Keywords: independence, achievement, state, eternity, identity, thirtieth, anniversary, message. Кіріспе. Тәуелсіздік - кез келген мемлекеттің басты байлығы. Әр халық тәуелсіздікке түрлі жолмен
жетеді, төңкерістер, соғыстар, ұлттық азат ету қозғалыстары арқылы жетіп жатады. Қазақстан үшін 1986
жылғы желтоқсан оқиғасы халықтың тәуелсіздікке ұмтылысының басы болды. 1991 жылдың 16
желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылдады. Биыл біз «Қазақстан Республикасы» деп аталатын
егемен мемлекеттің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлағалы отырмыз.
Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында халықаралық сахнада белгілі, дамыған, гүлденген елге айналды.
2021 жыл Президентімен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жарияланды.
Өзектілігі:
Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен Қазақстанның жетістіктерін көрсету, Қазақстанның
мемлекеттілігі, Қазақстан халқының бірлігін сақтау, нығайту үшін жасалып жатырған игі істерді айту,
жастардың отан сүйгіштік сезімін күшейту.
1991 жылдың аяғында көптеген одақтас республикалар өз тәуелсіздігін жариялап үлгерді. Кеңес
Одағы деген алып мемлекеттің орнында он бес тәуелсіз мемлекет пайда болды: Әзірбайжан, Армения,
Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан,
Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Эстония.
Бұл біздің ұлы мақсаттарымыздың бірі болатын. Тәуелсіз елде еркін өмір сүру бабалар аңсаған асыл
армандардың бірі болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, Қазақстан дербес даму жолына түсті. Отанымыз,
тарихымыз, өмірімізге жаңаша қарап, жаңғырта бастадық.
Конституциялық Заң қабылданғаннан кейін президент пен үкімет алдында елдегі экономикалық және
саяси жағдайды қалыпқа келтіру міндеті тұрды. Тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекеттік нышандарды
бекіту, жеке институттарды жасау, жеке ұлттық валютаны айналымға қосу, азаматтардың әлеуметтік
экономикалық ахуалының төмен түсірмеу сияқты күрделі міндеттер атқарыла бастады.