Қорытынды. Тарихи түбірімізді анықтау, ұлттық тарих беттеріндегі ақ таңдақтарды зерттеу
Тәуелсіздіктің отыз жылында да өз маңызын жойған жоқ. Тарихымызға жаңаша көзқарас тұрғысынан
қарай бастадық. Ғылыми тұрғыдағы «тарихи түгендеу» табиғи процесс. Себебі онсыз тарих ғылымы
дамымаған болар еді. Әрбір жаңа зерттеу бізге жаңа деректерді ашады, белгісіз оқиғаларды көрсетеді.
Біздің тарих тарихи сәттерден ғана тұрған жоқ. Өткенге көз жүгіртсек түрлі жеңістер мен белгілі
жетістіктердің болғанын байқаймыз. Сондықтан өзімізді құрбан етіп көре берудің де дұрыс емесін
мойындауымыз керек. Тарихи өзіндік санамызды қалыптастыруда оның өз кедергісі бар деп ойлаймын.
Тарихты зерттеу кезінде ежелгі заманға көп назар аударамыз. Қазіргі жастар ата-анасы куә болған
процестерден гөрі қазақ хандары туралы мәліметтерді молырақ біледі. Ал өткен отыз жыл уақыт біздің
халықтың басынан өткен ең маңызды кезеңдердің бірі. Сол себептен жаңа тарихты зерттеуге, зерделеуге,
насихаттауға көп көңіл бөлу керек. Ол тарих ұлттық мүдде тұрғысынан қаралып жазылуы тиіс.
Отыз жылды еңсердік. Талай белестерді бағындырдық. Ендігі төртінші онжылдықтың бізге артқан
міндеті қуатты мемлекетке айналу, қазіргі заманда өмір сүре білетін ұлттың жаңа болмысын қалыптасты-
руымыз керек. Бұл тұтас халықтың болашақ алдындағы міндеті, оның ішінде өскелең ұрпақты білім,
ғылым нәрімен сусындататын тәрбиешілер, ұстаздар, оқытушылар алдында тұрған маңызды міндеттердің
бірі.
Әділетті, халықты еститін мемлекет құруды жоспарлап отырымыз. Бірақ халықтың әл-ауқатын,
олардың материалдық жағынан жақсы өмір сүруін жақсарта алмасақ ел ретінде халықаралық сахнада
жеткен жетістіктеріміздің ешқандай мәні жоқ екенін түсінуіміз керек. Жер асты мен үстіндегі ел
байлығының игілігін, қарқындап дамып келе жатқан ел экономикасының жақсылығын көрсету - ел
Президентінің алға қойған мақсаты. Біздің халықтан артық байлығымыз жоқ. Әділетті мемлекеттің басты
мақсаты тұрғындарды әлеуметтік тұрғыдан жағдайын жақсарту, олардың мүддесін мүлтіксіз қорғау
болуы керек. Сол қасиетті ұғымды болашақ ұрпақтың санасына ендіре алу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Ғабитов Т.Х. Қазақ философиясы. –
Алматы: Раритет, 2011. –
280 бет 2. Егемен Қазақстан тарихы: тәуелсіздікке 20 жыл [Мәтін]: тарихи-құжаттық зерттеу/ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Мемлекет тарихы институты; құраст.: Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Г. Р. Нұрымбетов. –
Алматы: Раритет, 2011. –
395 бет 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2012. – 176 бет+8 бет түрлі түсті суретті жапсырма. 4. Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз.Жолдау. –
Астана,28.01.2011. 5. Тоқаев Қ-Ж. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан. –
Астана, 2020. 6. Тоқаев Қ-Ж. Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Мақала. –
Астана, 2021. 7. Төлепберген Б. Ұлттық идея-тәуелсіздік тұғыры: Ғылыми-танымдық талдаулар мен публицистикалық толғаулар. –
Алматы, 2016. – 240 бет. References: 1. Ğabitov T.H. Qazaq filosofiiasy. –
Almaty: Raritet, 2011. –
280 bet
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж. 22
2. Egemen Qazaqstan tarihy: täuelsızdıkke 20 jyl [Mätın]: tarihi-qūjattyq zertteu/ Qazaqstan Respublikasy Bılım jäne ğylym ministrlıgi, Memleket tarihy instituty; qūrast.: B.Ğ.Aiağan, H.M.Äbjanov, G.R.Nūrymbetov. - Almaty: Raritet, 2011.- 395 bet 3. Qazaqstan Respublikasy memlekettık täuelsızdıgınıñ jiyrma jyldyğy deklaraciiasy.Almaty:«Qazaq enciklopediiasy», 2012. – 176 bet+8 bet türlı-tüsti surettı japsyrma. 4. Nazarbaev N.Ä. Bolaşaqtyñ ırgesın bırge qalaimyz. Joldau. –
Astana, 28.01.2011. 5. Toqaev Q-J. Abai jäne XXI ğasyrdağy Qazaqstan. –
Astana, 2020. 6. Toqaev Q-J. Täuelsızdık bärınen qymbat. Maqala. –
Astana,2021. 7. Tölepbergen B. Ūlttyq ideia - täuelsızdık tūğyry: Ğylymi-tanymdyq taldaular men publicistıkalyq tolğaular. –
Almaty, 2016. –
240 bet.