5-Дәріс тақырыбы. Берілген ресурс және тетіктер мен машина бөлшектерін күйі бойынша пайдалану жүйелері, мақсаты, мәселелері, оларды жүзеге асырудың әдістері мен құралдары.
Жөндеу үшін тоқталған техникалық жағдайы немесе мерзімі жеткен жабдықтар оны жүргізуге дайын болуы қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұны жабдықтың түрі мен оның пайдалану шартына байланысты болады. Жабдықты жөндеуге тоқтатуға дайындау механикалық және энергетикалық қызыметкерлердің қатысуымен технологиялық персоналдармен жүргізіледі (кезекші слесар және электрик). Дайындау жұмыстары келесідей:
-жабдықты жұмысшы ортадан босату;
-коммуникациядан және электржүйелерінен ажырату;
-ішкі беттерін жуу және дегазациялау;
-сыртқы беттерін тазалау және қызымет алаңдарын шаң мен тозаңдардан тазалау.
Жадықты жөндеуге дайындауды технологиялық персоналдың бетті жетекшісі басөарады. Жабдықты жөндеуге дайындап болғаннан кейін, ол АКТ бойынша жөндеу жұмысының жетекшісіне өткізіледі (цех механигіне немесе жөндеу жүргізу бойынша жауапты тұлғаға). Ағымды жөндеу алдында жабдықты жөндеуге өткізу туралы АКТ-ге жөндеу жетекшілігінің қолы қойылған сәтінен бастап күнді санайды.
Жабдықтың анықтамалық көрсеткіштері.
Кез-келген ТМЖ-тар дайындалғаннан немесе жөнделгеннен соң межелеген уақытта немесе өндіріс көлемінде сенімді қамтамасыз ету қажет.
Жабдық сенімділігі ретінде оған жүктелген функциясын өзіндік пайдалану көрсеткіштірін берілген шектеулі талап етілген уақыт арасындағы орындай алу қасиетін түсінуге болады. Пайдалану көрсеткіштерінің берілген аралығы, бұл бұйымның бастапқы өлшемінен, берілген өнімділігінен, жылдамдылығынан және т.б бір шама ауытқиды. Бұл қасиеттер сапаның және шамалық көрсеткіштер түрінде болуы мүмкін. Жабдық сенімділігі оны жобалау, дайындау және пайдалану кезеңдерінде қолданады, және де оның сапасының кешенді көрсеткіші болып саналады.
-Жобаның кезеңінде - жабдықтың барлық бөліктерінің теңдей беріктігін қамтамасыз ету, біршама тез тозатын бөлшектерімен тетіктерін анықтау, кернеулердің жергілікті шоғырлану орындарын болдырмау, жабдықтың жөндеу жарамдылығын қамтамасыз ету, сақтандыру құрылғыларын (блокировка) әзірлеу.
-Дайындау кезңінде - үйкелісуші жұп беттерін беріктендірудің тиімді құрал жабдықтарын қолдану, бөлшек беттері өлшемдерін дәлдігі мен бет тазалығын сақтау,дайындау және құрастыруын бақылау әдістерін жетілдіру ,пісіру және сынау талаптарын жоғарлату, жабдықты обкаткалаудың сапалы орындалуы.
-Пайдалану кезеңінде - майлау техбақылау бойынша кепілдімелерді орындау, жөндеу мерзімдерін сақтау,температуралық және басқа да тәртіптерді сақтау.
- Сенімділіктің сапаның көрсеткіштері: жұмысқабілеттілік, жұмысқабілеттсіздік, істеншығусыздық, істеншығуы, шекті күші, жұмыс көлемі, техникалық ресурс, ұзақ мерзімділік, жөндеу жарамдылық, жөнделінімді нысан.
Жұмысқабілеттілік - нысанның нормативті техникалық құжаттарыменен орнатылған шекте берілген параметрлер мәнін сақтай отырып, берілген функциясын орындай алу қабілеттілігі.
Жұмысқабілеттсіздікті - кезкелген бір параметр мәні нормативті техникалық құжаттармен орнатылған талаптарға сай келмегендігін сипаттаушы күш.
Істен шығусыздық - нысанның бір шама уақыт аралығында немесе жұмыс көлемінде үздіксіз жұмысқабәлеттілігін сақтай алу қасиеті.
Істен шығу - нысанның жұмыс қабілеттілігінің бұзылуымен орын алған оқиға.
Шекті күйі-қауіпсіздік талаптарының қалпына келмейтіндей бұзылуы, берілген параметрлерінің орнатылған шектен тыс ауытқуы, пайдалану тиімділігінің төмендеуі, соңында қалпына келтіру шараларын қолданудың қажеттілігі орын алғандықтан әрі қарай пайдалану тоқтатылуға тиісті күйі.
Өңделуі - нысан жұмысының ұзақтығы немесе көлемі.
Техникалық ресурс - пайдалануға берілгенінен шекті күйіне дейінгі нысан жұмысының ұзақтығы немесе көлемі.
Ұзақ мерзімділік - қабылданған техникалық қызметпен жөндеу жүйесіндегі нысанның шекті күйі орын алғанға дейінгі жұмыс қабілеттілігін сақтай алу қасиетті.
Сенімділіктің сапаның көрсеткіштеріне берілген анықтамалардан байқағанымыздай сенімділік техникалық қызмет пен жөндеу сапасына байланыстылығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |