В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


-Дәріс тақырыбы. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың монтаждық белгілеріне қарай топтастырылуы



бет25/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
15-Дәріс тақырыбы. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың монтаждық белгілеріне қарай топтастырылуы.


Технологиялық машиналар мен жабдықтардың монтаждық белгілеріне қарай топтастырылуы.

Заманауи химия, мұнайгазөңдеу және мұнайхимиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының құрамына түрлі тағайындалудағы қондырғылар кіреді. Өздігінде бұл қондырғылар тағайындалуы мен конструкциясы бойынша тұқымды түрлердегі жабдықтарды қарастырады.


Сонымен қатар, нақты бір аппараттың монтаждалу ерекшелігін сипаттау кезінде, оларды басты монтаждық амалдардың жалпылылығына негізделуге мүмкіндік беретін жіктестірімділік топтарға бөлген жөн.
Технологиялық машиналар мен жабдықтарды монтаждық тұрғыдан алғанда келесі негізгі белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • жабдықтардың кеңістіктік орналасуы бойынша;

  • массалық және габариттік сипаттамалары бойынша;

- жабдықтардың технологиялық қондырғы ауласында орналасуына қарай;
-жұмыс жағдайына қарай;
-жабдықтың конструктивтік және технологиялық ерекшеліктеріне қарай.
Барлық технологиялық жабдықтарды кеңістіктік орналасу жағдайына қарай горизонталь, тік, қиғаш орнатылатын және кеңістіктік конструкциялы деп түрлендіруге болады.
Горизонтальб орнатылудағы жабдықтарға электродегидраторлар, ыдыстық аппараттар, жылуалмастырғыш аппараттар, сораптық- компрессорлық агрегаттар, барабанды вакуум-сүзгіштер, кристализаторлық және контакторлық жабдықтар жатады.
Бұл топтағы жабдықтардың басым көпшілігі теміржол көлігінде тасымалдануға габаритті, сондықтакда монтаждық алаңдарға зауыттық дайындық күйінде (толық құрастырылған) келіп түседі. Бұл топ жабдықтарын монтаждау барысында жабдықты ревизиялау, оны жобалық жағдайға орнату және сынау жұмыстарын орындайды. Монтаждық жағдайға орнатуды оқшаулық қозғалғыштық және тракторлық кранмен, сирек мачтаның және басқада жүккөтергіш жабдықтардың көмегіменен орындайды.
Тік орнатылудағы аппараттарға К/Д болаттан бағаналы массаалмастырғыш аппараттар, түрлі каталитикалық процестердің реакторлары мен регенераторлары, жылуалмастырғыш аппараттардың тік орнатылудағы типтері, түтіндік құбырлар жатады. Бұл типтегі аппараттардың бірқатар типтері теміржол тасмалына габаритсіз, сондықтанда монтаждық алаңға ірі жинақ бірліктер мен блоктар, сондай-ақ бөлшектер түрінде жеткізіледі. Осыған орай монтаждық алаңда аппаратты құрастыру және пісіру бойынша жұмыстар орындалады. Өйткені бұл топтағы жабдықтар жерде арнаулы қабырғаларда құрастырылып, толық сынақтан өткеннен соң жобалық жағдайға бірденен орнатылады. Жиі бұл үшін мачталарды, порталдарды, гидравликалық көтергіштер мен тұрғылықты монтаждық крандарды қолданылады.
Қиғаш орнатылудағы жабдықтарға түрлі типтегі тасымалдағыш құрылғылар, барабанды типтегі аппараттар (пештер, кептіргіштер, грануляторлар және т.б.) және бірқатар жылуалмастырғыш аппараттар мен сепараторлар жатады.
Бұл топтағы жабдықтар жобалық жағдайға қозғалмалы, оқшаулы және мұнаралық крандарды, порталдарды қолданумен жүреді.
Кеңістіктік орналасудағы жабдықтарға резервуарлар, құбырлы пештер, шатырмалы, типтегі конденсатор-суытқыштар, ауамен суытылудағы конденсаторлар жәңе түрлі металлконструкциялар жатады. Бұл топ жабдықтары құрылыс алаңына біршама ірі жинақ бірліктер түрінде жеткізіледі де, соңынан монтаждық алаңдарда монтаждалымды блоктарға жиналады. Бұл жабдықтарды жылжымалы оқшаулы кранның көмегіменен орнатқан жөн. Бірқатар жағдайда мачталарды, оқшауларды немесе жүккөтергіш жабдықтарды қолданады.
Массалық көрсеткіш жабдықтың басты монтаждық сипаттамасы болып табылады да, елеулі дәрежеде монтаждау әдісі мен оның еңбексиымдылығын, сонымен қатар ірілеп құрастырудың ұтымды шектерін анықтайды.
Жабдықтарды жобалық жағдайға орнату мүмкіндігі тұрғысынан алғанда жабдықтарды кассасы бойынша келесі топтарға бөлуге болады: 30 т дейін, 30-200 т, 200-400 т және 400 т жоғары.
Габариттік сипаттамасы, яғни жабдықтың: ұзындығы, ені мен биіктігі немесе диаметрі мен биіктігі оның монтаждау алаңына жеткізілу күшін және монтаждау әдісін қабылдауға елеулі әсер етеді. Бұл белгісі бойынша жабдықтар келесі топтарға бөлінеді:

  • габаритті, теміржолмен тасымалдауға қолайлы және белгілі дәрежеде габаритсіз, тасымалдануға құрастырылған түрде шектеумен қабылданатын;

  • теміржол тасымалданымына габаритсіз, яғни теміржолменен жеке блоктар және бөлшектер түрінде тасымалдауға қабылданушы, бірақ толық құрастырылған түрде тас жолмен немесе су көлігімен тасымалдауға қабылданатын;

-кез-келген тасымал түріменен толық құрастырылған түрде тасымалдануға абсолютті габаритсіз.
Технологиялық қондырғының территориясында орналастырымды бойынша жабдықтарды келесі топтарға бөлуге болады:
-ғимараттан тыс жер деңгейінде немесе биік емес іргетастарда орнатылатын;

  • ғимараттан тыс биік іргетастарда, постаменттерде немесе металлконструкцияларда монтаждалушы;

  • ғимараттың бастырмаларында немесе постаменттер астында орнатылатын.

Жұмыс жағдайы ретінде жұмысшы қысым мен температураны, сондай-ақ аппараттағы орталар мен олардың қасиеттерін түсінуге болады.
Технологиялық жабдықтардың бұл сипаттамалары басты жағдайда монтаждау барысында орындалатын құрастыру-пісіру жұмыстарының орындау сапасына жоғары талаптар қояды, және де футеровкалық, изоляциялық қабат беру, беріктігін қамтамасыз ету бойынша қосымша жұмыстарды орындаумен байланысты технологиялық амалдың орындалуыменен монтаждау уақытының созылуына, монтаждаудың еңбексиымдылығына әсер етеді.
Жабдықтың конструктивті және технологиялық ерекшеліктері жабдықты монтаждау әдісін, оның технологиялық іске асырылуын және такелаждық жұмыстың еңбексиымдылығын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет