Әдебиеттер
Монтаж систем внешнего водоснабжения и консепции Под ред. А.К. Перешивкина Изд. З-е перераб и доп.М, Стройздат ,1478 576 с.
18-Дәріс тақырыбы. Монтаждық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі әдістері. Монтаждық жұмыстарды жүргізудің негізгі әдістерінің мазмұны. Монтаждық жұмыстар сапасын бақылау.
МЖ ұйымдастырудың негізгі әдісін таңдаудың мақсаты, ол «МЖ» орындалу мерзімін мүмкіндігінше қысқарту болып табылады. Сонымен қатар «орындалған жұмыстың сапасын жоғарылату» және «қол еңбегін азайту» мәселелеріне көңіл бөлу керек.
«МЖ» орындаудың негізгі әдістеріне мыналар жатады:
-ағынды біріккен;
-түйінді;
-блокты-комплектелген;
-агрегатталған-блокты;
-вахталы.
1. «АБ» әдісінде барлық жұмыстардың түрі бірдей орындалады (құрылыс,монтаждау,босату-тағайындау жұмыстары). Уақыт бойынша барлық жүргізілетін жұмыстарға қатаң координация болуы қажет, ал координация МЖ жүргізудің жалпы кестесі негізінде жүргізіледі.
2. «Түйінді» әдісте түйін аралық байланыс бойынша жабдыққа бөлу жүргізіледі, ал түйіндердің дайындық дәрежесі олардың қосылысынан кейін жүргізілетін сынаққа байланысты болмайд. Монтаждаудың календарлы мерзімі жабдықтың бөлек түрлері үшін жоспарланады.
3. «БК» әдісі монтаждауға жабдықтың максимальды зауыттық дайындықта болуына негізделген. Бұл әдісте жабдықты жинау бойынша жұмыстың негізгі бөлігі монтаждау алаңынан зауыттық дайындауға немесе өндірістік базаға көшіріледі.
4. «АБ»әдіске нақты операция түрін орындау үшін арналған, конструкциясы біткен кешендік технологиялық жадықтар жатады. Бұл әдісте блоктар белгіленуі бойынша:
-технологиялық;
-құрылысты;
-коммуникациялық болып бөлінеді. Блок құрамына барлық жабдықтар кіреді (тіректі конструкция, стропа үшін қондырғы және орнығу тетіктері).
5. «Вахталы» әдісі МЖ монтаждау жұмыстарының объектісінен алыстатылған аймақтарға тасталған жабдықтарға арналған. Бұл әдісте жинақтау бойынша негізгі жұмыстардың көлемі өндірістік базаларда жүргізілуін мақұлдайды.
МЖ сапасын бақылау.
МЖ сапасын бақылау іс-шаралардың әдісі мен мазмұны бойынша көпжоспарлы жұмыстарды қамтиды. Осындай жұмыстардың негізгі бағыттарына келесілер жатады:
1.Жұмысшылардың квалификациясын жоғарылату;
2.Өндірістік процессті ұйымдастырудың тиімділігі;
3.Жақсы жұмыс үшін марапаттаудың кешендік жүйелерін қалыптастыру;
4.Орындалған жұмысты техникалық талаптарға сай тексеру.
«МЖ» жүргізудегі негізгі ұүжаттары.
Монтаждау және құрылыс жұмыстарының жүргізілуі көптеген құжаттармен регламенттеледі. Мұндай құжаттарға келесілер жатады:
Достарыңызбен бөлісу: |