Монтаждаудың озық әдістері.
Технологиялық нысандардың монтаждау жұмысын ұйымдастырудағы басты мақсат ,бұл монтаждау мерзімін қысқарту және монтаждалу сапасын арттыру. Сонымен қатар қолмен атқарушы жұмыстар үлесін шектеуде басты мәселе болып отыр .
Өнеркәсіптік жабдықтар номенклатурасының ауқымдылығы,олардың конструкцияларының күрделенуі монтаждау жұмысының сапасына(құрастыру,слесарлық және пісіру) қатаң талаптар қояды.Монтаждау мерзімін қысқарту мәселесі технологиялық нысандарды монтаждауды атқарудың ұйымдастырудың және техникалық әдістерінің жетілдіруін талап етеді.Бұл кезде монтаждау жұмыстарының орындалуға межеленіп отырған жағдай,тапсырыс беруші мен монтаждау мекемелерінің техникалық мүмкіндіктері ескерілуі қажет.
Монтаждау жұмысын атқарудың заманауи әдістері жабдықтың толықтай дерлік зауыттың дайындылық түрінде монтаждауын қарастырады. Дегеніменде монтаждалуға келіп түсетін жабдықтардың зауыттың дайындылқ дәрежесі оның габариттік, салмақтық, конструктивті және технологиялық сипаттамаларымен анықталады. Бұл тұста біршама қиындық туындайтын ірі габаритті және ірі салмақты жабдықтар. Осыған орай мұндай жабдықтар монтаждалуға тасымалды күйде (ірі блоктар,жинақ бірліктер немесе бөлшектер түрінде) жеткізіледі. Тасымалданылды бөліктерге бөлу, олардың тасымалдануының қолайлығы және монтаждық алаңдарда мүмкіндігінше қарапайым құрастыру – пісіру жұмыстарының орындалу тұтасынан іске асырылады. Сонымен қатар монтаждау әдісін қабылдауда жабдық орындалатын құрылыс конструкциялардың дайындық дәрежесін ескереді. Осыған орай монтаждау жұмысын атқарудың келесі әдістері әзірленген: ағынды-аралас, жинақ бірлікті, вахталық,
Ағынды-аралас әдіс бір мезетте кезектестіріле келе қат-қабат құрылыстық, монтаждық және іске қосу игеру жұмыстарының орындалуын қарастырады. Бұл әдіс ұйымдастрылуы бойынша біршама күрделі, және де барлық орындалатын жұмыстардың уақыт бойынша орындалуын қатаң түрде ойластыруын талап етеді. Бұл әдіс үшін құрылыс және монтаждық жұмыстарды мүмкіндігінше біріктірген жөн. Атқарылатын жұмыстарды ойластыру монтаждық жұмыстарды жүргізудің жалпы графигі негізінде орындайды. Қажет жағдайда құрылыс-монтаждық жұмыстардың тарапты жоспарлауын да қолданады.
Жинақ бірлікті монтаждау әдісінде нысанды өзара байланысты жинақ бірліктерге бөліп монтаждауды атқарады. Мұндағы басты мәселе монтаждалған жинақ бірлікті кейінгісіне тәуелсіз жағдайда іске қосу игеруді орындай алу. Жиі әдісті жабдықтың жеке түрі үшін қолданады.
Коллекталы-блоктық әдіс – жабдықты монтаждауға мүмкіндігінше зауыттың дайындық күйде берілуін қарастырады. Мұндай әдіс барысында жабдықты құрастыру бойынша монтаждық алаңнан дайындау зауытына жүктеледі. Күшті өндірістік базасы бар монтаждау кәсіпорындарында блоктар мен түйіндерде құрастыру жұмыстары осы базада атқарылады.
Монтаждаудың вахталық әдісі монтаждауды салынып жатқан кәсіпорын үлкен территорияда таралып орналасқан, немесе монтаждау мекемесінен қашық орналасқан жағдайда қолданылады. Монтаждаудың бұл әдісінде жабдықты құрастыру пісіру жұмыстары монтаждау кәсіпорынның өндірістік базасында орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |