Технологиялық машиналар мен жабдықтарды құрастыру. Құрастыруды ұйымдастыру формалары мен әдістері.
Құрастыру, машинаны құрудағы конструкторлармен және технологтарменен алдын жасалған жұмыстардың барлық нәтижелері сай келетін машина жасаудағы аяқтаушы кезең болып табылады.
Машинаның жасалуының технологиялық процесін құрудағы құрастыру анықтаушы рөлге ие және де машинаны құрастыру машинаны жасап шығару жалпы еңбексиымдылығының 10-60%-зын құрайды.
Құрастыруда бұйымның конструкциясын, функционалдық тағайында- луын, бұйымның құраушы элементтерінің конструктивті талаптарын зерделей отырып жүргізеді. Құрастыруды түйіндік және жалпы деп түрлендіреді.
Машинаны құрастырудағы басты талап, бұл оның дәлдігін қамтамасыз ету.
Құрастырудың талап етілген дәлдігіне қол жеткізумен байланысты көптеген мәселелер жинаушы бұйымның өлшемдік тізбегін талдауды қолдануменен шешіледі.
Талап етілген құрастыру дәлдігі, яғни шекті мүмкін минимал қателік осы
өлшемдік тізбекті құраушы мүшелердің өлшемдік қателігі соммасы бара-бар
тұйықтаушы мүшенің өлшемдік қателігіне тең:
мұнда - тізбектің і мүшесінің өлшем қателігі; m-тұйықтаушы мүшені қоса алғандағы өлшемдік тізбек мүшелерінің саны.
Өлшемдік тізбектің тұйықтаушы мүшесіне берілғен өлшем шеғі:
Мұнда і - тізбектің і мүшесінің өлшем шегі.
Осыған орай, құрастырудың талап етілген дәлдігіне қол жеткізу дегеніміз, бұл мүмкін ауытқу шегінен тыс шықпайтындай өлшемдік тізбектің тұйықтаушы мүшенің өлшемін алу.
Құрастыру дәлдігі толық өзараалмасымдылық, жартылай өзараалмасымдылық, топтық өзараалмасымдылық, реттеп келтіру немесе өңдеп келтіру әдістерімен қамтамасыз етіледі.
Толык өзараалмасымдылық әдісіменен құрастыруды тұйықтаушы мүшенің өлшем шегі тізбекті құраушы мүшелердің өлшемдеріне берілген өлшем шектерінің шекті мәндері бойынша есептелгенде қолданады.
Бұл әдіспенен құрастыру келесі артықшылықтарға ие: қарапайымдылығы, өйткені құрастыру процесі тек жинаушы бөлшектерді өңдеп келтірусіз орындалады; ағындық принцпі бойынша құрастыру, өйткені өңдеп келтіруші жұмыстардың болмауы ағындық желіні бөлшектер мен жинақ бірліктерді ауыстырудың жеңілділігі.
Бұл әдіс шектеулі өлшемдік тізбектегі бұйымдарды сериялы және жалпыға мол өндіріс жағдайында құрастыруда экономикалык тиімді.Жартылай өзараалмасымдылық әдісіменен құрастырудың мәні, өндірісті арзандату мақсатында өлшемдік тізбекті құраушы бөлшектер өлшемдеріне берілген өлшем шегіне әдейі ұлғайтуда.
Әдісті сериялық және жалпыға мол өндіріс жағдайында көпмүшелі өлшемдік тізбектігі бұйымдарды құрастыру үшін қолданады. Өйткені жанасушы бөлшектерді өңдеуге берілген өлшем шегін ұлғайту құрастырудағы құралдар мен еңбек шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Топтық өзараалмастыруменен құрастыру конструкторменен қарастырылған өлшем шегін қамтамасыз ету үшін құрастырылушы бөлшектер ұлғайтылынған өлшем шегі өрісімен дайындалып құрастыру алдын жинаушы бөлшектерді өлшемдік топтар бойынша сүрыптаумен жүреді.
Бұл әдіспенен бұйымдарды құрастыру барысында бір өлшемдік топтағы бөлшектер өзара біріктірілуі, бұл кезде әрбір топтағы бөлшектердің дәлдігі конструктивтік өлшем шегіне сай келеді.
Бұл кезде әрбір топ бөлшектерін құрастыруды толық өзараалмасымдылық әдісі бойынша жүргізеді.
Әдісті аз мүшелі өлшемдік тізбектегі бұйымдарды едәуір жоғары дәлдікті қамтамасыз ете отырып құрастыруда қолданады.
Реттеп келтіруменен құрастыру әдісінің мағынасы, бұл өлшемдік тіздекті тұйықтаушы мүше өлшемінің қажет дәлдігі алдын ал қабылданған компенсациялаушы мүшенің өлшемін өзгертуде. Компенсаторлар ретінде төкке сақина төсем және т.б. бөлшектер қолданылады. Реттеп келтіру әдісімен құрастыру артықшылықтары: әмбебептылығы, яғни әдісті тізбектің мүшелер санына, тұйықтаушы мүше өлшемінің өлшем шегіне және бұйымның өндіріс көлеміне қарамастан қолданудың мүмкінділігі; жоғары дәлдікті қамтамасыз ете отырып құрастырудың атқарылу қарапайымдылығы; өңдеп келтіру жұмыстарының болмауы; қосылысты машинаны пайдалану процесінде реттеп келтірудің мүмкіндігі.
Өңдеп келтіру әдісімен құрастыру талап етілген құрастыру дәлдігіне қол жеткізу мақсатында жанасушы бөлшектердің бірінен қажет материал қабатын алумен жүреді. Бұл кезде өңдеп келтіруді механикалық әдістердің бірімен орындайды.
Өңдеп келтіруші жұмыстарын әдіп шамасын келесі өрнек көмегіменен анықтайды:
Мұнда - жинаушы бөлшектердің өлшемдеріне берілген ұлғайтылған өлшем шегін ескергендегі тұйықтаушы мүше өлшемінің өлшем шегі ; — тұйықтаушы мүше өлшемінің мүмкін ауытқуы; Бі - құраушы мүшенің і өлшемінің өлшем шегі; m - өлшемдік тізбек мүшелерінің жалпы саны.
Әдіс еңбексиымды, сондықтамда оны жеке немесе майда сериялы өндірісте қолданған жөн.
Ұйымдастыру формасы бойынша құрастыруда ағынды және бейағынды деп түрлендіреді. Нақты түрін анықтаушы факторлар, бұл құрастырылушы нысан еаны, оның конструктиаті күрделіліп, жүмысшы квалификациясы және т.б.
Бейағынды (тұрғылықты) құрастыру формасында жабдықты құрастыру бойынша қарастырылған операциялар тұрғылықты жұмыс орнында атқарылады да, құрастырылушы машинаның бөлшектері мен жинақ бірліктері кезектестіріле беріліп отырады. Ұйымдастырылудың бұл түрінде құрастырудың жоғары квалификациясы талап етіледі де, құрастыру цикліның ұзақтығы артады.
Ағынды құрастыру жылжымалы (жылжымалы қабырғада) және жылжымайтын болып екіге бөлінеді.
Ағынды жылжымалы құрастыру келесі тәсілдермен іске асырылады: 1) үздіксіз жылжитын конвейрде; 2) мезгілді қозғалысқа келтірілетін конвейрде; 3) құрастырылушы нысанды (жабдықты) операция бойынша механикалық құрылғы көмегіменен кезектестіріле берү; 4) құрастыру нысанын қолмен беру. Құрастырудың бұл формасын сериялы, ірісериялы және жалпыға мол түрінде екеусіз салыстырмалы аз салмақтағы және габариттік өлшемдегі бұйымдар үшін қолданады.
Ағынды жылжымайтын құрастыру формасын сериялы және майдасериялы өндіріс жағдайында үлкен салмақтағы және габариттік өлшемдегі жабдықтар үшін, сондай-ақ құрастыру бойынша қарастырылған кейбір операциялардың орындалу циклы салыстырмалы ұзақ болғанда қолданады.
Бұл кезде әрбір жұмысшы (немесе жұмысшы бригада) тиесілі операцияны бір құрастыру нысанына екіншісіне ауыса жүріп орындайды.
Ағынды құрастыру процесінде әрбір операцияның орындалу уақыты құрастыру тактына жақын немесе еселі болуы тиіс. Бұл операциялардың бірырғақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Егерде бір операцияның орындалу уақыты құрастырылу тактынан екі есеге артып кететін болса, онда бұл операция қат-қабат екі жұмыс орнында орындалады.
Құрастыру такті бұл бұйымның межеленген өндірілу бағдарламасын орындау мерзімін есептемелік уақыт қорын бөлгендегі бөлінді.