеной промышленности», М. «Химия», 1983г., 391 с.
4. Матаеев В.В. «Примеры расчета промышленности», М. «Высшая школа», 1990г., 2081 с.
5. Маршев В.З. Петрухин Н.П. «Монтаж обуродавания предпиятий химической и нефтеной промышленности», М. «Высшая школа», 1990 г. 2081с.


2-Дәріс тақырыбы. Технологиялық жабдықтарды пайдалану және монтаждаудың озық әдістері.Терминдер мен түсініктер. Технологиялық машиналармен жабдықтарды конструкциялау, дайындау және пайдаланудың негізгі ғылыми-техникалық проблемалары. Технологиялық машиналарды пайдалануменен байланысты жұмыстарды ұтымды және қауіпсіз орындаудың негізгі талаптары.

Технологиялық жабдықтарды пайдалану мен монтаждауда негізгі озық әдістерді меңгеруде басты терминдер мен түсініктерге өнеркәсіптік жабдықтарды монтаждауды ұйымдастыру және МЖ ұйымдасырудың негізгі әдістерін келтіруге болады.


МЖ ұйымдастырудың және пайдаланудың негізі ол – «Жабдықтар сипаттамасы»
«Жабдықтар сипаттамасы» өздігінен негізгі төрт топқа бөлінеді:
1- жабдықтардың салмақтық сипаттамасы;
2-жабдықтардың габариттік сипаттамасы;
3-технологиялық қондырғылар алаңында жабдықтардың орналасуы;
4-жабдықтардың жүмысшы жағдайы;
5-жабдықтардың конструкциялық және технологиялық негіздері.

1- ші «Жабдықтардың салмақтық сипаттамасы»


Монтаждау кезінде ірі жинақтардың тиімділік шегі және осы аппаратты монтаждаудағы тәсілді қабылдау дәрежесіндегі басты монтаждау сипаттамасы «Аппараттың салмағы» болып саналады. Яғыни, әр түрлі тең жағдайларда аппараттың салмағының өсуімен, монтаждаудың еңбексиымдылығы өседі. Монтаждау аппараттарының ішінде негізгі салмақты тік-бағаналы аппараттар құрайды.
Атап айтқанда негізгі сандар бойынша 50т дейінгі аппараттар салмағы 70%-ды құрайды.Дегенмен олардың (50тонналық) жалпы салмағы, барлық аппараттардың жалпы салмағының 35%-ын ғана құрайды.Салмағы 100 тоннадан асатын ауырсалмақты аппараттардың саны 13%-ды құрайды, ал олардың жалпы салмағы, қарастырып отырған барлық аппараттардың жалпы салмағының 43%-ын құрайды. Аса ауыр аппараттар қатарына: ректификациялық бағаналар, реакторлар, регенераторлар, абсорберлер және комплектелген үлкен бірлік қуаттағы агрегаттар мен үлкен өндірістік цехтардағы басқа да аппаратты қондырғылар жатады. Қазіргі таңда салмағы 1000 тоннаға жететін толық жиналған аппараттарды монтаждауға мүмкіндігі бар жүккөтергіш жабдықтары жасақталған. Салмағы 2000 тонналық аппараттарды монтаждау үшін жүккөтергіш жабдықтары жасалуда, яғни арнайы крандар мен тасымалдау жабдықтарын қосқанда. Салмағы бойынша тік аппараттарды келесідей негізгі топтарға бөлуге болады:
Бірінші топ: - 30 тоннаға дейінгілер;
Екінші топ: - 30тоннадан-200тоннаға дейін;
Үшінші топ: - 200тоннадан – 400тоннаға дейін;
Төртінші топ: - 400тоннадан жоғары.

  • 30т-ға дейінгі тік аппараттарды жобалау орнына СКГ-50 типті өздігінен жүретін жебелі кранды пайдалана отырып орнатуға болады.

  • Салмағы 30-200т аппараттарды орнатуда СКГ-100 типті ӨЖЖК, құбырлы және клеткалы мачтаны,порталды,гидрокөтергіштерді пайдаланады.

  • Салмағы 200-400т аппараттарды монтаждауда мачталы көтергіштің және көтеруді басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесін пайдалану мен гидрокөтергіштерді пайдаланады.

  • Салмаға 400т асатын аппараттарды көтеруде арнайы мачталы көтергіштерді қолданады. Мұндай аппараттарды монтаждауда монтаждау және тасымалдау жұмыстарының барлық этаптарын қамтамасыз ететін тасымалдау және жүккөтеру жабдықтарының кешендік механизмдері қажет.

2- ші «Жабдықтардың габариттік сипаттамасы»


Жабдықтардың габариттік өлшемдері, яғни ұзындығы,ені және биіктігі немесе диаметрі мен биіктігі монтаждау әдісін таңдауда және орнатуда бірқатар әсерлерін тигізеді.
Жабдықтарды габариті бойынша келесідей топқа бөлуге болады:
1. Габаритті, шексіз теміржол бойынша және шектелген жинақталған күйде тасымадауда қолданылатын белгілі дәрежедегі габаритсіз.
2. Габаритсіз теміржол тасымалы үшін, яғни теміржол бойынша бөлек блокты және бөлшекті тасымалдауда қолданылатын, бірақ габаритті теңіз немесе трасса жолдары бойынша жинақталған күйде тасымалдау үшін.
3. Абсолютті габаритсіз, толық жинақталған күйде тасымалдаудың кез келген түрімен тасымалдау үшін.

3- ші «Технологиялық қондырғылар алаңында жабдықтардың орналасуы»


Технологиялық қондырғылар алаңында жабдықтарды орналасуы бойынша, келесі топтағы жабдықтарға бөлугеболады:

  1. Ғимарат сыртында жер деңгейінде немесе биік іргетаста орналасуы;

  2. Ғимарат сыртында биік іргетаста, постаментте немесе металконструкцияда;

  3. Ғимарат ішінде немесе бастырмаларда орналасуы.

4- ші «Жабдықтардың жүмысшы жағдайы»
ЖЖЖ- дегеніміз ол жұмысшы қысым және температура, сонымен қатар аппарат ішіндегі орта мен оның құрамы.Осы көрсеткіштердің әртүрлі болуына байланысты монтаждау жұмыстарына жоғары талаптар қойылады. Жұмысшы қысымы бойынша:
-қалдық қысым 0,07МПА жоғары;
-қалдық қысым 0,07МПА дейін;
-вакуум асты жұмыс істейтін болып келеді.
Жұмыс кезінде қалдық қысымы 0,07МПА-дан жоғары болатын аппараттар Госгортехнадзор байқауында болады. Ал вакуум асты жұмыс істейтін аппараттарға ажырау тығыздықтарына және пісіру қосылыстарына қарай қосымша талаптар қойылады. Яғни, аппаратты сынау және оны жүргізу әдісі кезінде қажетті қысымды жұмысшы қысым мәніне баиланысты қабылдайды. Ал жұмысшы температура жабдықтың конструкциялық формасын және материалдарды таңдауды анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Мысалы: аппарат қабырғасының температурасы 475С-тан жоғары болса, онда легірленген болат қолданылады. Жабдықтардың температуралық режимі келесідей: -250С-тан жоғары емес;-250С-тан жоғары;-0С-тан төмен температурада жұмыс істейтін.

5- ші «Жабдықтардың конструкциялық және технологиялық негіздері».


Үйде өз – беттерінше оқу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет