В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


Негізгі жабдықты монтаждау технологиясы



бет13/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Негізгі жабдықты монтаждау технологиясы
Жабдықтарды монтаждау жұмыстары химиялық өрт жарылыс қауіпті, мұнайхимиялық және мұнай өңдеу өндірістері үшін жалпы жарылысқа қауіпсіз ережелер негізінде жүргізіледі.
Аппараттарды тазарту бойынша жұмыстары және оларды монтаждауға дайындау ішкі зауыт инструкциялары бойынша жүргізіледі.
Аппарат ішіндегі жұмыстар цех бастығының (бастық орынбасарының) жазбаша бұйрығымен орындалады, бұл жағдайда рұқсат цех механигіне немесе ИТР құрамының адамына беріледі.
Өндірісте қажетті монтаждауды , газқауіпті және өрт жұмыстарындағы жұмысты алғаш бастау периодын монтаждау учаскесінің алаңдарында аппарат дайындалады (босату жұмыстары бойынша операциялар, инертті газбен үрлеу, жуу және тағы басқа жұмыстар жүргізіледі).
Осыдан кейін цех акт админстрациясы бойынша өндірістік монтаждаудың негізгі жұмыстары үшін дайындалған учаске беріледі. Монтаждау жұмыстары нарияд-допуск операциясымен жасалады.
Монтаждауға жұмысты жүргізуге қауіпсіздік ережелерімен инструкталып өткен адамдар ғана жіберіледі.
Аппараттарды монтаждауға дайындаудың негізгі есебінде келесідей жағдайлар құру болып табылады, яғни олар жану, жарылу жағдайларының және жұмысшылардың өндірістік жұмыстарында жарақат алуын болдырмау сияқты ережелер болып табылады.
Ауамен суыту аппараттарын монтаждау
Ауамен суыту аппараттардың техникалық жағдайын диагностикалауды түрлі әдістермен жүргізеді: сырт көзбен тексеріп бақылау көмегімен; пневматикалық немесе гидравликалық сынаумен; номинал жүктемелер кезінде жұмыс ортасының температурасын бақылаумен; бөлшек қалыңдығын бақылаушы өлшеуді жүргізу жолмен (қабырғасының, құбырлардың ).
Ауамен суыту аппараттарды монтаждаудың мазмұны мен реттілігі конструкцияға, типті өлшеміне және жөндеудің түріне байланысты. Ауамен суыту аппараттарына тән жарамсыздықтар түрлері:

  1. Жұмыс процесінде заттар ерітіндісімен тікелей жанасатын жабдық бөлшектерінің (қаңқа, құбырлар және басқа да бөлшектер) коррозиялық тозуы;

  2. Қаңқалардың, суыту құбырлардың деформацияға ұшырауы;

  3. Құбырдың қаңқамен қосылған жеріндегі тығыздықтың бұзылулары;

  4. Ауамен суыту беттеріндегі щөгінділердің түзілуі;

  5. Сальниктік құрылғының жарақаттануы;

  6. Гидрожылу изоляцияның бұзылуы .

Ауамен суыту аппараттардың монтаждалуы келесі операциялардан тұрады: монтаждауға дайындау; түйіндер мен бөлшектерге бөлшектеу; түйіндер мен бөлшектерді ақаулыққа тексеру; құрастыру; құбырлық және құбыраралық кеңістікті гидравликалық сынау; жұмыстық пайдалануға тексеру .
Коррозиялық тозу қабырғалардың және басқа да бөлшектер қалыңдығының қалыңдықты жұқаруынан, және де өн бойына өткен жарғышақтар мен саңылаулардың түзілуі. Қабырға қалыңдығының 25% үлкен қалыңдыққа жұқаруы кезінде ауамен суыту әрі қарай жұмыстық пайдаланылуы тоқтатылады. Өн бойына өткен саңылаулар мен жарғыншақтар пісіріліп бітеледі. Қажет болған жағдайда жеке бөлшектердің, аса үлкен тозуға ұшыраған бөліктерді ауыстыру рұқсат етіледі. Майысулар мен иілулер түзетіледі.
Ауамен суыту аппаратының қаңқаларын жергілікті ауыстыру кезінде келесі бірқатар талаптар орындалуы тиіс:
- Жамау материалы, қаңқаның материалына сай келуі тиіс;
- Жапсырманы дайындау үшін қолданылатын табақ қалыңдығы, қаңқа қабырғасынан аз бомауы тиіс;
- Түйісу жерлерін пісіру барысында бір элементтен екінші элементке біркелкі өту қамтамасыз етілуі тиіс;
- Ұзына бойғы жіктер аппараттың төменгі бөлігінде орналаспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет