Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет28/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Материалдар мен әдістер: Дереккөздерді талдау арқылы зерттелетін үдерістерге объективті 
көзқарасқа негізделді. Тарихты зерттеудегі ұлттық идея авторға объективті тұжырымдар қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу әдістері ретінде нақты, салыстырмалы талдау, жүйелеу, 
салыстыру, хронологиялық, ретроспективті әдістер жүргізілді. 
Нәтижелерді талқылау: Ұлттық идеяның көтерілуі және оған түрткі болған саяси-әлеуметтік 
факторлар жөнінде. А.Сейдімбектің айтуынша, этнос жадының қожырай бастауы ұлттың бірегейлігін 
дүбараландырады. «Этнос мүлде өлімге бойұсынғанда сол этнос аясында бірін-бірі түсінбейтін, бірін-бірі 
түсінгілері де келмейтін бірнеше әлеуметтік топтар пайда болады... нағыз ұлтжандылық пен 
мемлекетшілдіктің сыналар жері де осы болса керек» [7, Б.46-47] деп жазады. Бұл тұжырым маркстік 
таптық теория ықпалында қоғамды антогонистік топтарға бөлген жіктелісті емес, керісінше, рухани 
деградацияға ұшыраған қоғамдағы әлеуметтік жіктелісті көрсетіп отыр деп түсінуіміз керек. Демек, 
отарлық биліктің өз боданындағы халықты ұлтсыздандыруға бағытталған әрекетінің нәтижесі – осы 
рухани деградация болатын. Ол деградация ұлттық тұтастыққа сызат түсіретін еді. Отарлық билік 
тұсында дәстүрлі қоғамдағы ұлттық құндылық – рушылдықпен, мемлекетшілік – жершілдікпен, 
қайраткерлік – мансапқұмарлықпен алмаса бастады. 
Ұлттық идея ұлтты қалыптастырушы саяси, идеологиялық, мәдени-рухани құрауыштардың 
қатарында дүниеге келеді және олар бірін-бірі толықтырып отырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазақ 
ғалымдары ұлттық идеяның «бес ғасырдан астам тарихы бар» [8] деп, мәселені Қазақ хандығының 
құрылуымен байланыстырады. Бұл тұжырымға қатысты айтарымыз, аталған кезеңде қазақ халқы ұлт 
болып қалыптаса қоймағандығын ескерер болсақ, «ұлттық идея» атауына басқаша мән берген дұрыс 
болар еді. Осы кезеңде халықтың жаңадан дербес, қазақ атауымен мемлекет болып шаңырақ көтерген 
арман-мұраты мемлекеттілікті нығайту, ортақ территорияны қалыптастыру, дербес ұлт болып ұйысу 
болғандығы белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет