Вейпинг: электрондық темекінің зияны


Олар сергіте ме, елірте ме?



бет6/10
Дата04.04.2023
өлшемі306.48 Kb.
#471706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Вейпинг

Олар сергіте ме, елірте ме?
Шындығында сергіткіш сусындардың зияны туралы әңгімені алғаш рет 2010 жылы ақпанда сол кездегі ҚР Парламант Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев көтерген болатын.
– Энергетикалық сусындардың құрамында адам ағзасына өте қауіпті химикаттар бар. Оларды жиырмасыншы ғасырдың 60 жылдары Вьетнамда соғысқан америкалық жауынгерлердің моральдік және әскери рухын ынтыландыру үшін АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігі әзірлеген. Алайда осындай сусындарды тұрақты пайдаланудың нәтижесінде жауынгерлердің арасында бас ауруы, ми ісігі, бауыр ауруы сынды дертке шалдыққандар көбейіп кеткен. Мұның салдарынан сескенген Пентагон сусындарды әскерлерге беруге тыйым салуға мәжбүр болған. Ал тарихта болған осындай келеңсіз оқиғалардан сабақ алудың орнына, елімізде кейінгі кезде энергетикалық сусындарды құмарта ішетіндердің қарасы көбейе бастаған, – деген мәлімдемесі ел жадында.
Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі іле-шала хабарлама таратқан. Онда:

  • Министрліктің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті;

  • Қазақ тағамтану академиясы;

  • Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансымен бірлесіп, энергетикалық сусындардың құрамын зерттеуге кіріскендігі жөнінде айтылды.

Нәтижесінде 2013 жылы біршама тыйымдар енгізілді
Бірақ, әлі күнге дейін нақты дәлел жоқ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің 2013 жылдың 19 тамыздағы "Сергітетін компоненттері бар сусындарды сатуға тыйым салу туралы" қаулысы бар. Ол жерде:

  1. Орта және арнаулы орта білім беретін, жоғары оқу орындарында;

  2. Денсаулық сақтау мекемелерінде;

  3. Жасөспірімдер мен жастар көп жиналатын жерлерде;

  4. Мәдени-көпшілік шараларда мұндай сусындарды сатуға шектеу қойылған.

Тек мұның бәрі әзірге қағаз жүзінде ғана.
Тіпті энергетикалық сусындардың сыртына "Аяғы ауыр әйелдерге, балаларға, жасөспірімдерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын адамдарға мүлдем пайдалануға болмайды" деп те жазылған. Бірақ барлық жерде емін-еркін сатылып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет