Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет144/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
141 
А.Н. Подушкин, Нұрсан Әлімбай және басқа да ғалымдардың тарихи-деректанулық, археологиялық және 
этнографиялық бағыттағы іздестіру, жинастыру жұмыстарының нәтижесімен тікелей байланысты. 
ҚР МОМ қорындағы коллекциялардың қалыптасу тарихы екі кезеңнен тұрады (орынборлық және 
алматылық). «Музейдің алғашқы коллекциялары Орынбор музейі жинақтары негізінде қалыптасты. 1831 
жылы Орынбор әскери губернаторы, генерал-адъютант, граф П.П. Сухтеленнің бастамасымен құрылған 
Орынбор музейінің ашылуын Қазақстанның бас музейінің қоры мен экспозициясының негізі қаланған 
уақыт деп есептеуге болады» [32, 9 б.] 
«1924 жылы кеңестік Ресейдің республикаларын ұлттық межелеуге байланысты Орынбор тарихи-
өлкетану музейінің қоры екіге бөлінді. Осылайша Қазақстанның тарихы мен табиғатына қатысты 
коллекциялар Қазақ АКСР-не берілді» [32, 9 б.]. 
Ал, екінші кезең, 1929 жылы орталық өлкетану музейі қазақ автономиялық республикасының жаңа 
астанасы – Алматыға көшіруімен байланысты. 1929 жылы шілдеде Қазақстан Орталық өлкелік музейі 
Алматыға толық көшіп келді және Вознесенский кафедралды шіркеуінің ғимаратына орналасты. 1931 
жылы Жетісу облыстық статистикалық комитеті жанынан құрылған Жетісу облыстық музейінің 
коллекциялары Қазақстан Орталық музей коллекциясының құрамына қосылды.
1935 жылы Орталық музей Қазақ АКСР-ның 15 жылдығына дайындық барысында барлық 
экпозицияларын қайта құрды. Музей қызметкерлері көшпелілер тұрмысы туралы материалдар жинау 
мақсатымен Оңтүстік Қазақстанға экспедицияға барып қайтты. 1936 жылы Алматы облысында екі 
экспедиция ұйымдастырылды. Музей экспозициясы көптеген этнографиялық заттармен толықтырылды. 
1941 жылы Орталық музейге Дін және атеизм музейі қосылды. Музей жұмысы халыққа танымал болуы 
үшін 1944 жылы ол Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік музейі деп аталды. Музей қорын Қарғалы 
қазынасының алтын бұйымдары, сақ-скиф алтынының мол колллекциясы, Ыбырай Алтынсариннің қолы 
қойылған мақтау қағазы, Тұрағұлдың әкесі Абай туралы қолжазбасы, Шоқан Уалихановтың, Жаяу 
Мұсаның, Әміре Қашаубаевтің, Сәкен Сейфуллиннің, Күләш Байсейітованың және басқалардың жеке 
заттары, сондай-ақ суретші Н.Г. Хлудовтың шығармаларының толық жинағымен толықтырылды. 
1933 жылдан бастап музей қоры археологиялық, этнографиялық экспедициялар мен деректанулық 
ізденушілік жұмыстары нәтижесінде толығып отырды. 1942-1973 жылдар аралығында республиканың әр 
түрлі аймақтарына ірі тарихи-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Нәтижесінде халықтың 
тұрмыс-тіршілігін, дәстүрін, мәдениетін, саяси және әлеуметтік жағдайын көрсететін құнды деректермен, 
материалдармен музей қоры толықты. 1985-1989 жылдар аралығында музей қызметкерлерімен ғылыми 
іс-сапарлар ұйымдастырылды. Жылына музей қоры шамамен 15-16 мың музей экспонаттарымен толығып 
отырды. 
Әр жылдарда, өз лауазымы аясында, Қазақстанның бас музейінің дамуына үлес қосқан Орталық 
Мемлекеттік музейдің басшылары, тарихшы-ғалым, этнографтар музей коллекцияларының қалыпта-
суына көп ықпал етті.
1942-1951 жылдар аралығында Мемлекеттік Орталық музей директоры Әбусағит Мұсылманқұлұлы 
Жиреншин болды. Олар 9 жыл бойы қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жөнінде этнографиялық 
материал жинау бойынша бірқатар экспедициялар ұйымдастырды. Музей экспедициясының құрамында 
ғалым археологтар мен этнографтар жұмыс істеді. Әбусағит Жиреншин тұңғыш қазақстандық 
абайтанушылардың бірі болды. 
1956-1973 жылдары еліміздің Орталық музейінің директоры Сара Сатпайқызы Есова болды. Оның 
тікелей басшылығымен, Қазақстанның әр түрлі облыстарынан әдет-ғұрып пен дәстүрді бейнелейтін 
тарихи және этнографиялық материалдар жинау бойынша экспедициялар жүргізілді. Музей Мәскеуде 
1958 жылы өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі шеңберіндегі көрмені дайындау кезеңінде 
айтарлықтай жұмыс жүргізді. Бұл көрмеде 400-ден астам музей экспонаттары – халық шығармашылығы 
шеберлерінің бұйымдары қойылды. Райхан Ескендірқызы Қосмамбетова 1974-1995 жылдары, Гүлжиян 
Бекейқызы Дүйсенбинова 1995-1997 жылдары, ал 1997-1999 жылдары Ермек Жангелдин Орталық музей 
директорының қызметін атқарды. 1999 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан 
Республикасы Орталық музейдің директорлық қызметін белгілі ғалым-этнолог Нұрсан Әлімбай атқарды. 
Ол жүзден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Өзінің басшылық қызметке келуінен бастап 
музейді ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде ұйымдық-құрылымдық және функционалдық тұрғыдан 
жетілдіру стратегиясын ұстанып келді. 
Жоғарыда көрсетілген экпедициялардың хронологиялық шеңберіне қарасақ, соғыс жылдарынан 
кейін және 1985-1989 жылдар аралығында жасалынған экспедициялар негізінде салыстырмалы түрде 
музей қоры қарқынды түрде толыққан. Әрине, алғашқыда музей қоры жүйесіз түрде толықса, бүгінгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет