ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
21
бірегейлік «жоғарыдан»
берілетін нәрсе емес, оны қалыптастыру керек. Оны қалыптастыру процесінде
мемлекет белсені қатысуы керек. «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырған екі жыл ішінде
қазақстандықтардың құндылықтарын анықтап, жүйелене бастады десе де болады. Міне солар жаңа
ұлттық бірегейліктің негізіне айналады [5]. Ұлттық бірегейлікті жасау үшін қалыптасқан қоғамдық
сананы түбегейлі өзгерту қажет емес. Қазіргі қазақстандықтар бұдан 30, 20, тіпті 10
жыл бұрынғы
отандастары-мыздан ерекшеленеді. Қоршаған ортаны, сол ортадағы өз орнын түсіну өзгерді,
мүмкіндіктер мен мақсаттарды құндылықтар пайда болды, Біз көпұлтты мемлекет пен көпдінді қоғам
ретінде бірігуде үлкен тәжірибе жинадық[6]. Біздің бөлісеріміз бен үйренеріміз көп. Қасым-Жомарт
Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында «модернизация жаңа құндылықтар үшін
өткенімізден бас тарту емес. Шын мәнінде ұлттық мұрамызды адамзаттың
ең жақсы заманауи
жетістіктері арқылы сақтау мен байыту болып табылады» деген еді [7]. Жаңа ұлттық бірегейлдіктің жүйе
құратын өзегі қазақ халқы, бірақ ол оны өзге ұлттармен етене араласа отырып жасайды. Бұл біздің
ерекшелігіміз және нақты артықшы-лығымыз. Ұлттық бірегейліктің айнымас компоненті ана тілі болып
табылады. Тіл-халықтың жаны. Ал халық даналығы кемедегінің жаны бір демей ме?!
Достарыңызбен бөлісу: