Вейпинг: электрондық темекінің зияны


Құрамында тағы не бар? Сергітеді деп ішкен сусын секіртіп жүрмесін



бет8/10
Дата04.04.2023
өлшемі306.48 Kb.
#471706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Вейпинг

Құрамында тағы не бар? Сергітеді деп ішкен сусын секіртіп жүрмесін
Сусынның құрамындағы тауринге тоқталар болсақ, аминоқышқыл болғандықтан, жүректі белсендірек жұмыс істетеді. Ағзадағы қажетсіз заттардың алмасуы жүрек бұлшықеттерінің жұмысына кері әсер етеді. Салдарынан жүрекке зақым келуі мүмкін. Бірақ, бұл бірде-бір зертханада дәлелденбеген дейді "Астана медицина университеті" АҚ профессоры Наталья Сливкина.
Бұл тұжырымға Сабыржан Белгібаевтың қарсы айтары бар.
– Адам ағзасында 100 г таурин болады. Ол – денедегі бұлшықеттердің қалыптасуына септігін тигізеді. Балаларға арналған тағамдардың құрамында да бар. Глюкуронолактонның әсері де тура осындай. Өндірушілер ағзада жоқ нәрсені сусынға қоспайды, – дейді ол.
L-карнитин – аминоқышқыл. Бір жүйке талшығынан екіншісіне импульстарды тезірек беруге көмектеседі. Шаршағанды басып, төзімділік орнатады. Сусын құрамында оның мөлшері тым аз болғандықтан, әсері біліне қоймайды.
Матеин – мате шәйінің бөлшегі. Аш болсаңыз, орнын толтырады.
Глюкоза – денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың түрі. Адам ағзасында зат алмасу процесіне қатысады. Негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады.
Сондай-ақ, сусын құрамында аз мөлшерде көмірқышқыл газы да бар. Осылардың барлығы қосылып, адамға 3-4 сағатқа дейін белсенді болып жүруіне көмектеседі. Ал кофенің әсерінің 1-2 сағат сақталатынын да біле жүргеніңіз жөн. Тарқаған соң, бәрі бәз қалпына қайта түседі.
Сондықтан, кофеинге негізделген сусындар түнде ұйықтамай, ауыр жұмыс істейтін қызметкерлерге таптырмайтын сусын болып тұр.
Есіңізде мықтап сақтаңыз: Спорттық жаттығулардан кейін энергетикалық сусын ішпеңіз. Қан қысымыңыз көтеріліп кетуі мүмкін.
Қант мөлшеріне тоқталайық
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы энергетикалық сусынның құрамындағы кофеиннің адам денсаулығына айтарлықтай зияны жоқтығын алға тартады. Бірақ, сусын құрамындағы қанттың шамадан тыс екенін де жоққа шығармайды.
Шәй ретінде сатылып жатқан сусындардың құрамында аспартам деген қант бар деп биология ғылымдарының докторы Зұлқарнай Сейітов дабыл қағып отыр. Оның аз ғана түйірі бір тонна судың тәттілігін арттыратын көрінеді.
Австрияның қоғаммен байланыс бойынша менеджері, әлемдегі ғылыми мәселелерді зерттеп жүрген Маркус Хартвич сусында кездесетін қант мөлшеріне тоқталды. Қуат беретін сусындағы қанттың үйде әзірленген бір шыны кофе немесе апельсин шырыны құрамындағы қант мөлшерімен шамалас екендігі анықталды. 250 мл-ге 80 мг дейін. Соңғы 30 жылда дүниежүзі бойынша сергіткіш сусындардың танымалдылығы артты. Соған қарамастан қуат беретін сусындар алкогольсіз сусындар нарығының тек 1% құрайды.
Көп жылдар алкогольсіз сусындар шығарумен айналысып, осы саланың білікті маманы атанған биология ғылымдарының кандидаты Сабыржан Белгібаев энергетикалық сусындардың құрамындағы қант мөлшерінің соншалықты көп емес екендігін айтады. Мысалы, саумалда 6-8 пайыз мөлшерінде лактоза болса, қуат беретін сусындарда сахароза құрамы 10 пайыздан төмен. Ал, бүгінгі нарықтағы шәй мен шырындарда глюкоза, фруктоза, сахарозаның мөлшері 10-12 пайыздан жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет