Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет59/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106
Микро рк 03.12.20

Клиникалық көрінісі .
Аурудың жасырын кезеңі 15-тен 50 күнге дейін, көбінесе, 1 ай шамасында болады. Кесел жылдам басталады, температурасы көтеріледі, асқазан ішек жолдарының қызметі 
бұзылады.Кеселдің 5-7 күндері дене сарғаюы байқалуы мүмкін. Ауру көбінесе жеңіл түрде, асқынуларсыз өтеді, 5 жасқа дейінгі балаларда симптомсыз түрде кездеседі. Ауру 
2-3 аптаға созылады, асқынулар байқалмайды. 


Инфекция көзі – індеттің айқын немесе симптомсыз түрімен ауырған адамдар. 
Жұғу жолдары – фекальді оральды, яғни ластанған тағамдар, су, тұрмыстық заттар, қол, ойыншықтар арқылы жұғады. 
Емдеуі – жалпы симптоматикалық. Вирусқа қарсы бағытталған химиялық препараттар қолдану тәсілі жасалмаған. Құрамында интерферон, оксалин бар жақпалар 
қолданылады. Алдын алу. Ішек инфекцияларына қарсы жалпы медициналық бецспецификалық профилактикалық шаралар жүргізіледі. 
Спецификалық алдын алу мақсатында вакцина егу қолданылады.Ол үшін инактивацияланған және рекомбинантты яғни гендік-инженердік вакциналар пайдаланылады: 
Гепа-ин-Вак-инактивацияланған, концентрацияланған, тазартылып адсорбцияланған дақылдық сұйық вакцина.
Гепа-ин-Вак-Пол- инактивацияланған, концентрацияланған, тазартылып адсорбцияланған, полиоксидон қосылған, дақылдық сұйық вакцина.
Аваксим – инактивацияланған вакцина.
Енжар (пассивті) иммунитет қалыптастыру үшін донорлардың қан сарысуынан дайындалған иммундыглобулин қолданылады. 
20. Гепатит B қоздырғышы, таксономиясы, клиникалық көрінісі. Инфекциялық көзі мен берілу жолдары. Емдеуі мен алдын алу. 
Гепатит В вирусы - қан арқылы және қанмен жанасу (контакт) механизмімен берілетін, бауыр зақымданып, жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын ауру. 
Қоздырғышы – Hepadnavirus B (HBV) – гепатит В вирусы. 
Таксономиясы
Тұқымдастығы – Hepadnaviridae; Туыстастығы: Orthohepadnavirus (адамдардың В гепатит вирусы), Avihepadnavirus (үйректердің В гепатит вирусы); Түрі – 
Hepadnavirus B 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет