Негізгі бөлім. XVIII-XIX ғасырлардың шеңберінде Хиуа жерінде қазақтардың көптеп
қоныстанғанына көз жеткіземіз. Ал, тарихшы И.Фальктің дерегіне сүйенсек, қазақтардың сонау ерте
кезден-ақ Хиуада өңірін мекен еткенін байқаймыз. Ол бұл турасында өз еңбегінде былай дейді: «Хиуа ең
алғаш бөтен ұлыстан, яғни, қазақтан болған сұлтан Бөрі хан (Абылай ханның күйеу баласы), ал
сұлтанның ұлы Батыр Хиуаның ханы бола алған жоқ» [4].
Талқылау. Жоғарыдағы тарихи деректі толықтырып, әрі растай түсетін дәлел-дәйекті
У.Шәлекеновтің еңбегінен табуға болады. Ол 1827 жылы табынның шөмішті руының көсемі болған Асау
Барақовтың Хиуа хандығының қол астына қарағандығын, әрі Хиуа ханы жер беріп марапаттағанын
келтіреді [5]. Бұдан бөлек, аталмыш өңірде қазақтардың тұрғандығын мұрағат құжаттары да растай
түседі. XVIII-XIX ғасырлардағы әр түрлі тарихи-саяси жағдайларға байланысты қазақтардың біршамасы
Қоқан, Әндіжан, Бұқараға да ауа көшкенін нақтылайтын деректерді көптеп кездестіруге болады. Соның
бірін Б.Бекетовтің зерттеулерінен көреміз, ал Қарақалпақстанға қоныстанған қазақтарды XVIII ғасырға
жатқызып, яғни, қарақалпақ пен қазақтардың Хорезмге көшуінің басты себебін жоңғар
шапқыншылығымен байланыстырады. Өйткені, 1723-1727 жылдардың аралығында жоңғарлар Ташкент
аумағын ойсырата талқандап, жергілікті халықты бостырып жіберген болатын.
Сонымен қатар Хорезм қазақтары мен қарақалпақтарының 1920-1924 жылдардың аралығында шөл
дала (Мырзашөл) ауданына еңбек миграциясымен барып, олар Хорезм облысының солтүстік батысына,
ал Қызылқұм қазақтары Қаракөл және Бұқара оазистеріндегі далалы аудандарға дейін жылжығанын
айтуға болады. Қазақтардың осы бір аудандарға ауа көшуінің негізгі екі себебін көреміз. Біріншісі –
жайылымдық жерлердің тарылуына байланысты жаңа шұрайлы жерлерге қоныстану, екіншісі - өндіріс
орындарына жалдамалы жұмысшылардың көптеп келуі.
Жерге байланысты қазақтардың қысым көруі аз болған жоқ. Оны ертедегі жаугершілік замандардың
өзінде бір мемлекеттің орнына бір мемлекетті ығыстырып, екінші бір мемлекеттің үстемдік құруы
жергілікті халықтардың жерге деген тапшылығын айқын сезіндірді. Әсіресе, патша өкіметінің қазақ
даласын отарлауына байланысты бұл үдеріс жедел жүріп отырды. Қазақ жерлерін бос жатқан аймаққа
теліп, ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қоныстандыру саясатын мықтап жүзеге асырды. Ал, ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына қарай қазақ жерлерін иемденгені соншалықты, оны жалға да
берді. Мәселен, 1922 жылы Мырзашөл уезіне қарасты Іріжар болысындағы Шөл – дала каналының оң
жағындағы көлемі 57-67 шақырым келетін сол жақ тармағы 15 жыл мерзімге Грузияға жалға беріледі.
Әйтсе де, қазақтар осы іспетті барлық зорлық-зомбылыққа дер кезінде қарсылық білдіріп, атажұртын
қорғауға тырысып баққан.
Расында да, қазіргі Өзбекстан аумағында тұрақтап қалған қандастардың өзінің байырғы
атажұртында қоныс тепкеніне еш күмән келтірмеуіміз керек. Әр жылдары жүргізілген халық санақтары
да бұл пікіріміздің дұрыстығын айғақтап отыр. Айталық, 1868 жылғы орыстың алғашқы Ұйымдастыру
комитетінің жүргізген есебі бойынша, Ташкент уезінің Тойтөбе, Ангрен, Шыршық өзенінің бойындағы
қазақтардың саны – 144970 болған екен [6]. Алайда, 1870 жылы әлгі жоғарыдағы мәліметтен мүлдем
алшақ жақтан дерек-дәйекті алға тартар болсақ, Ташкент уезінде қаламен қосып есептегенде қазақтардың
саны - 42345-ке, құрамалардың саны - 19446-ға кемігенін байқаймыз. Біздіңше, небәрі екі жылдың
көлемінде қазақтардың үлес салмағының тым кеміп кетуін түрлі жағдайлардан қарастыруға болатын
сияқты. Яғни, қазақтардың көшпелі өмір салтына орай олардың саны есепке алынбай немесе сол тұстағы
басқа халықтардың құрамына кіріп кеткен деген байламға келеміз.
Ал мына қызық деректі қараңыз, айналдырған екі жылдың ішінде қазақтар күрт кемісе, керісінше
өзбектер 101573 жанға өсіп шыға келген.
1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша қазақтардың саны Жетісу облысында 794815,
Сырдария облысында 952061, Самарқанд облысында 63091, Закаспий облысында 74225 делінеді.
1917 жылғы деректерге сай Ташкент уезіндегі қазақтардың саны 156839, Жызақтағы қазақтар -29069,
Ходженттегі қазақтар - 10318, Әулиеатадағы қазақтар - 195899, Әмудария бөлігіндегі қазақтар - 49362,
Маңқыстаудағы қазақтар - 73089, Хиуа хандығындағы қазақтар – 23000 болыпты.
Ал 1939 жылғы санақ бойынша Өзбекстандағы қазақтар - 305416, (4,8%) құраса, 1989 жылы
қандастардың ресми саны 808227-ге жетіп жығылған. [7]
Бұдан бөлек 2011 жылғы ресми деректерге сүйенсек, Ташкент облысында - 339800, Қарақалпақ-
станда - 306900, Науаи облысында - 49600, Ташкент қаласында - 45900, Жызақ облысында - 31300 адам
санын құрайды. Керісінше, саны жағынан мейлінше аз облыстарға мыналар жатады. Бұқарада - 19700,