В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


Техникалық нысандардың сенімділігі, ұзақмерзімділігі, стандартталуы, жөндеужарамдылығы, техникалық эстетиқалығы талаптары



бет12/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
4.2. Техникалық нысандардың сенімділігі, ұзақмерзімділігі, стандартталуы, жөндеужарамдылығы, техникалық эстетиқалығы талаптары.

Өндіріс өнімі ретіндегі машина сапасы, оның тағайындалуы бойынша белгілі талаптарды канағаттандыра алуына жарамдылығымен шартталған қасиеттер жиынтығын түсінуге болады.


Қазіргі жағдайда бұйым сапасы тек тұтынушылық қасиеттерін ғана ескеріп қоймайды, сонымен катар бұйымның технологиялық қасиеттерін, конструкторлық-көркемдік ерекшеліктерін, сенімділігін, конструкцияның құрамды бөліктерінің стандартталуы мен унификациялану деңгейінде ескереді. Өнім құраушы қасиеттер өнім сапасы көрсеткіштері деп аталатын үздіксіз және дискретті шамаларменен сипаттайды. Бұл көрсеткіштер абсолютті, салыстырмалы және меншікті болуы мүмкін. Өнімнің бір қасиетін сипаттаушы көрсеткішті жеке деп атаса, екі және одан да көп қасиеттерді қарастыратын көрсеткішті кешенді көрсеткіш деп атайды.
Өнім сапасының көрсеткіштерін базалық көрсеткіштер жиынтығыменен салыстыруға негізделінген сапа сипаттамасын оның сапасының деңгейі деп атайды.
Сапа деңгейін бағалау барысында техникалық, сондай-ақ экономнкалық мәліметтерді қолданады.
Машина сапасын сипаттаушы қасиетін немесе қасиеттер жиынтығын сипаттаушы көрсеткіштерді шартты түрде келесі үш топқа бөлуге болады:
1.Машинаның жетілу дәрежесін анықтаушы, оның техникалық деңгейі: қуаты; ПӘК, сенімділігі, үнемділігі және т.б.
2.Өндірісті-технологиялық көрсеткіштер (немесе конструкция технологиялығының көрсеткіштері), яғни техникалық нысанда (бұйымда) жасап шығару, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеуге жұмсалатын еңбек және құрал-жабдықтардың тиімді шығынын қамтамасыз ету тұрғысынан алғандағы тиімді конструктивті шешімдерді бекітуші көрсеткіштер.
3.Пайдалану көрсеткіштері: бұйымның сенімділігі; экономикалық сипаттамасы, немесе баскаша айтқанда адам-машина-амалдар жүйесі тұрғысынан алғандағы адамның гигиеналық, физиологиялық және басқа да қажеттіктерін ескеру дәрежесі; эстетикалық бағасы, яғни бұйымның көркемдік композициясының жетілгендігі, оның сырттай үйлескендігі және т.б.

Бұйым сенімділігі, бұл оның қабылдаған пайдалану, техникалық қызмет көрсету, сактау және тасымалдау тәртібі мен жағдайына сай өзіндік функционалдық орнатылған параметрлерін берілген аралықта сақтай алу қасиеті.


Бұйым сенімділігі бірнеше көрсеткіштерді үйлестіруші кешенді көрсеткіш, және де бұл көрсеткіштер ауқымы бұымның тағайындалуына және оны пайдалану жағдайына байланысты ыкшамдалады.
Сенімділік ұғымы сапа көрсеткіші ретінде бұйымға немесе жеке алғанда оның құрамды бөлігіне (жинақ бірлікке, бөлшекке, кешенге немесе комплектаға) қатысты айтылады. Өйткені жалпы алғанда машина немесе жабдық сенімділігін оның құрамды бөліктерінін сенімділік анықталады.
Бұйымды пайдалану процесінде, онын қызметінің ұзақмерзімділігі үлкен мағынаға ие. Осыған орай бұйымның ұзақмерзімділігі ретінде, өнеркәсіпте қабылданған техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚК және Ж) жүйесі кезіндегі оның шекті күйі орын алғанға дейінгі жұмысқабілеттілігін сақтай алу қасиетін түсінуге болады. Себебі бұйымның шекті күйі басты жағдайда конструктивті ерекшелігіменен, пайдалану тәртібіменен және пайдалану аясымен анықталады.
13.1 Техникада ұзақмерзімділіктің келесі көрсеткіштерін карастырады:
жұмыс ауқымы - боиынша ұзақмерзімділігін паидаланудың күнтізбекті уақыты бойынша ұзақмерзімділік.
Наработка бойынша бағаланатын бұйымның ұзақмерзімділігін оның ресурсы деп атаса, ал күнтізбекті уақыт бойынша көрсеткішін - қызмет ету мерзімі деп атайды. Бұл көрсеткіштердің сан мәніндегі шамасы іске-қосқаннан бірінші күрделі жөндеуге дейін, күрделі жөндеулер арасында, және де жарамсыз деп танылғанға дейінгі аралықтарда айнымалы.
Өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуде стандарттау айрықша орын алады. Бұйымды комплекталаушы құрамды бөліктерін кешенді стандарттау, жоспарлы түрде бұйым сапасын арттырудың тиімді амалы. Стандарттауменен сапаның гиімді көрсеткіштерін, олардың параметрлік қатарын, бақылау мен сынау тәсілдерін, техникалық қызмет көрсету тәсілдерін, жөндеу әдістерін, қосалқы бөлшектер мен материалдар нормасын орнатады.
Әрбір әзірленіп жатқан бұйымға техникалық шарт (ТШ-ТУ) түзіледі. Яғни, өнеркәсіптің өнімнің техникалық құжаттар құрамына кіретін, және де өнімге берілген техникалық талаптар кешенін, оны қабылдау және тапсыру ережелерін, бақылау әдістерін, пайдалану, тасымалдау және сақтау шарттарын нұсқаушы құжат.
Техникалық талаптар бұйымның негізгі параметрлері мен өлшемдерін, қасиеттері мен пайдалану сипаттамаларын, сапа көрсеткіштері мен комплекталығын анықтаиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет