Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет145/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
142 
таңда жүйелік, тақырыптық және кешенді принциптері негізінде жинақтау жұмыстары жүргізіледі. Ал, 
негізінен музей ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде ұйымдық-құрылымдық және функционалдық тұрғыдан 
соңғы 20 жыл көлемінде Қазақстандағы және Орта Азиядағы ең ірі әрі озық музей ретінде қалыптасты.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне қатысты этнографиялық коллекциялар өзіне тән ерекшеліктерін 
сақтап, бүгінгі күні ғылыми-танымдық маңызы артуда, әсіресе, қолданыс аясынан шығып кеткен бірегей 
музей құндылықтары ғалымдар үшін таптырмас дерек көздері болмақ. 
Қырғыз халқы коллекциясы. Қазақстан диаспораларының мәдениеті атты көрме залында Алматы 
қаласында орналасқан қырғыздың «Мурас» мәдени орталығы ұсынған ат әбзелдері (ер-тұрман) 
көрсетілген. Көрмеде, сонымен қатар, ХХ ғасырдағы қырғыз ерлерінің бас киімі (қалпақ), велюр мен 
микробарқыттан тігілген әйелдер костюмі (оңтүстік өңірдің үлгісі), күмістен жасалған зергерлік 
бұйымдар, сондай-ақ комуз (ішекті) және ауыз комуз (үрмелі) деп аталатын музыкалық аспаптар және 
ағаш ыдыстар (темекі, чомуч, жағау табау, чанаш) экспозицияланған. 
Қырғыздардың бас киімдер ішінен пішіні, сондай-ақ атауы да бірдей аталатын «қалпақ» атты бас 
киім қазақ халқының қолданатын қалпағымен ұқсас болып келеді. «Қалпақ» қырғыздардың ұлттық 
киімінің бір түрі. Олардың бас киім пішімі мен ою-өрнегі қазақ халқына ұқсас болған [14, c. 63]. 
Бұл экспозицияда қырғыз әйелінің бас киімі ерекше қызығушылық тудырады. Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік Орталық музей заттарының түсім кітабына сәйкес бұл бас киім КП 28224/1.2 
нөмірімен тіркелген Қырғызстанның оңтүстік өңірінің үлгісі болып табылады. ҚР МОМ қорында 
сақталған қырғыз халқының киімдер үлгісі құнды дереккөзі болып табылады. К.И. Антипинаның 
қырғыздардың киіміне арналған монографиясының ауқымды тарауындағы қырғыз киімдерінің 
сипаттамасы осы музейде экспозицияланған киім үлгісімен дәлме-дәл келеді. Оның мәліметі бойынша 
ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы бүкіл Қырғызстанда әйелдерге арналған ортақ бас киім тюрбан 
болған. Қырғызстанның оңтүстігінде оны «елечек» деп атаған. Ол бірнеше бөліктен тұрады: дулыға 
тәрізді қалпақ (кеп тақия), маржан алқа, орамал, шылауыш (тюрбанның) өзі, ондағы әшекейлер (қырғақ), 
үстіңгі орамал (дурия). Бұл бас киім түрі Оңтүстік Қырғызстанға тән болды [29, 253 с.]. Қарастырылып 
отырған бұл элечек 2021 жылдың 3 маусымында «Мурас» қырғыз мәдени орталығының сыйлығы ретінде 
музейге алынды. Ол да Оңтүстік Қырғызстанға тән кеп тақия қалпақ, маржан алқа, орамал және үстіңгі 
орамалдан (дурия) тұрады. 
Өзбек халқы экспозициясынан. Өзбек халқының элементтеріне арналған экспозициядан тамаша ою-
өрнекпен өрнектелген мыс ыдыстарды, сырланған қыш ыдыстарды, түпнұсқа әшекей бұйымдарды, 
ұлттық музыкалық аспап, паранджа, шебер жібек кестелерді көруге болады. Өзбек халқына қатысты 
музей құндылықтары музей алғаш құрылған кездерден бастап қалыптасты. Кейбір тұрмыстық заттар 
«орынбор» кезеңінен бастап жинақталған. Мысалы, ағаш қасықтар музей қорына 1924 жылы түскен. 
Ыдыс-аяқтың тағы бір дәстүрлі түрі – сапты аяқ, ол Жетісу облыстық музейінің қорынан келген, көк 
түске боялған, түбі қызыл түске боялған ағаш шөміш (анықтама үшін: 1931 жылы Жетісу облыстық 
музейінің қоры Қазақстан Орталық музейі қорына қосылған). 
Түркімен халқы. Түркімен халқы бойынша экспозицияға түркімен әйелдерінің киімдері, зергерлік 
бұйымдар мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қуыршақтар, жүннен тоқылған 
шұлықтар, кілем бұйымдары қойылған. Зал экспозициясын жаңарту және толықтыру мақсатында музей 
қорын толықтыру жұмыстары жүргізілген. Жоғарыда аталған бұйымдарының басым көпшілігін Алматы 
қаласындағы түркімен этномәдени орталығы музей қорына өткізген. 
Түркіменстанда кілем тоқу, киіз басу қолөнерінің негізгі түрі болған. Кілем тоқу, киіз басу, жібек 
тоқу ХІХ ғасырдың ортасында коммерциялық құндылыққа ие болды. Тоқылатын кілемдер ішінен 
Түркіменстан кілемдері көрнектілігі жағынан ерекше көзге түседі. Кілемдер мен кілемдік бұйымдарды 
ерте заманнан бастап шығарып келе жатқан елдің бірі – түркімендер.
Түркімендерге арналған көрмеде қойылған түкті кілемше ХХ ғасырдың екінші жартысына жатады. 
Түкті тоқыма. Көліне екі қатар етіп аттабан өрнегі терілген, үш суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты 
қызыл кілем. Аттабан өрнегінің іші ақ, қызыл түсті төрт бөлікке бөлініп, төртбқрыш салынған. 
Аралықтарына және қолтықшаларына тістішаршы өрнегі тоқылған. Кілемнің жиегіне көгеріс, гүл 
өрнегінен үш қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына ақ, қызыл, қоңыр түсті зооморфты өрнектер 
салынған шаршы айнала тізбектелген. Кілемнің екі шетіндегі жалпақ жолаққа ақ, қызыл түсті шаршы 
өрнегі салынып, ақ түсті желі жібінен шашақ шығарылған. Оны 1997 жылы Түркіменстан 
Республикасының Президенті С.Ниязов сыйға тартқан болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет