Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Бактерия жасушасының негізгі және қосымша компоненттері



Pdf көрінісі
бет74/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   106
Микро рк 03.12.20

2. Бактерия жасушасының негізгі және қосымша компоненттері .
Бактерия жасушасын қабырғадан және цитоплазматикалық мембранадан тұратын қабықша қоршап жатады.Бұдан басқа қосымша 
компоненттер:капсула,микрокапсула,шырыш,талшықтар,жіпшелер. 
Жасуша қабырғасы-берік, серпілмелі жасушаға белгілі бір пішін береді,цитоплазматикалық мембранамен бірлесіп бактерия жасуша-ң 
ішіндегі жоғары осмостық қысымды ұстап тұрады.Ол жасушаның бөліну процесі мен метаболеттерді тасымалдауға қатысады.Грамтеріс 
жасуша қаб-ң қалыңдығы 15-20нм,грамоң 50нм. 
Цитоплазмалық мембрана-компоненттері қозғалмалы динамикалық құрылым.Ол бактерия цитоплазмасын сыртанан қоршап,осмостық 
қысымды реттеуге,заттарды тасымалдауға және жасушаның энергия алмасуына қатысады. 
Цитоплазма бактерия жасушасының негізгі көлемін алады,ол ерігіш ақуыздардан,рибонуклеин қышқылдарынан және ақуыздар түзілуіне 
жауап беретін рибосомадан,ұсақ гранулалардан тұрады. 


Нуклеоид-бактериялардағы ядро эквиваленті.Ол бактерияның орталық аймағында орналасқан,екі жіпшелі ДНҚ болым таб-ды.Бактерия 
ядросында ,ядро қабықшасы,ядрошық,негізгі ақуыз болмайды.Бактерияның ультражұқа кесінділерінде нуклеоид фибриллярлы,жіпше 
тәрізді,цитоплазматикалық мембр-н н/е мезосомамен бірлескен,хромосоманың репликациясына қатысатын аумақтар болып көрінеді. 
Қосымша компоненттер: 
Капсула-қал-ғы 2,0 мкм асатын,бактерия жасушасының қабырғасымен тығыз байланысқан,сыртқы шекаралары анық байқалатын 
шырышты құрылым.Капсула гидрофильді,бактериялардың фагоцитоздалуына кедергі жасайды,антигенді болады. 
Талшықтар-бактерия жасушасына қозғалғыштық қабілетін береді.Талшықтар өз бастауын цитоплазмалық мембранадан алатын және 
дискілермен жасуша қабырғасына бекітіледі . 
Қылшықтар н/е пилилер-жасуша беткейінен басталады,пилин ақуызынан тұрады.Бактериялар-ң зақымданушы жасуға жабысуына 
,қоректенуіне жауап беретін және жыныстық түрлерін ажырататын қосымша компонент
Споралар-жасуша қабырғасының құрылымы,тыныштық жағдайдағы өзгеше формасы.Тіршілік етуіне қолайсыз жағдайлар туған кезде 
түзіледі,бактерия жасушасының ішінде түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет