ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
19
Материалдар мен әдістемесі. Мақаланы дайындау кезінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіз
жылдарындағы жеткен жетістіктері жазылды. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың,
Президент
Қ.Ж. Тоқаевтың жолдауларында қойылған мақсат-міндеттер назарға алынып, талданды.
Қазақстан жастары сол 30 жылда жеткен жетістіктерден тәлім алып, еліміздің абыройын одан әрі
асқақтатады деп ойлаймын. Қазақстанға білімді, білікті мамандар әлі де болса қажет. Бүгінгі білім алып
жатқан жастар – ертең ел тізгінін ұстайтын қайраткерлер,
саясаткерлер, басшылар. Өскелең ұрпаққа
тәлім, тәрбие беретін педагогтар. Олардың жан-жақты, білімді, білікті болуы бәсекеге қабілетті елдің
болашағы үшін маңызды.
Негізгі бөлім. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның болашақтағы
көп векторлы стратегиясын
анықтаған саяси шешімдер де қабылданған болатын. Оның ішінде ең маңыздысы 1991 жылғы 29
тамыздағы әлемдегі ядролық қару қоры бойынша төртінші орында тұрған Семей ядролық полигонын
жабу туралы Президент жарлығы болатын. Бұл әлемге Қазақстанның бейбітшілікті қалайтын, ядролық
қаруды қолдамайтын қауіпсіз мемлекет екенін паш етті. Қазақстанның бастамасын
қолдаған Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 2009 жылғы 2 желтоқсандағы алпыс төртінші сессиясы бір
ауыздан 64/35 резолюция қабылдап, 29 тамызды ядролық жарылыстарға қарсы халықаралық күрес күні
деп жариялады. Көпұлтты елде азаматтық тұрақтылық пен ұлт аралық келісімді қолдау үшін «Қазақстан
халықтарының Ассамблеясы» құрылды. 12 желтоқсанда Президент жарлығымен Қазақстанда 1986 жылы
17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтар ақталды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толыққанды мүшесіне айналды,
сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ), Шанхай ықпалдастық
ұйымының (ШОС), Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД), Еуразиялық экономикалық одақтың
(ЕАЭС) және басқа да ұйымдардың мүшесі. ЕҚЫҰ Саммитінің үзіліс жасап қайта өтуі – Қазақстанның
аталмыш ұйымға төрағалығының нәтижесі еді. Саммит қорытындысы әлемдік саясатқа «еуразиялық
қауіпсіздік», «Астана рухы» сияқты ұғымдары арқылы қауіпсіздік пен
біріге жұмыс жасаудың жаңа
түсінігін әкелді. Түрлі діни конфессиялардың диалог құрып, бейбітшілікті дәріптеуге шақырды.
1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі саяси және экономикалық
мүддеден шыға отырып, астананы көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл тарихи шешім еді. Қазақстан-
ның жаңа бас қаласының еліміздің қақ төрінен бой көтеруі Тұңғыш Прехиденттің теңдесі жоқ жобасы
болатын. Астана (қазір Нұр-сұлтан) Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы. Нұр-Сұлтан – ұлттық идеяның
жүзеге асуы, соның нақты көрінісі. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанды әлемге танытқан әдемі қала
ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» марапатына ие болды.
Бүгінде Қазақстан 18,8 млн халқы бар көп ұлтты мемлекет. Экономикалық әлеуеті жоғары қарқынды
дамып келе жатқан, «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымын шындыққа айналдыруға ұмтылған, қоғамға есеп
беретін кәсіби мемлекетке айналуды көздейді. Елдегі реформаларға қарамастан,
инфрақұрылымды
дамыту, жерлерлі игеру, орталықтар, облыстар мен өңірлердің қуатын арттыру, шикізат экономикасынан
жедел «жасыл», инновациялық экономикаға өту, сауда экономикалық өкілдіктер мен халықаралық жоба-
ларда өз әлеуетін толық ашу сияқты нәрселерді бекіту керек. Қазақстан аумақта көшбасшы позициясын-
да тұр, егер тиімді әрекеттер мен шараларды қабылдай алса, бәсекеге қабілетті экономикасы бар он
мемлекеттің қатарына енуге үлкен мүмкіндігі бар. Тәуелсіз Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму страте-
гиясында көрсетілген жеті басымдықты іске асыруға күш салып жатыр. Олар: ұлттық қауіпсіздік, саяси
тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, Қазақстанның
әр азаматының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты,
энергетика қорлары, инфрақұрылым, оның ішінде байланыс пен көлік, кәсіби мемлекет. Елбасы 2030
жылы ұрпағымыз әлемдік оқиғалардан тысқары қалмайтын, жан-жақсы дамыған елде өмір сүреді. Олар
өмір сүретін Қазақтсан Қытай, Ресей және Мұсылман әлемінің мәдениеті мен экономикасын байланыс-
тыратын буын болады деген болатын. Осы идея қазақ елін нақты мақсаттар қойып, соларға жетуге көмек-
тесіп келеді. Қазір біз тәуелсіздік пен еркін өмірдің маңызы мен алғашқы
нәтижелерін айқын сезіне
аламыз.
Экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі – агро өнеркәсіптік кешен. Осы саланың
бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек. Бәсекеге қабілеттілік мәселесін шешу мақсатында түрлі шаралар
қабылданып жатыр, агроөнеркісіптік кешенді тұрақты дамыту тұжырымдамасы іске асырылып, ауыл
шаруашылық саласына мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Қабылданып жатырған шаралардың
ішіндегі ең маңыздысы – халықты азық-түлікпен
толық қамту, аграрлық саланы экспортқа бағдарлау.
Елбасының 2011 жылғы Жолдауында «біз әр кезде еліміз үшін екі мәселені шешетін боламыз, біріншісі -
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – экспортты әртараптандыру» [1, 4], - деп атап өткен еді.
Осыны жүзеге асыру үшін Үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін күш салатын болады. Бұдан он