Вейпинг: электрондық темекінің зияны


Энергетикалық сусынның құрамы қандай?



бет7/10
Дата04.04.2023
өлшемі306.48 Kb.
#471706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Вейпинг

Энергетикалық сусынның құрамы қандай?
"Астана медицина университеті" АҚ профессоры Наталья Сливкинаның айтуынша, әдетте олардың құрамында 10-15 шақты қоспа болады. Олар – глюкоза, матеин, мелатонин, таурин, гуарана, карнитин, кофеин, женьшень, рибоза, инозит. Бұларға қоса В тобының дәрумендері кездеседі. Олардың әрқайсысы ағзаға қуат береді. Соның ішіндегі гуарана, женьшень шөп қосындыларының ешқандай зияны да, пайдасы да жоқ.
Кейбір мамандар бұлардың барлығы туралы жазбаның сусын ыдысы сыртында сәндік үшін жазылғанын да айтады. Кез-келген сусынды ішуге болатын тәуліктік көлемдегі мерзімдері болады. Сол туралы жазылуы керек. Өйткені, бұл дәрумендерді басқа да тағамдардан алатынымызды ескерсек, шектен тыс қабылдауға болмайды. Зат алмасуды бұзып, жүрекке кері ықпалы тиеді.
Кофеин – түссіз және ақ түсті келетін ащы кристалдар. Психикаға қатты әсер еткендіктен, сұйықтыққа тәуелділік туындатады. Сол себепті бір ішкен соң қайта-қайта өзіне баурап тұрады. Кофеиннің мөлшері неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жүйке белсенді жұмыс істей бастайды.
Қуатты кофеин әкелмейді. Ол – сіздің өз энергияңыз. Кофеин тек сіздің ағзаңызда бар құрамның әсерін күшейте түседі. Сусынның әсері бойыңыздан кеткеннен кейін, тез шаршайсыз. Алкогольмен бірге энергетикалық сусынды ішетін болсаңыз, бауыр мен ұйқы безі ауырады. Айналып келгенде панкреатит ауруына шалдығу қаупі артады.
Әр адам кофеинді күніне 400 грамнан ғана қолдануы керек. Сонда бұдан денсаулыққа зиян келмейді. Шәй, кофе, шоколод, сергіткіш сусындардың қабығында көрсетілген мөлшерге мұқият қараңыз.

Депутат Сәкен Қаныбек: "Сусындардың құтысында жазылған жазулар әдейі майда қаріптермен жазылған", – дейді / Ustinka.kz сайтынан алынды
Жүкті әйелге шәй ішуге, шоколод жеуге де болмайды
– Еуропадағы Food safety agency (FCA) агенттігі – мемлекеттік емес эксперттер. Ешкімге тәуелді емес. Сондықтан, оларда лобби, жемқорлық жоқ. Барлық тағам түрлерінің құрамын зерттейді. Солардың шешімін қарап отырсақ, ағзаға қажетті мөлшерде энергетикалық сусынды пайдаланғанның кері әсері жоқ.
Біз анамыздың сүті арқылы кофеинді іште жатқан кезден бойымызға сіңіріп өстік. Өйткені, анамыздың өзі күрең шәй ішті. Ал, оның құрамында кофеин бар. Сондықтан, шәй ішпесе, қазір біздің басымыз ауырады. Баланы бөтелкемен тамақтандыруға ауыстырғанда шәйға сүт пен қант қосып беретініміз және бар.
Әрине, кейбір отбасылар шәйді де, кофені де ішпейді. Енді оларға энергетикалық сусын ішуге болмайды. Өйткені, ағзасы кофеинге бейімделмеген. Кофе мен шәйға қарағанда көк шәйдің құрамындағы кофеиннің мөлшері жоғары. Осыны да біле жүргеніңіз дұрыс.
Аяғы ауыр келіншектерге, қуат беретін сусынды ғана емес, шәй, кофе ішуге, шоколад жеуге болмайды. Ал, біздің ұлттық кодымызда бәрі басқаша ғой, – дейді биология ғылымдарының кандидаты Сабыржан Белгібаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет